• Басты
  • С.Еңсегенов: Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланады
27 Сәуір, 2020 16:13

С.Еңсегенов: Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланады

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары пысықталып жатқан болатын. Мәжілісте мақұлданған заң жобасын жоғарғы Палатада одан әрі қарауға Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жауапты болып белгіленді, деп хабарлады Strategy2050.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
С.Еңсегенов: Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланады

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В.Волковтың айтуынша, сенаторлар 17 сәуірде заң жобасын әзірлеушілермен бірге жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді. 

Заң жобасына жауапты сенатор С.Еңсегенов "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңының жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибелер мұқият зерделеніп, ескерілгенін атап өтті. Сенатор сондай-ақ бұл заң жобалары Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда бекітілген бейбіт және қарусыз жиналып,  пикетке шығу, жиналыс, митингілер, демонстрация және шеру өткізу кезіндегі туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын жеткізді. 

«Заңда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізудің негізгі қағидаттары белгіленген. Олар біріншіден заңдылық, бейбіт жиналыстарға азаматтардың қатысуының еріктілігі, бейбіт жиналыстар өткізу кезінде күш қолданбау сипатында болуы, бейбіт жиналыстарды өткізу пайдасына презумпциясы және тараптардың жауапкершілігі, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі», - деді С.Еңсегенов. 

Сонымен бірге заң жобасында бейбіт жиналыстар түрлерін өткізуге қатысты ережелер белгіленген. Яғни, пикетке шығу, жиналыс және митингі өткізу үшін жергілікті атқарушы органдардың келісімі қажет етілмейді. Бейбіт нысанда өтетін шаралар бойынша жергілікті атқарушы органдарға хабарлама ғана жолданады. Ал митингі және шеру өткізу үшін жергілікті атқарушы органдарға келісім алу үшін өтініш беріледі. 

Сенатор заң жобасында бейбіт жиналыстарды өткізуге қатысты хабарлама, өтініш беру және оларды қарау мерзімі нақтыланғанын айта келіп, жергілікті өкілді органдар бейбіт жиналыстарды өткізу үшін арнайы орын белгілеуі қажет екенін және ол орындар елді мекендердің шетінде емес, орталықтарында болуы заңда нақты жазылғанын хабарлады. 

С.Еңсегенов "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына қосымша ілеспе заң да дайындалғанын атап өтті. «Ілеспе заң қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Яғни, 3 кодекс пен 8 заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл енгізілетін өзгерістер "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңда көзделген шараларды іске асыруға бағытталған», - деді сенатор.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды