• Басты
  • С.Бармақов: Биыл жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге бөлінді
23 Сәуір, 2020 17:30

С.Бармақов: Биыл жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге бөлінді

2020 жылы жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру мәселесі жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

С.Бармақов: Биыл жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге бөлінді

Комитет төрғасының "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру аяқталғанын атап өтіп, іске асқан жобалармен бөлісті.

"2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру аяқталды. Оның аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіліп, шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды", - деді Сайранбек Бармақов.


Сонымен қатар оның сөзінше, жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделген. 

"Аталмыш шаралар жақсы және орташа жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін  88 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Жақсы және орташа жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 71 пайызға дейін артты. І және ІІ техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 34 пайызға, яғни, 8,2 мың шақырымға дейін ұлғайтылды", - деді комитет төрағасы.


Бұдан бөлек ол 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылғы желтоқсанда Үкімет қаулысымен инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 

"Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау (оның ішінде 3,8 мың шақырым – өтпелі жобалар), республикалық желідегі 11 мың шақырым автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша автомобиль жолдары саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрайды", - деді Сайранбек Бармақов.


Сондай-ақ оның сөзіне сүйенсек, жақсы және орташа жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100 пайызға дейін жеткізілсе, I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 60 пайызға дейін арттырылмақ. 

"Елбасының ел өңірлерін көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігі жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жергілікті жолдардың 27 мыңнан астам  шақырымын жөндеу жоспарланған. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызын пайызын жақсы және орташа жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді", - деді ол.

 
Комитет төрағасының сөзінше, биыл автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы құрылыс жұмыстарымен қамтылмақ.

"Атап айтсам, "Қарағанды – Балқаш – Қапшағай", "Ақтөбе – Атырау – Астрахань", "Талдықорған – Өскемен", "Қалбатау – Майқапшағай", "Көкшетау – Петропавл – Қорған", "Ұзынағаш – Отар", "Меркі – Бурылбайтал", "Қостанай – Денисовка",  "Үшарал – Достық" жолына құрылыс жұмыстары жүргізіледі", - деп атап өтті.


Сонымен бірге ол жыл соңына дейін автомобиль жолының 2,6 мың шақырымында қозғалысты ашу жоспарланған жолдарды атады.
 

"Қарағанды-Балқаш-Қапшағай", "Қарағанды – Балқаш", "Балқаш – Күрті", "Ақтөбе-Атырау-Астрахань", "Атырау – Астрахань", "Қандыағаш – Мақат", "Талдықорған-Өскемен",  "Қалбатау-Майқапшағай", "Меркі-Бурылбайтал", "Үшарал – Достық", "Ұзынағаш-Отар", "Көкшетау-Петропавл-Қорған", "Петропавл – Қорған", Көкшетау қаласына кіру жолы, "Қостанай-Денисовка" жолында қозғалыс ашылады", - деді ол. 

 
Оның айтуынша, жобаларды уақытылы іске асыру үшін дайындық  жұмыстары толық көлемде жүргізіліп, техника мен құрылыс материалдары дайындалған. Сонымен қатар ол автомобиль жолдары саласында қолданылатын жол-құрылыс материалдарының барлығы - отандық өндіріс өнімдері екенін атап өтті.

 "Оның қатарына инертті материалдар, битум, цемент, темір-бетон бұйымдары, химиялық қоспалардың (асфальтқа арналған  тұрақтандырғыш қоспалар) азғантай үлесі мен жасанды құрылымдардың жеке элементтерінен (деформациялық тігістер және болат конструкциялар)  басқа металл құрылымдары бар", - деді ол.

 
Оның сөзінше, наурыз айының соңында оңтүстік өңірлерде құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.  Енді ауа-райының қолайлы жағдайы орнағанда жұмыстар солтүстік өңірлерге қарай ауып, сәуір айының соңына дейін жолшылар барлық жобалар аясындағы құрылыс жұмыстарына кірісетінін атап өтті.

"Құрылыс алаңдарының барлығында мамандарды короновирустан қорғауға қажетті шаралар қабылданды. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 2020-2025 жылдар аралығында ЖСҚ әзірленіп, ел шекарасында  36 өткізу бекеті қайта жаңарту жұмыстарынан өткізілетін болады деп жоспарлануда. Аталмыш шараларды жүзеге асыру аясында шекарадағы бекеттер реконструкциядан өткізіліп, заманауи қондырғылармен жабдықталатын болады. Бұл өз кезегінде шекара бекеттерінің өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ол.


Сонымен қоса ол автомобиль жолдары саласының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – қазақстандықтардың өз үйіне сапалы жолмен жетуін қамтамасыз ету екенін айтып, жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70,9 мың шақырымды құрайтынын атап өтті.
 

"2020 жылы жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге қарастырылған. Оның 4,1 млрд теңгесі облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге, 52,9 млрд теңгесі республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін жөндеу, сонымен бірге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жер телімдерін сатып алу мақсаттарына жұмсалмақ", - деді ол.

 
Оның айтуы бойынша, жыл соңына дейін автомобиль жолдарының 4 мың шақырымын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған.

"Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады. Сондай-ақ жақсы және орташа жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 75 пайызды құрайтын болады.  Жөндеу жұмыстары осындай қарқынмен жүргізілсе, 2025 жылға қарай жергілікті автомобиль жолдары желісінің 27 мыңнан астам шақырымы жөнделетін болады", - деді ол.


Ал бұл өз кезегінде, оның сөзіне сүйенсек, жақсы және орташа жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек. 

Бұдан бөлек оның сөзінше, биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және аталмыш жолдарды күтіп ұстауға 86 млрд теңге бөлінген.

"Оның күрделі жөндеу жұмыстарымен жолдардың 440 шақырымы қамтылып отыр. Мұның 62 шақырымы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Күрделі жөндеу жұмыстарының аясында барлығы 23 жоба іске асырылып жатыр. Оның 20-сы – өтпелі, 3-і - жаңа жобалар (БҚО, Жамбыл, Павлодар). Орташа жөндеу жұмыстарымен автомобиль жолдарының 1079 шақырымы қамтылған. Орташа жөндеу жұмыстарының аясында 65 жоба іске асырылуда. Оның 53-і – жаңа, 12-сі – өтпелі (2019 жылдан) жобалар", - деді комитет төрағасы.

 
Ол қазір Райымбек – Алматы учаскесінің қозғалыс бөлігін кеңейтуге қатысты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін толық қозғалыс ашылатынын айтты.

"Карантин кезеңінде Райымбек – Алматы учаскесінің қозғалыс бөлігін кеңейтуге қатысты күрделі жөндеу жұмыстарына 117 адам мен техниканың 61 бірлігі жұмылдырылған. Учаскеде коммуникацияларды тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды. Жол-құрылыс материалдары дайындалды. Жыл соңына дейін жолдың толық бойында қозғалыс ашылып, жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өтпелдері мен жасанды құрылымдардың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда", - деді ол.  


Оның айтуынша, биыл республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 26,6 млрд теңге қарастырылған. 

"Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен автомобиль жолдарының қысқы кезеңнен кейін жақсы жағдайда сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Кешенді мақсатты" бағдарлама аясында жұмыстарды жүргізуге екі ай берілді. Екі ай ішінде шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және ауыстыру, сондай-ақ, жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау сияқты жұмыстардың жылдық көлемінің кем дегенде 60 пайызы орындалмақ", - деді мекеме басшысы.

  
Сондай-ақ ол : Аталмыш жұмыстар 15 сәуір мен 15 маусым аралығында еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары), 1 мамыр мен 1 шілде аралығында  еліміздің солтүстік аймақтарында (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) жүргізілетін болады", - деді.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда республикада ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы 4 жол учаскесі барын айтты. Оның айтынша, жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу үшін 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау жөніндегі келісімге қол қойылған. 

"Республикадағы төлем жүйесі енгізілген 4 жол учаскесі бар, атап айтсам, "Нұр-Сұлтан – Шучье", "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Теміртау – Қорғас", "Алматы – Қапшағай" жолдары. 2020 жылдың 20 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, ақылы жолдардан жиналған қаражат көлемі 1 103,6 млн теңгені құрайды. Жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу мақсатында 2019 жылы инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша "Computer Vision Technologies" ЖШС басқаратын  Консорциуммен 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау жөніндегі келісімге қол қойылды. Жоба құны 138, 8 млрд теңгені құрайды", - деді Сайранбек Бармақов.


Оның сөзінше, бүгінгі таңда халықаралық және республикалық маңызы бар  автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсететін 1815 нысан бар. Олардың 894-і, яғни, 49 пайызы Ұлттық стандарттың талаптарына сай. 

"2020 жылы облыстық әкімдіктермен бірлесіп, жол бойында қызмет көрсететін нысандардың жалпы санының 58 пайызы талапқа сәйкестендіру жоспарланған. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізілмек. 2020 жылдың соңына дейін "QazAvtoJol" ҰК» АҚ СГТ-тың 62 бірлігін орнатады деп жоспарлануда. Олардың 40-ы инвестициялық конкурстың аясында, 22-сі автомобиль жолдарын қайта жаңарту аясында орнатылмақ", - деді мекеме басшысы.

Сонымен қоса оның айтуынша, жыл соңына дейін орталық мамандары республикалық маңызға ие автомобиль жолдарына 5,5 мыңнан астам инспекциялық сапарды жүзеге асыруды жоспарлауда. Бекітілген келісімдер аясында жергілікті маңызға ие жолдардың 60 пайызға жуығы  тиісті тексеру шараларымен қамтылатын болады.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды