• Басты
  • «СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар

«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар

4 Маусым, 2021 13:40

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев мекеменің 2021 жылдың басынан бергі атқарған қызметі жөнінде баян етті. Сонымен бірге, еліміздің медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және өңірлерге коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды жеткізу мәселелері туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Бірыңғай дистрибьютордың қызметі

Басқарма басшысының мәліметінше, ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2021 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 439 атауы сатып алынады. Оның ішінде Бірыңғай дистрибьютор тізіміндегі барлық позициялар стационарлық көмекке арналған.

Бірыңғай дистрибьютордың негізгі қызметтері:

• Дәрілік заттарды сатып алу бойынша ашық тендерлерді ұйымдастыру

• Мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарын жеткізу процесін ұйымдастыру

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютор 2 миллионнан астам қазақстандықты тегін дәрі-дәрмекпен қамту үшін 662 тауар сатып алынады. Еске алайық, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесі енгізілгелі бері сақтандырылған халықтың 700 мыңға жуығы амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілуіне қол жеткізілген еді.

Ерхат Есқалиевтің дерегінше, 2019 жылы Бірыңғай дистрибьютор АДҚ шеңберінде 45 нозология бойынша дәрі-дәрмектер сатып алған. Бұл 114 млрд теңгеден астам соманы құраған. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС шеңберінде 27,2 млрд теңге сомасына 105 нозология және ТМККК шеңберінде 130,3 млрд теңге сомасына 32 нозология енгізілді.

Осылайша, ТМККК мен МӘМС шеңберінде нозологияларды қамту 3 есеге 45-тен 137 нозологияға дейін кеңейтілген.

Сонымен қоса, басқарма төрағасы Бірыңғай дистрибьютордың коронавирус инфекциямен күресте жүргізген жұмыстарына тоқталып өтті. Оның мәліметінше, дәрілерді сақтайтын қоймаларда 2 айға жететін қор бар.

Денсаулық сақтау министрлігі 6,4 млрдтеңгеге COVID-19-ды емдеуге арналған аса қажетті 38 дәрілік заттарды мақұлдаған. Бұл дәрі-дәрмек көлемі айына 60 мың науқасты емдеуге мүмкіндік береді.

«Өткен жылдан бастап еліміздің медициналық ұйымдарына КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтілуде, бұл 91 позиция. Осы атаулар бойынша қалдық жыл басында 9,1 млрд. теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап ауруханаларға 8,7 млрд. теңге сомасына дәрі-дәрмектер жөнелтілді», - деді Ерхат Есқалиев.
Сонымен қоса, ол АДҚ-дағы дәрі-дәрмек көлемі 5 атауға артқанын атап өтті. Атап айтқанда, қызуды түсіретін дәрі-дәрмектер парацетамол және ибупрофен, антикоагулянттар ривароксабан, апиксабан және дабигатран. 2021 жылдың басынан бері 2 млрд теңгеге бұл дәрі-дәрмектер республиканың емханаларына жөнелтілді.

Басқарма басшысының мәліметінше, әкімдіктердің өтінімдері бойынша тапшылық туындаған жағдайда бөлшек сауда желісіне араласу үшін 1,8 млрд теңге сомасына 26 атау бойынша 2 айлық қор қалыптастырылған. 10 млн маска сатып алынды. Маскалар, сонымен қатар өңірлерде шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда дәріханаларда бөлшек саудада сатуға арналған.

Сонымен бірге, Ерхат Есқалиев жеке қорғаныш құралдарының да қоры құрылғанын атап өтті. Оның қатарында Бірыңғай дистрибьютордың хабында сақталатын бір реттік 200 мың костюм бар. Жеке қорғаныс құралдары мен КВИ дәрі-дәрмектеріне қажеттілік аурудың өршуіне байланысты, сондықтан қор Бірыңғай дистрибюторда хабтарында құрылған.

Бұдан бөлек, халықты вакциналау үшін шприцтердің де қоры құрылған.  Бірыңғай дистрибьютор 19,8 миллион шприц сатып алған, оның 11,4 миллионы Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жөнелтілген.

«Бірыңғай дистрибьютордың негізгі міндеті - дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне тез және нақты жауап бере алатын, кез-келген төтенше жағдайларға икемді бола алатын және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне назар аудару арқылы жұмысты ұйымдастыру», - деді ол.
Жоспарлаудың жаңа моделі

Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу шеңберінде дәрі-дәрмектерді жоспарлаудың қолданыстағы моделіне қатысты жүйеде бірқатар проблема бар.  Кейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеудің себептері қатарында медициналық ұйымдардың дұрыс жоспарламауы, денсаулық сақтау басқармаларының, міндетті медициналық сақтандыру қорының қатысуымен өтініштерді жинау мен келісудің көп сатылы процестері бар.

«Осыған байланысты Бірыңғай дистрибьюторлық жұмысты жандандыру шеңберінде жоспарлаудың жаңа моделі ұсынылды. Жаңа модель Диспансерлік науқастардың электронды тіркелімі  (ДНЭТ) мен МАЖ-дың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде автоматты режимде сұранысты қалыптастыруға мүмкіндік бермек», - деді Ерхат Есқалиев.
Жоспарлаудың жаңа моделін жүзеге асыру үшін бірқатар құрал ұсынылған:

1. Науқастарды емдеудің дербес режиміне сәйкес ДНЭТ мен МАЖ деректерінде тіркелген пациенттер санын ескере отырып, қажеттілікті есептеу әдістемесін енгізу.

«Қазіргі уақытта республикада пилоттық жоба жүзеге асырылуда, оның нәтижелері бойынша нормативтік құжатты уәкілетті орган бекітеді, - деді басқарма басшысы.

2. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында сатып алынатын дәрілік заттар санының 25% -на дейінгі мөлшерде азайтылмайтын қор қалыптастыру

3. Есептеу әдістемесі бойынша ДНЭТ мен МАЖ арқылы сұранысты есептеуді автоматтандыру

4. Медициналық ұйымдардың тұтынуын талдау және «СК-Фармация» қоймаларындағы және елдің медициналық ұйымдарындағы қалдықтардың мониторингі негізінде дәрі-дәрмектердің қосымша көлемін сатып алу

5. Халықаралық ұйымдар арқылы Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кірмейтін дәрілерді сатып алу тәртібін бекіту (мысалы, ЮНИСЕФ)

Осылайша, оның айтуынша, Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және қайта жүктеу бағдарламасын жетілдіру мақсатында ұсынған шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру мақсатында әзірленген дәрілік заттарды сатып алу ережелері жобасы негізінде жасалған.

2021 жылы 18 мамырда Үкімет бұл жобаны қарастырған. Ережелер жоспарлау, сатып алуды жетілдіру, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау мен дамыту тұрғысынан үлкен өзгерістерді көздейді.

Осылайша, сатып алу бөлігі мыналарды қарастырады:

1.    электронды сатып алуға көшу.

«2020 жылдан бастап аукционды өткізу бөлігінде электрондық сатып алу элементтері енгізілгенін атап өтеміз. 2021 жылдан бастап логистикалық қызметтерді сатып алу қағаздан электронды форматқа көшірілді. 2022 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу толық электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етеді, тендерлік рәсімдердің мерзімдерін қысқартады, адами факторлардың қатысуын азайтады, өйткені барлық сатып алу процедуралары автоматты түрде өтеді», - деді Ерхат Есқалиев.

2. Орфан ауруларына қарсы дәрілерді Бірыңғай дистрибьютордың халықаралық фармацевтикалық ұйымдар арқылы сатып алу мүмкіндігі, бұл орфан аурулары науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті кеңейтеді.

3. Әлеуетті жеткізушілер ұсынатын құжаттар тізімінің қысқаруы. Бұл шара рәсімдерді жеңілдетуге және қажетті құжат санын азайтуға мүмкіндік береді.

4. жеке лот бойынша жеткізілім шартын жасау.

5. Бірыңғай дистрибьютордың веб-порталда жеткізілім шарттарын жасасуы, бұл тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

6. пациенттердің назарын аудару шеңберінде фирмалық атаумен сатып алу.

7. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жергілікті өндірушілерді заманауи қайта жарақтандыру.

8. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларындағы минималды қалдықтың көлемі 10% -дан 25% -ға дейін екенін қайта қарау.

КВИ-ға қарсы 4,4 млн доза вакцина өңірлерге жеткізілді

Мемлекет басшысының 1 ақпандағы жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы COVID-19-ға қарсы вакциналар сатып алғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда, аймақтарда вакцинаның 4 түрі халыққа ұсынылған:

- Гам-Ковид-Вак (Sputnik V) 10 миллион 280 мың дозасы сатып алынған. Оның I компонентінің 1,9 миллион дозасы аймақтарға жеткізілген. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап II компоненттің 1,4 млн дозасы жеткізіледі. 10 маусымға дейін I компоненттің 1 миллион 200 дозасын және II компоненттің 525 мың дозасы жеткізілетін болады.

 - QazCovid-in (QazVac), 2 миллион дозасы сатып алынған. Аймақтарға жеткізілді 100 мың доза жеткізілген. Келесі жеткізілімдер маусым айының соңына дейін жоспарланған.

- Hayat-Vax сатып алынып, аймақтарға 1 миллион доза мөлшерінде жөнелтілді;

- өндірушісі Sinovac Biotech болып табылатын Coronavac компаниясынан 500000 доза вакцина сатып алды (250 мың тұрғынды қамту), 12 маусымнан кейін аймақтарға жеткізіледі.

Осылайша, оның дерегінше, бүгінгі таңда аймақтарға 4 миллион 400 доза COVID-19 вакцинасы жеткізілген.

Оның айтуынша, вакциналарды аймақтар бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бірыңғай дистрибьютордың қоймалары мен логистикалық процестердің жұмысын ұйымдастырған кезде фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы бірінші кезекте тұратынын атап өтті. Бірыңғай дистрибьютор алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – «суық тізбектің» сақталуын бақылау.

«Вакциналар, оның ішінде COVID-19 вакциналарын алған кезде суық тізбектің сақталуын бақылауға ерекше назар аударылады. Егер суық тізбектің кем дегенде бір кезеңі бұзылса, вакцина қолданылмайды, оны жою керек. Шаралар қозғалыстың барлық кезеңдерінде қолданылуы тиіс: оларды фармацевтикалық зауытта өндіруден бастап, вакцинаны белгілі бір науқасқа жеткізгенге дейін», - деді басқарма басшысы.
COVID-19-қа қарсы вакциналау науқаны басталмас бұрын, 2020 жылдың соңында Бірыңғай дистрибьютор аймақтармен бірге «суық тізбектің» дайындығына аудит жүргізді. Нәтижесінде қосымша жабдық контейнерлермен, тоңазытқыш жабдықтарымен толықтырылған.

Сонымен қатар, мекеме шығарылған әр вакциналар сериясы нарыққа тиімді және қауіпсіз вакциналардың ғана шығарылуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Сапаны қатаң бақылаудан өткізгеннен кейін вакцина бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізіледі, сол жерден ол Қазақстан аймақтарына таратылады.

«Вакциналардың айналымын мемлекеттік бақылаудың кешенді және көп сатылы жүйесі Қазақстан халқын қауіпсіз, тиімді және сапалы вакциналармен қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деді Ерхат Есқалиев.
Соңында Ерхат Есқалиев Бiрыңғай дистрибьютордың керi байланыс құралдары туралы айтып бердi. «СҚ-Фармация» қызметi туралы халықты ақпараттандырудың барлық қолданыстағы арналары толық көлемде пайдаланылады және өзектi және шынайы ақпаратты бередi. Бұл ресми веб-сайт, әлеуметтiк желiлердегi парақшалар, байланыс орталығы, Төрағаның блогы және әлеуметтiк желiлердегi парақшалар, онда онлайн хабарласып, керi байланыс алуға болады. 
Барлық жаңалықтар