• Басты
  • С.Қалижанов: Арнайы әскери жиынға шақырса, баруға дайынмын
3 Сәуір, 2020 14:49

С.Қалижанов: Арнайы әскери жиынға шақырса, баруға дайынмын

Кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "әскери міндеттілерді жиынға шақыру" туралы жарлық шығарған болатын. Бұл шара карантин жағдайында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекетке төтенше жағдай режимін сақтауға көмектесу үшін қажет. Мемлекет басшысы тарапынан қолға алынған бұл шара Қазақстан азамттары тарапынан қолдау тауып жатыр. Соның бірі - Өскемен қаласы "Жас бүркіт" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Саят Қалижанов. Ол қажет болған кезде елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

С.Қалижанов: Арнайы әскери жиынға шақырса, баруға дайынмын

Өскемен қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектебі алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушысы, әрі "Жас бүркіт" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Саят Қалижанов клубтың жұмысына, мақсатына тоқталып өтті. Оның сөзінше, жастарды патриотизмге, отанды сүюге тәрбилеу маңызды.

"Бұл "Жас бүркіт" спорттық әскери-патриоттық клубы 2016 жылы Өскемен қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектептің базасында құрылған болатын. Балаларды әскери тәртіпке даярлау мақсатында осындай клуб жұмысын қолға алдық. Мақсатымыз ұлдарды патриотизмге тәрбиелеу, ұлты мен отанын сүюге, олардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіріп, жеке тұлға ретінде қалыптасуға көмек беру. Біз түрлі облыстық жарыстарға қатысып тұрамыз. Мәселен, Семей өңіріндегі Шубинск қаласында өткен "Айбын" жарысына қатысып, 3-орынды иелендік. Оған облыстағы барлық  әскери-патриоттық клуб қатысқан болатын", - деді Саят Қалижанов.

Оның сөзінше, клубтың сабақтары аптаның әр күніне бөлінген. Мәселен, дүйсенбі күні - оқ ату, сейсенбі күні -топография. Сонымен қоса министрлік шығарған жарлықты жаттап, жарыстарға дайындық жүргізітенін атап өтті.

Сондай-ақ ол бүгінгідей төтенше жағдайда қазақтандықтар қажет болса қоғамның қауіпсіздігін сақтауға атсалысуға тиіс. Ол әр азаматтың борышы.

 "Қазір ел басына осындай күн туған кезде ақ халатты абзал жандар әр адамның өмірі үшін аянбай күресіп жатқанда, біз де шет қалмауымыз керек. Олар сияқты біз де әскери адамдар, азаматтар тыныштықты сақтауға барынша үлес қосуы тиіс. Менің ойымша, барлық азамттар дайын. Ол біздің отандық борышымыз деп санаймын. Біздің қазақстан жастары патриот. Осындай төтенше жағдай кезінде қоғамды қорғаушылардың қатарына қосылу туралы ұсыныс түссе, біз дайынбыз", - деді Саят Қалижанов. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды