• Басты
  • С.Нұртаза: Қазақстан көп мемлекетпен салыстырғанда ерте қамданды
28 Сәуір, 2020 13:07

С.Нұртаза: Қазақстан көп мемлекетпен салыстырғанда ерте қамданды

27 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты үндеу жариялады. Ол мәлімдемесінде халықтың қауіпсіздігі үшін карантин уақытын 11 мамырға дейін ұзартатынын айтып, дағдарыстан кейінгі кезеңге баса назар аудару керек екенін атап өткен еді. Осы орайда бірқатар сарапшы, саясаттанушылар президент үндеуіне үн қосып, карантинде қолға алынған шаралар жөнінде пікір білдіріп жатыр. Соның бірі Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Самат Нұртазаның айтуынша, Қазақстан көп елмен салыстырғанда ерте қамданды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

С.Нұртаза: Қазақстан көп мемлекетпен салыстырғанда ерте қамданды

Саман Нұтазаның сөзінше, үкіметтің ерте қамданып, нақты іс-шараларды қолға алғанының арқасында көп қиындықты айналып өттік.


"Кеше президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев карантин туралы өз ойымен бөлісті. Жағдай дүниежүзі бойынша оңай емес, барлық мемлекеттің басты проблемасы - азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтап қалу. Негізі Қазақстан көп мемлекетпен салыстырғанда ерте қамданды. Соны айтпасқа болмас. Үкіметтің нақты және шұғыл жұмысының арқасында, Ұлы Далада Италия мен Иранның жағдайы қайталанбады. Жаратушы қазақты сақтады", - дейді саясаттанушы.


Сонымен бірге сарапшы бұрынғы өмір салтына тезірек оралу үшін азаматтарды карантин талаптарын орындап, тәртіпке бағынуға шақырды.

"Президентіміз "егер вирустың екінші толқыны басталмаса, 11 мамырда төтенше жағдай аяқталатынын айтты. Сонымен қатар қалааралық әуе рейстер өз жұмысын бастайтынын да атап өтті. Бұл да жақсылықтың нышаны деп сенейік. Енді 11 мамырда адамша сыртқа шығып, адамша жұмысқа барып, адамша өмір сүру үшін, сақтық шараларды сақтап, тәртіпке бойұсынайық", - деді Самат Нұртаза.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды