• Басты
  • С.Көшкімбаев: Қазақстан көп елмен салыстырғанда ерте қамданды
11 Мамыр, 2020 15:56

С.Көшкімбаев: Қазақстан көп елмен салыстырғанда ерте қамданды

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында төтенше жағдай режимі тоқтатылатынын хабарлады. Десек те бірқатар шектеу алынбайды, карантин талаптары сақталатынын атап өтті. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Санат Көшкімбаевтың пікірін білген едік. Ол Қазақстанда қолға алынған шараларды бірқатар мемлекетпен салыстыра келе, ел үкіметінің ерте қамданғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

С.Көшкімбаев: Қазақстан көп елмен салыстырғанда ерте қамданды
"Елде төтенше жағдай мен карантин енгізу шаралары коронавирус инфекциясының кең көлемде таралуын азайтты.  Бүгін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің толығымен жойылмағанын, пандемия әлі де халықтың денсаулығына қауіпті екенін атап өтті. Сондықтан карантин шектеулерін толық алып тастау әзірге тиімсіз.  Бұл әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатын болады", - деді сарапшы.


Оның сөзінше, елде коронавирустың бірінші жағдайы теркелгеннен бері қолға алынған шаралар өзінің нәтижесін көрсетіп отыр. Кең көлемде таралып кетпеуіне әсер етті.

"Қазақстанда коронавирус жұқтырған бірінші жағдай тіркелгеннен кейін 3 күннен соң төтенше жағдай жарияланып, карантин шаралары енгізілді. Бұл үлкен қауіптің алдын алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  11 наурызда коронавирусты пандемия деп жариялап, әлемдегі барлық мемелкетті алдын алу шараларын қабылдауға шақырды. Алғашқыда елорда, Алматыда бірқатар шара қолға алынса, кейін аймақтарда да енгізіле бастады. Қолға алынған шаралардың барлығы қазақстандықтардың тарапынан да қолдауға ие болды. Міне, екі айға жуық өткеннен кейін енгізілген шаралардың барлығы тиімді болғанын, инфекцияның таралмауын қамтамасыз еткенін көріп отырмыз", - деді Санат Көшкімбаев.


Сарапшы Қазақстанды басқа елдермен салыстыра келе, бізбен халық саны шамалас Бельгия мен Голландиядағы жағдайға ерекше тоқталып өтті.

"Басқа елдердің қолға алған шараларымен салыстырып көру керек. Көптеген Қазақстан сияқты елдерде, мәселен, халық саны жағынан шамалас мемлекеттердегі жағдайды алайық. Олардың бірқатары біраз уақыт өткеннен кейін ғана шараларды қолға алды. Мысалы, Голландияда 17 млн-нан астам тұрғын бар, соңғы мәліметтерге сәйкес, онда 42 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтарса, 5300-ден астам қайтыс болды. Сондай-ақ Бельгия мемлекеті, 11 мамырдағы ақпарат бойынша, 53 мың адам аталмыш індетке шалдықса, 13 мыңнан астам адам көз жұмған", - деді институт директорының орынбасары.


Сондықтан сарапшының сөзінше, бүгінгі төтенше жағдай режимінің аяқталуы карантин шаралары алынып тасталды дегенді білдірмейді. Болашақта да карантин талаптары қатаң түрде сақталуы керек. 

"Мәселен, арақашықтықты сақтау, жұмыс орындарын дезинфекциялау, бетперде киіп жүру, себепсіз үйден шықпау. Тек карантин талаптарын қадағалау арқылы ғана таралмаудың алдын аламыз. Мәселен, Оңтүстік Корея, Қытай секілді мемлекеттерде карантин талаптарының қатаң сақталуының арқасында жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны аз болып отыр. Әзірге карантиннен басқа алдын алу шарасы жоқ. Сондықтан отандастарымыз да осыны түсінуі керек", - деп түйіндеді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды