• Басты
  • С және Д дәрумендері коронавирус пен ЖРВИ-дің алдын ала ма
18 Қараша, 2020 17:36

С және Д дәрумендері коронавирус пен ЖРВИ-дің алдын ала ма

Бүгін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының доценті Ақкүміс Берікқызы Салханова вирустан дәрумен арқылы сақтану туралы айтты. «С» витаминінің ЖРВИ мен COVID-19-дың алдын-алатыны дәлелденген бе, бұл вирусты өлтіретін күшті оксидант па? «D» дәрумені тыныс алу жүйесіне, ал «В12» дәрумені ішек микрофлорасына пайдалы деген рас па? Тұмау маусымында және коронавирусқа қарсы иммунитетті көтеру, нығайту үшін қандай дәрумен,минерал ішу керек? Осы сұрақтардың жауабын Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


С және Д дәрумендері коронавирус пен ЖРВИ-дің алдын ала ма

Дәрігердің айтуынша, иммунитет қаншалықты күшті болса да, ол вирустық аурумен ауырып қалмайтыныңа кепілдік бермейді. Дегенмен, иммунитет – ағзаның ең мықты қорғаушы күші. Иммунитет – бұл қорғаныс күшінің ең күрделі жүйесі. Иммунитетке арнайы клеткалар, лимфа жүйесі жатады. Ағзаны қорғаудың алғашқы линиясы адамның терісі, шашы, шырышты қабықтар, көздің жасы, сілекей – бәрі ағзаны сыртқы зиянды факторлар мен микроағзалардан қорғайды. Жақсы иммунитет сәби кезден қалыптасады. Ол үшін дұрыс тамақтану басты орында. Ағзаға бір ғана элементтің жетіспеушілігі кез келген инфекцияға қарсы тұратын әсерді жоққа шығара алады.

Мәселен, С дәрумені туралы айтар болсақ, ол нутриенттердің санына жататын, ағзаның иммунды жауабын жасайтын ең қажетті дәрумен.

С дәруменінің пайдасы:

- Иммунитетті күшейтеді;

- Антидене қалыптастырады, гранулоцит және макрофаагтардың фагоцитарлы және бактериалды белсенділігін қалыптастырады;

- Антиоксидантты жүйенің бір бөлігі. Клеткаларды темекі түтіні, қоршаған ортаның ластануы, күннің ультракүлгін сәуелесінен болатын зиянды тәуелсіз радикалдардан сақтайды.

- Коллаген синтезін түзейді, демек, сүйек, тырнақ, тері нығайып, жаралардың шығуына жол бермейді.

- Қантамырларының созылмалы қабықшасын қамтамасыз етеді.

С дәрумені ағзаға жетіспесесе, қызыл иектің ауруы деп біледі, қызылиектің қанағыштығы мен тістердің түсуі пайда болады. Бұлшықеттер әлсіреп, сәл соққы алса көгеріп қалады. С дәруменін алмаған адамда әлсіздік, тез шаршағыштық, балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуы, ұйқышылдық болады. Адам ағзасы С дәруменін жасамайтын болғандықтан, оның қоры аз. К.нделікті өмірде адам ағзасы оны көп жұмсайды, сондықтан организмге тамақпен бірге, немесе дайын С витаминін қабылдау арқылы ұдайы түсіп тұруы тиіс. Сау организмнің С витаминіне тәуліктік қажеттілігі 100 мг, алайда бұл мөлшерді көптеген ауруларда арттыру қажет болады. С витамині көкөністерде, жеміс-жидектерде, қырыққабатта, көк пиязда, қызанақта, сарымсақта, құлпынай, ананас, апельсин, брокколи, киви, жасыл бұрыш, қымызда көп болады. С витамині жоғары температураның, жарықтың әсеріне тұрақсыз.

Ағзада С дәрумені артық болса да жүрек айну, лоқсуға әкеледі. Оны шамадан тыс қолданған кезде ішек жолдары зардап шегеді. Ересектер күніне 2000 мг, ал жеткіншектер 1800 мг С дәруменін қабылдаса жеткілікті.

 Д дәрумені тіс, сүйек және бұлшықеттерді қатайтады. Оның жетіспеушілігінен балалар арасында рахит ауруы болады. Рахит ауруында балалардың сүйегі қисайып, дұрыс өспейді. Ал ересектерде Д дәрумені жетіспесе, сүйектерінің қисаюына алып келеді. Мұны ересектердің рахиті деп атайды. Кейбір ғылыми дәлелденген деректерде Д дәрумені иммунитеттің реттелуін түзейді деп жазған. Д дәрумені жетіспеушілігінен маусымдық күйзеліс болады. Д дәрумені деңгейін толықтырудың ең жақсы тәсілі күн сәулесі астында жүру, бірақ көптеген адамдар осы дәруменнің жасанды түрін ағзадағы жетіспеушілігін толтыру үшін қажет етеді.

Д дәруменін қабылдау нормасы:

- 1 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 10 мкг Д дәруменін қабылдау керек;

- 1-10 жас аралығындағы балалар – тәулігіне 50 мкг;

- Ересектер – тәулігіне 100 мкг.

Д дәрумені майлы балықта, жұмыртқада, мал етінде болады.

Бірнеше дәрумендерді қатар қабылдаған кезде олардың бір-бірімен сәйкестігіне назар аудару керек. Темір мен Е дәруменін, В9 бен цинк, бета каротин мен В2 дәруменін бірге қабылдауда абай болу керек. Темір мен С дәрумені, Кальций мен Д дәрумені бірге қабылданса, пайдасы молрақ болмақ.

Иммунитетті күшейтіп, вирустық аурулардың алдын алу үшін фолий қышқылы, мырыш, селен, темір, мыс, А, В6, С және Е витаминдерін қабылдау керек. Оларды жемістер мен көкөністер құрамынан лауға болады.

Барлық жаңалықтар
89.42.206.125, 192.168.88.100