• Басты
  • С.Ақылбай: Митинг туралы заң жобасы халықаралық конвенцияның талаптарына жауап береді
20 Мамыр, 2020 12:57

С.Ақылбай: Митинг туралы заң жобасы халықаралық конвенцияның талаптарына жауап береді

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында мәжіліс депутаттары "ҚР-да бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртiбi туралы" құжатқа ҚР Парламентінің Сенаты енгізген түзетулeр мен толықтыруларды қолдап дауыс берген еді. Осы орайда жаңа құжатқа енгізілген өзгерістерге қатысты ҚР Заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбайдың пікірін білген едік. Оның айтуынша, митинг туралы жаңа заң жобасы халықаралық конвенцияның талаптарына жауап береді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшсі.

С.Ақылбай: Митинг туралы заң жобасы халықаралық конвенцияның талаптарына жауап береді

Төраға жаңа құжаттың қазіргі қолданыстағы заң жобасымен салыстырғанда ерекше екенін атап өтіп, құжаттың артықшылықтары жөнінде сөз қозғады. Оның айтуынша, бұрынғы ескі заңнаманың орнына мүлдем басқа жаңа заң жобасы қабылданып отыр.

"Жаңа құжат толығымен өзгеше. Бұған дейінгі заң жобасы бойынша митинг, жиналыс, пикетті ұйымдастыру үшін міндетті түрде рұқсат сұрау керек. Рұқсат сұрау жүйесі кеңес заманынан қалған.  Ал қазіргі жаңа заңға "рұқсат сұрау жүйесі" емес, "хабарлау жүйесі" енгізілген. Мәслен, бейбіт жиынды ұйымдастырушы жергілікті әкімдікке тиісті хабарлама жасайды. Ол тақырыбын бекітіп, қа уақытта, қай жерде митинг ұйымдастыратынын, қанша адам қатысатынын айтып ескертпейді, тек хабар береді. Хабарламадан кейін міндетті түрде атқарушы органдар жауап беріп, өзінің талаптарын қояды. Ал атқарушы органдар кім жауапты, қай жерде болатынын, тақырыбының дұрыстығына мән беріп, құқықтық тәртіпті сақтауға байланысты талаптарын қояды", - деді Серік Ақылбай. 


Сонымен қатар ол бұған дейін заңға қарсы шыққандардың бейбіт жиынды орталық алаңдарда өткізуді талап еткенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл талап та өз орнын тапты жаңа заңда.

"Жалпы бейбіт жиынға шыққан азаматтардың барлығы белгілі бір органның, әкімшіліктің, парламенттің немесе үкіметтің ғимаратының алдына шығып, мәселесін жеткізуге тырысады. Ал жаңа заң бойынша, тек алдын ала белгіленген орында ғана митинг ұйымдастырылады. Бұл заң нормаларына қарсы шыққан азаматтардың да талабы сол болған. Яғни көпшілік жиналатын орталық алаңдарда жасауға рұқсат етуді талап етті. Жаңа заңға сәйкес, орталық алаңдарда ұйымдастыруға мүмкіндік берілді", - деді ҚР Заңгерлер одағының төрағасы.


Бұдан бөлек оның айтуынша, бейбіт жиын жөніндегі жаңа заң жобасы халықаралық конвенцияның талаптарына толық сай келеді. 

"Срнымен біре айта кету керек, 70 жылдары шыққан "Адам құқығы туралы заң" мен "Жеке адам құқықтары туралы конвенцияның" талаптарына сай. Бұл екі халықаралық заңның талабы - проблеманың тиісті мемлекеттік органға жетуі. Қазіргі цифрлы технология дамыған уақытта митингке шыққандардың талабы олардың құлағына жетеді. Яғни олар міндетті түрде көшеде не болып жатқандығының бәрін көріп отырады. Ол президент әкімшілігі болсын, басқа мемлекеттік орган болсын, жаңа технологияны қолдану арқылы көшеде болып жатқан бейбіт жиынды қадағалап отырады. Қандай талаптар қойылғанын, кімдер сөйлегенін көріп, ескереді. Міне, бұл халықаралық конвенцияның талаптарына толық сай келеді", - деді Серік Ақылбай. 


Сондай-ақ оның сөзінше, жаңа заң жобасында тек бейбіт жиынға қатысушылардың ғана емес, жалпы қатыспайтын жұрттың да құқығы қорғалған.

"Сонымен қатар біз тек митингіге шыққан халықтың емес, шықпаған азаматтардың да құқығын естен шығармауымыз керек. Мәселен, адамар демалып жатқанда, немесе тұрғын үйлердің жанында митингке қатысушылар шулап неге олардың мазасын алуы керек? Сондықтан екі жақтың да құқығы сақталуы керек. Ал жаңа заңда бұл анық көрсетілген. Жаңа құжатты толықтай демократиялық заң деп айтуға болады", - деп түйіндеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды