• Басты
  • С.Айдосов: Коронавируспен күресте Еуропа елдері отандық тәжірибені қолдануда
13 Мамыр, 2020 15:51

С.Айдосов: Коронавируспен күресте Еуропа елдері отандық тәжірибені қолдануда

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің "ДСМ хабарлайды" рубрикасында ҚР ДСМ Қоғамдық Денсаулық сақтау Ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің халықаралық серіктестермен бірігіп жасап жатқан ғаламдық ғылыми жобалары жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

С.Айдосов: Коронавируспен күресте Еуропа елдері отандық тәжірибені қолдануда

"ДСМ хабарлайды" рубрикасының қонағы ҚР ДСМ Қоғамдық Денсаулық сақтау Ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Анри Клюгенің баспасөз мәжілісінде таратқан ақпаратқа жауап берді. Еске салайық, ол өз сөзінде шығыстағы жағдайдың алаңдаушылық тудыратынын атап өтіп, соңғы аптада Беларуссияда, Қазақстанда, Ресей Федерациясында және Украинада вирус жұқтырғандардың саны көбейгенін айтқан болатын. 

"Осыдан бірнеше күн бұрын КазТАГ сайтында Ханс Клюгенің мемлекеттер мен министрліктер арасында жасаған брифингінде жалпы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарланған материал жарияланды. Материалда Ханс Клюгенің Еуропа бойынша аурудың таралу көрсеткіші төмендеуде, бірақ Қазақстан, Украина, Беларуссия және Ресей секілді мемелекеттерде өсу байқалатынын айтқан. Бұл баспасөз мәжілісінен кейін біз директордың кеңсесімен хабарласып, мән-жайды білдік. Олардың қоландағы ескі, яғни сәуір айындағы статистика болып шықты. Осы бағытта ол кісі өзінің Твиттер парақшасында Қазақстанда жасалып жатқан реформалар, қабылданған шараларды қарап, оған жоғары баға берді. Ол кісіге дұрыс ақпарат берілмеген", - деді директордың орынбасары. 

Сонымен қатар сұхбат барысында Сержан Айдосов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директорының коронавирустың таралуын алдын алу бойынша қабылданған шараларға жоғары баға бергенін атап өтіп, Еуропаның кейбір елдерінде індетпен күрес кезінде Қазақстандық тәжірибені қолдану қолға алғанын атап өтті.

"Ханс Клюге біздің науқастарды және науқастар байланысқа түскен азаматтарды жіті бақылауымызды, жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға жоғары баға беріп,  медқызметкердің барлығын жалпы тестілеу шарасын үлгі етті. Біз денсаулық саласында істейтін мамандардың бәрін тексереміз. Сол себепті аурудың таралу көрсеткіші өскен сияқты болып көрінеді. Кеше Дания мемлекетінің денсаулық сақтау министрі Копенгагенде Алматыдағы сияқты тест-орталық ашылғанын айтты. Тест-орталықта олар біздің тәжірибемізді басшылыққа ала отырып, ауру симптомдары жоқ медицина қызметкерлерін де тексереді.  Сонымен қатар, директордың айтуынша, Ханс Клюге Қазақстанның халықаралық ғылыми жобаларда қатысып жатқанын атап өтті", - деді Сержан Айдосов.

Сонымен бірге Сержан Айдосов осы аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюгенің отандық телеарнадан тікелей эфирге шығатынын атап өтті.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге Қазақстанның республикалық телеарнасына тікелей эфирге шығады. Бұл қсыныс Ханс Клюгенің тарапынан болды. Ол біздегі қолға алынған шаралар жөнінде өзінің көзқарасын бідіргісі келетінін айтты. Ханс Клюге сұхбат беруге дайын. Осы аптаның ішінде ҚР ДСМ-мен бірлесе отырып, жүзеге асырамыз", - директордың орынбасары. 

Бұдан бөлек ол коронавирус індетімен күресте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинвальдің еңбегін атып өтті. Оның сөзінше, ДСҰ-мен бірігіп бірнеше жоба жүзеге асуда. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинвальдің қатысуымен күніне үш-төрт бейнеконференция жасаймыз. Ол жылдың басында жаңа басшы болып тағайындалды. Өте тәжірибелі маман. Осы вируспен күрес барысында бізге көптеген көмек беруде. Оның қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы әріптестерімізге вебинар-тренингтер өткіземіз. Бірігіп жүзеге асырылып жатқан бірнеше жоба бар. Соны бірі - "Науқастарды және олармен байланыс жасаған азаматтарды теуксеру" жөнінде жобамыз. Оны этикалық комиссияда анкеталарды санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіп, Қазақстанның барлық өңірінен науқастар жөнінде ақпарат жинап жатырмыз. Жоба іске қосылды. Бір айдан кейін жинақталған мәліметтерді сараптап, ДСМ-ге өз ұсыныстарымызды айтамыз", - деді Сержан Айдосов.

Сонымен қоса директордың орынбасары өткен айда Қытайдан келген дәрігерлердің жұмысына тоөталып өтті. Оның айтуынша, қытайлық дәрігерлер 15 күн бойына елордада, Алматыда және Қарағандыда болып, 10 мыңнан астам отандық медицина қызметкеріне вебинар өткізіп, "Клиникалық хаттама" дайындауға көмек берген.

"Қытайлық дәрігерлер Қазақстанға 15 күнге індетпен күресуге көмектесі мақсатында келді. Бұл екі ел президентінің шешімімен жүзеге асты. Жалпы, 10 қытайлық медицина маманы, олардың қатарында қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы, пульминолог, инфекционист, интенсивті терапия мамандары болды. Сол мамандармен бірге оперативті штаб базасында 20-дан астам тренинг-вебинар өткіздік. Шамамен 10 мыңнан астам отандық медицина мамандары қатысты. Біздің министрлікте бірқатар жұмыс тобы құрылды. Құжаттар толтырылды. "Клиникалық хаттама" бар бізде, бұл маңызды құжат. науқастарды қалай, немен емдеу керек деген сауалға жауап береді ол. Өткен сәуір айында бұл құжатты 6 рет жаңаладық. Жетінші нұсқасы осы қытайлық дәіргерлердің қатысуымен жасалды. Олардың тәжірибесі ескерілді", - деді Сержан Айдосов. 

Оның сөзінше, қытайлық дәрігерлер бірқатар медицина мекемесін аралаған.

"Қытайдан келген медицина қызметкерлеріне инфекциялық ошақтарға, стационарларға баруға қытайлық денсаулық сақтау министрлігі тарапынан рұқсат етілген жоқ. Біз оларды таза стационарларға апаруға тырыстық. Олар біздің инфраструктурамен танысты. Жалпы, қандай да бір кеңес беруі үшін олар біздің инфраструктурамен жақсы таныс болуы керек. Сондықтан біз оларға бір амбулаториялық және бір стационарлық орталықты көрсеттік", - деп атап өтті ол. 

Бұдан бөлек ол қытайлық дәрігерлердің ұсынған нұсқаулықтарына тоқталып өтті.

"Қытайлық дәрігерлердің берген нұсқаулықтары 10 бөлімнен тұрады.  Олардың көпшіліг "Клиникалық хаттамаға" қатысты болды. Біз олар ұсынған кей пункттерді енгіздік, кейбірін әлі талқылау үстіндеміз. Себебі медицина саласы күнде даму үстінде. мысалы, бүгін бір дәрімен науқастарды емдеген болсақ, ертеңіне оның тиімділігі азайып, басқа дәрінің күштілігі белгілі болуы мүмкін. Осыған байланысты "Клиникалық хаттама" жаңаланып отырады", - деді  Сержан Айдосов.

Сондай-ақ директордың орынбасарының сөзінше, қытайлық әріптері Қазақстанның қолға алған шараларына оң баға берген.

"Жалпы, біз қабылдаған шараларға оң баға берілді. Мен 15 күн бойына Қытайдан келген делегацияның жанында жүрдім. Астанада 5 күн болдық, кейін Қарағандыға, сол жақтан Алматыға ұштық. Жол бойында олар біздің блок-посттарды көріп, қызметіне қуанып, жақсы баға берді. Дегенмен, көшеде бетпердесіз жүрген адамдарды көргенде, Қытайда ешкім бетпердесіз жүрмейтінін айтқан болатын", - деді ол. 

Соған қоса оның сөзінше, коронавируспен күрес кезінде тек Қытайдың ғана емес, Германия, Израиль, Канада, Корей республикасы секілді дамыған елдердің сарапшыларымен кеңесіп, тәжірибе алмасуда.

"Біз тек Қытайдың ғана емес, Германия, Израиль, Канада, Корей республикасы секілді дамыған елдердің сарапшыларымен кеңесіп, тәжірибелерін қолдандық. Осылайша, "Клиникалық хаттаманың" жетінші нұсқасын дайындап шықтық. Әрине, бұл соңғы нұсқа емес. Біз ондай вебинарларды жалғастырудамыз. Күнделікті сағат 17.00 мен 18.00 арасында оперативті штабтың базасында оқу-семинарлары өтіп жатыр. Мұны елдегі медицина университеттері өткізуде. Өткен жылы жоғары оқу орындары арасында қауымдастық құрылды. Сол қауымдастықтың бастамасы бойынша, әр университет өздерінің стратегиялық серіктестерімен бірге түрлі бағыттағы тақырыптарды талқылап, біздің медицина қызмкерлеріне дәріс беруде", - деді директордың орынбасары.

Сонымен бірге ол бізге қажетті пайдалы мілеметтерді жазып алып, кейін мамандармен, ДСМ өкілдерімен талқыға салып, керек кезінде қолданылатынын атап өтті. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды