- Басты
- С.Сәпиев: Токиода өтетін олимпиадаға 14 спорт түрінен 25 лицензия бар
С.Сәпиев: Токиода өтетін олимпиадаға 14 спорт түрінен 25 лицензия бар
Қазіргі таңда 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиадаға қазақстандық спортшылардың қоржынында 14 спорт түрінен 25 лицензия бар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында спорт кешендерін қайта құру және салу, сонымен қатар спортшылардың әлемдік жарыстарға дайындығы жайлы өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындығы мен қатысуын қамтамасыз ету үшін біршама жұмыстар жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін лицензияларды жеңіп алу мақсатында Ұлттық құрама 28 лицензиялық әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына және 12 әлемдік іріктеу турниріне қатысады. Ал 2020 жылы 3 әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдік іріктеу турниріне қатысу жоспарланған. Бүгінгі таңда қазақстандық спортшылардың қоржынында 14 спорт түрінен 25 лицензия бар", - деді ол.
Сонымен қатар ол өткен айдың 25-де Мәдениет және спорт министрлігімен 100 спорттық сауықтыру кешенінің жобасы бекітілгенін атап өтті.
"Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 38 мыңнан астам спорттық нысан бар, оның 27 мыңнан астамы білім мекемелеріне қарайды және 11 мыңнан астам спорттық нысан дене шынықтыру объектісіне жатады. Өткен айдың 25-де Мәдениет және спорт министрлігімен 100 спорттық сауықтыру кешенінің жобасы бекітілді. Сондай-ақ айта кету керек, Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті атқаруышы органдар, Денсаулық министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында бірігіп жұмыс істеуге, мәдени және спорттық нысандарды шаралар өткізуге пайдалану үшін меморандумға қол қойылды", - деді Сәпиев.
Бұдан бөлек комитет төрағасы спорт саласында алдағы жалдары жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып өтті.
ҚР Тұңғыш президентімен енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2019 жылы 13 дене шынықтыру және сауықтыру кешенін, ал 2020 жылы 32, 2021 жылы 55 дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 7 сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 6 сауықтыру кешенінің құрылысы әлі жүріп жатыр. . Спорт саласын дамыту мақсатында істелініп жатқан жұмыстарға тоқсталсам, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында 30 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп-колледж алынып жатыр. Жоспар бойынша биыл оның құрылысы бітуі тиіс", - деді ол.
Сондай-ақ Серік Сәпиевтің сөзіне сүйенсек, келер жылы "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 сауықтыру кешенін тұрғызу жоспарланған.
Назерке Сүйіндік
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады
-
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады
-
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері
-
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
-
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр
-
Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады

