• Басты
  • С.Көпбаев: Митинг жайлы жаңа заң жобасы - демократияға бет бұрудың алғышарты
14 Мамыр, 2020 16:46

С.Көпбаев: Митинг жайлы жаңа заң жобасы - демократияға бет бұрудың алғышарты

14 мамыр күні жалпы отырыста сенат депутаттары "Бейбіт митингті ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын қайта қарап, ұсынылған толықтырулар мен түзетулерді қарастырып, енгізу үшін мәжіліске қайтарып берді. Осы орайда "Инфинити" даму орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Көпбаевтың жаңа құжатқа қатысты пікірін білген едік. Оның пікірінше, "Бейбіт митинг өткізу" туралы жаңа заң жобасы - демократияға бет бұрудың алғышарты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

С.Көпбаев: Митинг жайлы жаңа заң жобасы - демократияға бет бұрудың алғышарты

Қоғамдық бірлестік төрағасының пікірінше, "Бейбіт шерулер өткізу" туралы жаңа заң жобасы қазақстандық заң шығару саласына да, құқықтық жүйеге үлкен серпіліс берді. 

"Бейбіт митингілер өткізу" туралы жаңа құжат біздің заң шығару саласына да, құқықтық жүйемізге үлкен серпіліс берді. Егер қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылғы заңды алып қарайтын болсақ, оның аясы өте тар. Екі заңнаманы салыстырар болсақ, арасы жер мен көктей. Бұл да демократияға, азаматтық қоғамға талпынудың бір белгісі деп білем. Бұған дейін бұл заңның құқықтық реттеушісі мәслихаттар болғандықтан, олардың талаптары да әртүрлі болды. Қазақстанның өңірлеріндегі мәслихаттар өзінің ережелерін енгізіп,  талаптарын қойып отырды, яғни жалпыға ортақ ереже болған жоқ", - деді ол


Бірлестік төрағасының пікірінше, қазіргі жаңа заң жобасы өте нақты, жүйелі түрде жазылған. 

"Оның бірінші ерекшелігі - аталмыш заңға концептуалды аппарат енгізілген. Бұл "бейбіт жиналыс", "митинг", "пикет", "демонстрация", "шеру" секілді негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және оларды өзара ажыратуға мүмкіндік беріп отыр. Яғни, бұған дейін бұл ұғымдардың нақты не мағына беретіні жөнінде айтылмайтын. Ал жаңа заң жобасында әрқайсысына түсініктеме берілген", - деді Серік Көпбаев.


Сондай-ақ сарапшы осыған дейін митинг өткізуге рұқсат сұрау мәселесі көп сынға ұшырап, талқыға салынғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұдан былай жаңа құжат боынша, азаматтар ескертіп-ақ бейбіт шеру ұйымдастыра алады.

"Жаңа заң жобасының тағы бір жетістігі десек болады, бұл әкімдіктерден рұқсат сұрамай, тек пикеттің өтеніні жөнінде ескерту. Бұл оппоненттердің, халықтың және түрі шағын топтардың да талаптарының бірі болатын. Мәселен, ескі заң бойынша, бірнеше құжат толтырып, митингтің міндетін, мақсатын айтып түсіндіру керек болса, оның үстіне ұзақ уақыт күту қажет болса, жаңа заңға сәйкес бейбіт жиын өтетін күнді ескертумен шектеледі. Бұдан былай ұйымдастырушылар тек митинг өтетін жерді, өтетін уақытын ескертіп қана ұйымдастыра алады", - деді бірлестік төрағасы.


Сонымен айта кету керек, оның сөзінше, жаңа заңда ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқығы мен міндеттері нақты жазылған.

"Қазіргі қолданыстағы заң жобасында  мұндай нақты түсінік болған жоқ. Ал жаңа заңда ұйымдастырушыға не митингке шыққан азаматтарға рұқсат етілген нәрселердің тізімі бар. Сонымен қоса мемлекеттік органдардың құзіреттілігін қалыптастыру. Бұрын өңірлердегі мәслихаттар қадағаласа, қазір жергілікті жердегі әкімшіліктерге бейбіт жиын өтетін орны, уақыты жөнінде ескертулер беріледі", - деп атап өтті ол. 


Бұдан бөлек Серік Көпбаев митинг кезіндегі құқық қорғау органдарының қызметіне тоқталып өтті.

"Сонымен қатар құқық қорғау органдарының да қызметі нақты жазылған. Онда олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің де өкілеттілігі нақты көрсетілген. Бейбіт жиналыстарды өткізетін арнайы орындар да қарастырылған. Бұдан былай халық та нақты белгіленген орын бар екенін біліп жүреді. Сондай-ақ жаңа заңнамада қандай жағдайда бейбіт митинг өткізуге рұқсат етлімейтіні туралы жазылған арнайы тізім бар", - деді сарапшы


Сонымен қоса ол бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлау, ескерту мерзімі де қысқарғанын айтып өтті. Оның сөзінше, жаңа құжат азаматтардың осыған дейін айтып келген талап-тілектерін ескерген.

"Жиналысты, митингті немесе пикетті өткізу туралы ескерту енді 15 күн емес, 5 күн бұрын айтылса жеткілікті, ал оны қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен 7 жұмыс күніне дейін азайтылды. Сондай ақ митингке қатысатын азаматтардың саны жөнінде бірқатар мәселе болды. Мәселен, 250 адам ғана пикетке қатыса алады дегендей. Алайда қазіргі таңда оның бәрін алып тастады", - деді Серік Көпбаев


Бұдан бөлек сарапшы ел президентінің ұстанған саясатына тоқталып өтті. Оның пікірінше, мемлекет басшысының "Еститің мемлекет құру" идеясы да демократияға бет бұрудың алғышарттарының бірі. 

"Мұндай өзгерістер ел президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқандығын атап өткен жөн. Жалпы, бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды демократияландыру бағытында көптеген жұмыстар істеп жатыр. Мәселен, "Еститін мемлекет құру" идеясы да  осының алғышарттарының бірі деуге болады. Қазір мемлекеттік органдар да, әкімшіліктер де халықтың үніне құлақ асып, тұрғындармен диалог орнатып, бірге жұмыс істеуге дағдылануда. Мысалы, әлеуметтік желілерді айтуға болады. Қазір кез-келген әлеуметтік қолданушы өз ойын еркін айта алады", - деді қоғамдық бірлестіктің төрағасы.


Оның пікрінше, аталмыш заңа жобасы халық тарапынан қолдауға ие болады, себебі бұрынғы заңмен салыстырғанда көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізілген.

"Десек те, қоғам тарапынан сын да аз емес. Алайда, сынның қай қоғамда да, қай кезде болатынын естен шығармау керек. Қазақстан - жас мемлекет. Бәрі бірден бола қалмайтыны анық. Біздің жас мемлекетіміз де бірте-бірте демократияға бет бұрып, қазіргіден де жақсы қоғам қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Ал "Бейбіт митинг туралы" жаңа заң жобасы соның алғышарттарының бірі деп білем. Аталмыш заңның көпшілік тарапынан қолдау табатынына сенемін", - түйіндеді Серік Көпбаев.

Сұхбатыңызға рахмет!

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды