• Басты
  • С.Жүсіпов: Барлық өңірде әскерге шақыру жұмысы тоқтатылды
4 Мамыр, 2020 10:45

С.Жүсіпов: Барлық өңірде әскерге шақыру жұмысы тоқтатылды

Барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы азаматтарды  әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов айтты, деп хабарлады  Strategy2050.kz тілшісі.

С.Жүсіпов: Барлық өңірде әскерге шақыру жұмысы тоқтатылды

Сәкен Жүсіповтың айтуынша, азаматтарды әскерге шақыру мерзімі тамызға дейін ұзарту  көзделіп отыр.

"Барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы тоқтатылды. Осыған байланысты  Мемлекет басшысы "Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімдерін екі мың жиырмасыншы жылғы маусымнан тамызға ауыстыру туралы" жарлыққа қол қойды. Жарлықта азаматтарды әскерге шақырудың бұдан бұрын бекітілген мерзімін ағымдағы жылғы маусымнан тамызға дейін ұзарту көзделеді", - деді ол.

Сонымен қатар оның сөзінше, 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылған.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР заңына сәйкес, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында төтенше жағдай кезінде екі мың он тоғызыншы жылы көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Запасқа шығарылғанға дейін осы әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржымен және медициналық  қамтамасыз ету сақталады. Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі және отыз бірінші тамызға дейін ұзартылады", - деді Сәкен Жүсіпов.



Сонымен қоса, 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді запасқа шығару, төтенше жағдай режимі алынған жағдайда ағымдағы  жылғы отызыншы маусымға дейін жүргізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, әскерге шақыру запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады, елеулі өзгеріс болмайды.

"Елімізде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап Қарулы Күштер әртүрлі міндеттерді белсене атқаруда. Бүгінгі таңда тоғыз мың бес жүз әскери қызметші патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асыруда. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығаруды тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр",- деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы. 

Оның сөзінше, мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынған.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды