• Басты
  • С.Омаров: Биылғы дағдарысқа қарамастан, агроөнеркәсіптік кешен саласында тұрақты жағдай сақталуда
3 Маусым, 2020 19:46

С.Омаров: Биылғы дағдарысқа қарамастан, агроөнеркәсіптік кешен саласында тұрақты жағдай сақталуда

Бүгін елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі  Сапархан Омаров 2019 жылдың қорытындылары туралы баяндап, саланың 2020 жылғы 4 айдағы даму көрсеткіштері туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

С.Омаров: Биылғы дағдарысқа қарамастан, агроөнеркәсіптік кешен саласында тұрақты жағдай сақталуда

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 0,9%-ға артқан.

"Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 0,9%-ға артып, 5,2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 4%-ға артса, өсімдік шаруашылығы бойынша, қолайсыз ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты 1,7%-ға төмендеді. 2019 жылы салаға 501,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 41%-ға жоғары. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 2,4 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 14%-ға көп", - деді министр.


Оның айтуы бойынша, 2019 жылы ауыспалы егісті сақтай отырып, рентабелділігі жоғары дақылдар алаңын ұлғайту мақсатында майлы және бұршақты дақылдар егістері артқан.

"Мысалы зығыр алаңы 18,2%-ға, соя алаңы 10,7%-ға, көкөніс-бақша дақылдары алаңы 4,7%-ға ұлғайтылды. Жүргізілген алаңдарды әртараптандыру нәтижесінде бидай алаңдары монодақыл ретінде 11,3 млн. гектарға қысқартылды", - деді ол.



Сондай-ақ министрдің сөзіне сүйенсек, ауыл шаруашылығы өнімінің түсімділігі мен сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі факторлар өнімділігі жоғары тұқымдарды пайдалана отырып, агротехнологияларды сақтау, минералды тыңайтқыштар енгізу, сонымен қатар машина-трактор паркін жаңарту болып табылады. 

"Министрлік бұл бағытта бірізді жұмыс жасап келеді. Мәселен, 2019 жылы өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 9,5 млрд. теңге бөлінді, бұл егістіктердегі элиталық тұқымдар үлесін 5,9%-дан 6,5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде сапасы төмен тұқымдар үлесі 11,8%-дан 9,2%-ға дейін төмендеді", - деді ол.



Сонымен бірге машина-трактор паркін жаңарту қарқыны 4%-ға дейін артқан.

"Шамамен 12 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, 2018 жылы 9,5 мың бірлік сатып алынған болатын. Техниканың жаңартылуына сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ы субсидияланатыны, кредит пен лизинг бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемелерінің 10%-ға арзандатылатыны, сондай-ақ техника лизингіне бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін инвестициялық субсидияны аванс ретінде алу мүмкіндігі септігін тигізді", - деді ол.



Сонымен бірге министрдің сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. 

"Қазіргі уақытта суармалы жерлердің көлемі 1 млн 546 мың гектарды құрайды, оның ішінде 210,4 мың гектар жер жаңбырлатып және тамшылатып суару сияқты ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялармен қамтылған, олар өнімділікті бірнеше есе арттырады. Заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инфрақұрылым жүргізу мен суару жүйелерін сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі. Бұдан басқа, сыйақы мөлшерлемесі 10%-ға төмендетіледі", - деді министр. 


Оның сөзінше, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы маңызды міндеттің бірі - ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесін арттыру және қосылған құны барынша жоғары өнім өндіру болып табылады.


"Бұл елбасының өңделген өнім экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді. Осы мақсатта өткен жылы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 450 мың тонна өңдеуге арналған жаңа қуаттылықтар пайдалануға берілді. Бұл ретте крахмал, глютен, азықтық өнімдер мен биоэтанол алу үшін бидайды тереңдете өңдеу сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жаңа бағыттары пайда болды. Бұл бағыт біз үшін перспективалы болып табылады, мәселен, өткен жылы 6,4 мың тонна глютен, 16,1 мың тонна бидай крахмалы өндірілді. Өз кезегінде дәстүрлі өңдеудің де өсімі байқалады, атап айтқанда, өсімдік майын өндіру 24,6%-ға, макарон өнімдерін өндіру 4,6%-ға өсті", - деді министр.


ҚазАгро холдингі өткен жылы жалпы сомасы 230,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жылыжай, көкөніс және астық сақтау орындарын салу, қарқынды бақтар отырғызу секілді бағыттар бойынша жаңа өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жобаларын қаржыландырғанын атап өтті. 

"Мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру шеңберінде өсімдік шаруашылығындағы барлық субсидиялар Субсидиялаудың бірыңғай қағидаларына біріктірілді. Өсімдік қорғау құралдарын субсидиялау кеңейтілді. Енді гербицидтер ғана емес, пестицидтерді басқа да түрлері субсидияланады. Қазір отандық селекция ғана емес, шетелдік селекцияның да тұқымдары субсидияланады. Енгізілген басты жаңалықтардың бірі – субсидияларды күнтізбелік жыл шеңберінде емес, тұқым, тыңайтқыш, пестицид сатып алған күннен бастап 12 ай ішінде алуға болатындығы", - деді министр. 


Ол мал шаруашылығы саласында 4% көлеміндегі тұрақты өсім сақталып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеге өскен.

"Кредит беру және қосымша субсидиялау арқылы іске асырылған шаралар өз жемісін берді. Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарлары өсімінде оң серпін байқалып отыр: ірі қара мал мен ұсақ мал 2,7%-ға, жылқы 11,5%-ға, шошқа 2,5%-ға, құс 1,6%-ға артты. 2019 жылы қызыл ет өндіру көлемі 5,8%-ға, құс етін өндіру көлемі 15,8%-ға ұлғайды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында сүт өңдеу 7%-ға, ет өңдеу 8%-ға артты. Бұл ретте сүт зауыттарының жүктемесі 18%-ға, ет комбинаттарының жүктемесі 21,6%-ға ұлғайды", - деді Сапархан Омаров. 


Оның айтуынша, мал шаруашылығын дамытуға ҚазАгро 2019 жылы 156,5 млрд теңге бағыттады. 

"Құны 53 млрд теңге болатын 82 мың бас ірі қара мал әкелу және 12,3 млрд теңгеге 374 мың бас ұсақ мал сатып алу қаржыландырылды. Сондай-ақ құны 19,1 млрд. теңге болатын 16 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Осылайша, бұдан бұрын қаржыландырылған жобаларды ескергенде, 2019 жылы мал шаруашылығында жалпы құны 64,3 млрд теңгеге 54 инвестициялық жоба енгізілді. Ағымдағы жылы 178 мың ірі қара мал басын (ішкі асыл тұқымды емес малды қоса алғанда) және 250 мыңнан астам ұсақ малды сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда, сондай-ақ импорт алмастыру шеңберінде 46 мың тонна сүт және 30 мың тонна құс етін өндіру жобаларын іске асыру көзделген", - деді министр. 


Министрдің сөзінше, министрлік елдің эпизоотиялық және фитосанитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін экспорттық нарықтар ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

"Орталық-облыс-аудан" қағидаты бойынша ветеринариялық бақылау вертикалі заңнамалық деңгейде қалпына келтірілді, бұл бақылауға жататын өнімдер қозғалысын бақылауды күшейтуге және өнімнің «танаптан үстелге дейін» қадағалануын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Өткен жылы Қытаймен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге қойылатын ветеринариялық талаптар, зығыр тұқымына, бидай ұнына, құрамажемге қойылатын фитосанитариялық талаптар келісілді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытай аусыл мен нодулярлы дерматит бойынша қойған шектеулер алып тасталды, бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдері үшін Қытай нарығына қолжетімділік берді", - деді ол. 


Сондай-ақ оның айтуынша, союға арналған тірі ірі қара малды, сиыр етін, ұсақ малдың жанама өнімдерін, тағамдық жұмыртқаны Иранға экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілген.

"Нәтижесінде қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі Қытайға 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне 3,2 есеге, Орталық Азия елдеріне 7,4%-ға, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 8,2%-ға ұлғайды. Жалпы, өткен жылы қазақстандық өнімдер әлемнің 72 еліне экспортталды. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4%-ға ұлғайып, 3,3 млрд. АҚШ долларын құрады", - деді Сапархан Омаров.


Оның сөзінше, 2019 жылы 5,6 млн. гектар пайдаланылмайтын жерлер, оның ішінде шамамен 800 мың гектар егістер, 4,6 млн гектар жайылым анықталған.

"Бұл қағаз есептер негізіндегі дәстүрлі мониторинг пен ақпаратты салыстырып-тексеру барысында анықталды. Аталған жерлер бойынша ден қою шаралары қабылданғаннан кейін бүгінде 1,9 млн гектарды бұрынғы жер пайдаланушылар игере бастады, 1,1 млн гектар жер пайдаланушылардың өз еріктерімен бас тартуы арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды, 2,6 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдіктер процессуалдық сот жұмыстарын жүргізуде", - деді министр. 


Сапархан Омаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылғы 28 қазанда Жер кодексіне Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлеріне цифрлық мониторинг жүргізуге қатысты өзгерістер енгізілген. 

"Ағымдағы жылғы қаңтарда Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ғарыштық мониторингтеу қағидалары қабылданды. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, оның нәтижелері бойынша жалпы алаңы 7,3 млн. гектарды құрайтын жүктелмеген 9061 жайылымдық алқап анықталды. 2020 жылдың 3 айының қорытындылары бойынша мемлекеттік  меншікке 2 млн. гектардан астам жер қайтарылды", - деді ол. 


Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында  Министрлік Жер кодексіне және Кәсіпкерлік кодекске түзетулер әзірлеген.


"Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізуді енгізе отырып, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен қайтару мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға қысқарту, жер учаскелерін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдеріне ұқсас пайдаланылмайтын жерлерді алуға байланысты істерді соттың ерекше тәртіппен қарауы, тексеру субъектілерін ұялы байланыс каналдарымен мәтіндік хабарламалар арқылы хабардар ету рәсімін автоматтандыру секілді мәселелерді қамтиды.", - деді Сапархан Омаров.


Министрдің сөзінше, ағымдағы жылғы қаңтарда министрлік заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеп ол 2020 жылғы наурызда Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мақұлданды. Қазір ол жария талқылану мен келісілу сатысында тұр.

"Коронавирус пандемиясы себебінен орын алған дағдарысқа қарамастан, ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында тұрақты жағдай сақталуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,2%-ға ұлғайды, тамақ өнімдерін өндіру көлемі 2,4%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1%-ға ұлғайып, 98,4 млрд. теңгені, тамақ өн імдерін өндіру көлемі 14,9%-ға өсіп, 20,6 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында жалпы өнім шығару 2,3%-ға өсті. Өндіріс көлемінің өсуі ет өндірісінің 3,6%-ға, сүттің 3,2%-ға өсуімен байланысты болды. Өсімдік шаруашылығында 2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарының уақытында жүргізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, бүгінгі күні егіс жұмыстары аяқталуға жақын қалды", - деді министр.


Бұдан бөлек министр министрліктің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарларымен бөлісті. 

"Коронавирус пандемиясына байланысты ағымдағы жағдай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері басты мәселелердің бірі болғанын көрсетті. Қазір көптеген елдер ішкі нарықты молықтыру мен импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясын қайта қарастыруда. Өйткені карантиндік іс-шаралардың алғашқы күндерінде түрлі елдерде азық-түлік тауарларына деген сұраныс күрт өсті, ал қозғалыстың шектелуі мен блокбекеттер азық-түлік тауарларының кедергісіз қозғалуына белгілі дәрежеде тосқауыл болды", - деді Сапархан Омаров.


Оның сөзінше, ағымдағы жылы қазақстандық ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артқанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылып, 22,5 млн гектарға дейін жеткізілген.

