• Басты
  • С. Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды
6 Мамыр, 2020 17:01

С. Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
С. Мұсайбеков ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1991 жылы «Алма» Алматы салааралық іскерлік қатынастар интерассоциациясының маркетинг бойынша жетекші маманы болып бастаған. 

1995-1996 жылдары — ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитетінің Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының жан-жақты көмек секторының жетекші маманы, бас маманы.

1996-2000 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының көмекшісі.

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры, «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары — ҚР көлік және комуникациялар вице-министрі. 

2008-2012 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ аппаратының басшысы.

2012-2015 жылдары — Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры.

2015 жылдан 2019 жылға дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып қызмет атқарды. 

2019 жылғы ақпаннан қазіргі таңға дейін ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы лауазымын атқарған. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды