- Басты
- Жаңалықтар
- Рымбек Ізғали: Латын әліпбиіне көшуді позитивпен бағалаймын
Рымбек Ізғали: Латын әліпбиіне көшуді позитивпен бағалаймын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқандай, «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келетін болады» деп есептеймін. Латын әліпбиіне көшу соған ықпал ететініне мол сенім артамыз. 2025 жылға дейін қазақ графикасы кезең-кезеңімен қолданысқа енуі тиіс. Латын графикасын енгізудің қазіргі жай-күйі қандай? Бұл сұраққа жауап алу үшін Strategy2050.kz тілшісі Ұлттық комиссия жанындағы техникалық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Рымбек Ізғалимен сұхбаттасты.
Рымбек мырза, латын әліпбиіне өтудің маңыздылығы қандай?
Тіл – тірі организм. Тіл толығып, өзгеріп тұрады. Қазақ тілі Кеңес одағының құрамында болған жылдары біраз өзгеріске ұшырады. Біздің әліпбиімізде артық таңбалар пайда болды. Тілімізге енген жаңа сөздер мен терминдер орыс тілінің ықпалына тікелей ұшырап отырды. Сонымен қатар жаңа терминдерді қазақ тіліне икемдеу қиын болды. Тілге енген терминдер түпнұсқадан біраз алшақтады. Мысалды көп келтіруге болады. «Станция» терминін алып қарасақ. Айтқанда «станса» немесе «стансы» деп айтамыз, бірақ неге жазғанда басқаша жазамыз?! Жақында «Harry Potter» кітаптар сериясы қазақшаға аударыла бастаған. Аударушылар қазақшаға «Хәрри Поттер» деп аударған. Көп қазақ түсінбей, кейбіреулері тіпті мысқылдап күліп жүрді. Өйткені біз орысша «Гарри Поттер» дегенге үйреніп алдық. Бірақ түпнұсқасында, яғни ағылшынша айтылуы «Хәрри» болады ғой?! Немесе, «О» әрпі кездесетін кейбір сөздерді «А» дыбысы арқылы айтамыз. Сонымен қатар қазіргі әліпбидегі 42 таңбаның ішінде артық таңбалар өте көп. «Ъ», «Ь», «Э», «Ю», «Я», «Ч», «Ц», «Щ» таңбаларын қаншалықты жиі қолданамыз?! Тіпті «Я», «Ю», «Ц» таңбаларын екі әріппен беруге болады. Міне, осындай артық таңбаларды алып тастау арқылы, жазуды біраз жеңілдетеміз. Енді қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі арқылы қалай естисіз, солай жазасыз. Ереже аз болады, сәйкесінше жазу кезінде қатені де аз жіберетін боласыз.
Жалпы латын әліпбиіне көшу процесінің бүгінгі жай-күйі қандай?
Қазір әліпбидің жаңа нұсқасы дайын болды. Осы нұсқаны нақты бекітуге арналған жұмыстар жүріп жатыр. Бұл нұсқаның осы уақытқа дейін талқыланған мәселелер шешімін тауып, комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Латын графикасына негізделген пернетақта таңбалардың орналасуы да талқылаудан өтті.
«Sozdikqor.kz» порталының жұмысы қалай жүріп жатыр? Сайтта қанша сөз бар?
Портал «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» тарапынан әзірленген. Сондықтан сұраққа нақты жауапты сол орталықтан алуыңызға болады. Жалпы маған белгілі ақпарат бойынша порталда 400 000 жуық сөздің мағынасын біле аласыз. Қорда 1,5 млн тілдік бірлік бар.
«Qazlatyn.kz» ұлттық порталы мен «Tilqural.kz» веб-сервисі жайлы не айта аласыз?
Әрине qazlatyn порталы латын графикасына көшу жұмыстарына тікелей қатысты. Мұнда көп кешенді конвертер бар, соңғы жаңалықтар, жаңа емле ережелері, баяндамалар, ғылыми жұмыстар жарияланған.
Ал tilqural.kz порталы қазақ тілін үйренушілерге арналған. Және бұл порталда қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған интерактивті курстар жинақталған. Өте пайдалы әрі бай ресурс. Мұндай деңгейдегі тіл үйрететін портал елімізде алғаш рет әзірленіп отыр.
Осындай порталдарды шығару үшін қанша қаражат бөлініп жатыр?
Бұл сұраққа мен жауап бере алмаймын, өйткені мен бұл жобаларға тапсырыс берген жоқпын. Нақты жауапты жоғарыда атап өткен орталықтан не тиісті министрліктен алуға болатын шығар. Бірақ IT маманы ретінде мұндай көлемдегі ірі жобаларды жасау арзан болмайтынын анық айта аламын. Өйткені өзіңіз білесіз жұмысты жасайтын программисттердің айлық жалақысы өте жоғары. Жақсы деңгейдегі программисттер Қазақстан бойынша айына кемі жарты миллион табыс тапса, әлем бойынша бұл көрсеткіш 2 миллион теңгеге дейін барады. Сондықтан байыбына барып, есептеу қиын болмас.
Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз жақтары бар ма?
Әзірге жеке басым латын әліпбиіне көшуді позитивпен бағалап отырмын.
Әңгімеңізге рақмет!
Айнара Байжан
фото:
Фото автордан
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер -
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды -
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
ҚР-дағы вакцинациялау: Вакцина алатын азаматтар нені білуі тиіс -
ҚР-дағы вакцинация: Вакцина алатындар нені білуі тиіс, қандай мекемелерде жүргізіледі және кімдерге салынбайды