• Басты
  • С.Омаров: Жеңілдетілген несие беруге және субсидиялауға қосымша 400 млрд теңге бөлінді
17 Наурыз, 2020 09:39

С.Омаров: Жеңілдетілген несие беруге және субсидиялауға қосымша 400 млрд теңге бөлінді

Агроөнеркәсіптік кешен субьектлеріне жеңілдетілген несиелер беруге және субсидиялауға қосымша 400 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz  тілшісі.

С.Омаров: Жеңілдетілген несие беруге және субсидиялауға қосымша 400 млрд теңге бөлінді

Оны сөзінше, қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ауыл шаруашылық тауарларының экспорттық әлеуетін арттыру және ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалған. 

"Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау 16 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Инвестициялық субсидиялау, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау, мал шаруашылығының өнімділігін және өңдеуге тапсырылған шикізаттың құнын арттыруды субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау бағдарламалары жұмыс істейді. Сондай-ақ пестицидтер мен тұқымдарды арзандату бойынша базалық субсидиялар қолданылады", - деді министр.

Сапархан Омаровтың сөзінше, 2020 жылы субсидия көлемі 294 млрд теңгені құрап отыр. 

"Қазагро" даму институттары арқылы жеңілдікпен несие беру жүзеге асырылуда.  Агроөнеркәсіптік кешен субьектлері үшін жеңілдікпен салық режимдері, атап айтқанда заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимі, шаруалар мен фермерлер үшін оңайлатылған бірыңғай жер салығы жұмыс істейді. 2019 жылы өткен жылдардың борыштарын өтеуді есепке алғанда мемлекетті қолдау сомасы шамамен 324 млрд теңгені құрады. 2020 жылы субсидия көлемі 294 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күні жеңілдетілген несиелер беруге және субсидиялауға қосымша 400 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.    

Оның сөзіне сүйенсек, 2025 жылға қарай агроөнеркәсіп кешенін дамыту болжамы есептеліп шығарылды.  Қазір осы бағыт бойынша бірқатар шаралар атқарып жатқанын атап өтті. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
66.249.66.90, 192.168.88.100