Бұл ретте егіс алаңдарының құрылымында мынадай рентабельділігі жоғары дақылдардың: майлы дақылдардың 122,2 мың гектарға, азықтық дақылдардың 308,6 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдарының 11,5 мың гектарға, сондай-ақ жоғары сұранысқа ие қарақұмықтың 30,9 мың гектарға өсімі қамтамасыз етілді. Бұл жалпы өнім жиналымының дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша 18,5 млн. тоннаға (6,3%), майлы дақылдар бойынша 2,8 млн. тоннаға (12%), азықтық дақылдар бойынша 33 млн. тоннаға (1,5%), көкөніс-бақша дақылдары бойынша 7 млн. тоннаға (4,5%) дейінгі болжамды өсімін қамтамасыз етеді", - деді ол. 


Оның айтуынша, жоғарыда айтылған нәтижеге жету үшін бірқатар шаралар қоға алынған. 

"Тұқымдарды, пестицидтер мен тыңайтқыштарды субсидиялауға 11,4 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Импорт алмастыру шеңберінде бақ отырғызу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жабық топырақ алаңдарын кеңейту жалғастырылады. Суармалы жерлердің көлемі 60 мың гектарға ұлғайтылады. Бұған біз қабылдап жатқан қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялау нормативтерін 1 гектарға 500 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін ұлғайту шаралары ықпал ететін болады. Жоғары репродукциялы тұқым себілетін алқаптардың үлесін арттыру, сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғары көлемде және тұрақты алуға мүмкіндік береді. Жалпы жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемін 3,1 трлн теңгеге, яғни жоспарланған индикаторларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді министр.


Оның айтуынша, биыл мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру мәселесі жолға қойылған.

"Тірідей салмақтағы ет бойынша 1,9 млн. тоннадан 2,1 млн. тоннаға дейін (7%), сүт бойынша 5,8 млн. тоннадан 5,9 млн. тоннаға дейін (2%), жұмыртқа бойынша 5,5 млрд. данадан 5,6 млрд данаға дейін (1,6%) ұлғаятын болады. Бұған мал басын орта есеппен 5%-ға өсіру арқасында қол жеткізіледі. Сонымен қатар 2019 жылы уақтылы қабылданған шаралар өсу серпініне оң әсер етуде, өйткені өндіріс қуаттылықтарын енгізу мен кеңейту бойынша жақсы іс жасалған болатын", - деді ол. 


Оның сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданған.

"Мәселен, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады, бұл импорт үлесін 44%-дан 39%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 114 мың тонна шикі сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлық сүт фермасын салу жоспарланды.  Ірі қара мал және ұсақ мал сатып алуға шағын фермерлік қожалықтар құру мен дамытуды қаржыландыру басталып кетті, яғни, ет кластері үшін шикізат базасын дамытудың іргетасы қаланады. Ет өңдеу секторында жалпы қуаттылығы 45 мың тонна болатын 3 заманауи ет өңдеу комбинаты іске қосылады Субсидиялау және кредит беру тетіктерін жетілдіру есебінен сүт өңдейтін кәсіпорындар мен ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі ұлғайтылатын болады", - деді Сапархан Омаров.


Бұдан бөлек оның сөзінше, 2020 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы міндетті заңнамалық сақтандырудың күші жойылып, орнына агроөнеркәсіптік кешендегі ерікті сақтандыру жүйесі іске қосылды.

 "Ағымдағы жылдың маусымынан бастап Министрлік ерікті сақтандыру бойынша барлық заңға тәуелді актілерді қабылдады. Оператор ретінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры сақтандыру өнімдерін іске қосты, олар бойынша сақтандыру сыйақысының бір бөлігін 50% субсидиялау көзделген. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту үшін, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешеннің басым салалары бойынша қарыздарды кепілдендірудің жаңа құралы әзірленді. Кепілдендіруді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мынадай шарттарда жүзеге асырады. 3 млрд. теңгеге дейінгі кредиттерге 50%-ға дейінгі кепілдік және басым инвестициялық жобалар бойынша жоба пайдалануға енгізілгенге дейін кепілдік 85%-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері стандартты шарттарға дейін төмендетіледі", - деді министр.

 
Сапархан Омаровтың сөзінше, агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа күн тәртібі шеңберінде аталған барлық тәсілдемелерді іске асыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, саланың серпінді және үдемелі дамуын қамтамасыз етеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды