• Басты
  • Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті

Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті

17 Мамыр, 2021 14:07

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның әр өңіріндегі жобалық кеңселерде түрлі шаралар өткзіліп отырады. Өткен аптада Павлодар облысында баңдарлама аясында бірнеше шара өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Үш ұрпақ» жалғастығы

Дәстүр мен ғұрып, тарих пен тағылым заман ағыны өзгерсе де адам бойынан мәңгі табылуы тиіс. Себебі, ұлтты жаңғыртатын да, жаңартатын да діңгек – салт пен дәстүрден бастау алады. Дәл осындай бастамамен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында төл тарихымыз бен халық шығармашылығын ұлттық құндылықтар негізінде қайта жаңғырту мақсатында облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы «Үш ұрпақ жалғастығы» облыстық онлайн турне-фестивалін ұйымдастырды.

Халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Бұзаубаева Алмагүл Әшімқызының айтуынша, фестиваль ережесіне сәйкес үш ұрпақ өкілінен құралған қатысушылар халық шығармашылығының дәстүрлі ән, күй, терме сынды бағыттарының біріне бейнежазба түсіріп, ұрпақтар сабақтастығын әуезді ән, күмбірлеген күй арқылы көпшілікке жеткізуі тиіс.

«Фестивальге Баянауыл, Май, Ертіс, Павлодар, Екібастұз аудандарынан дәстүрлі ән мен күйді шебер орындаушылардың 7 бейнежазбасы қабылданып, орталықтың инстаграм парақшасында жариялана бастады. Әр өңірдің өнердің кеніші болған дарабоздары мен ұрпақтарын танытқан фестивальде Алтынбек Әбілқасов, Рақымғали Ниязбекұлы, Тәңірберген Есмақаев сынды көнекөздер тағылымы көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Онлайн фестиваль қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды», - деді ол.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өскелең ұрпақтың таным-түсінігінде руханият шамшырағын жағуды мақсат еткен жоба орталық тарапынан алғаш рет ұйымдастырылып жатса да, алдағы уақытта фольклор мен шежіре, айтыс пен бата, қолөнер мен зергерлік қосылған жаңа бағытта өз жалғасын табады деп жоспарланып отыр. Орталықтың ауыл, аудандармен тығыз қарым-қатынас тудыруына, онлайн жүзеге асырылып жатқан жұмыстар уақытында өңір жұртшылығының өнері мен руханиятының әлеуметтік желі арқылы танылуына үлкен септігін тигізген жобаның берері әлі де мол.

Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық, себебі ұлтымыздың ұлттық санасы да, ұрпағымыздың ұлы жолы да дәл осы сара жолдан бастау алады.

Қазақ асханасының ұлттық тағамдарын білу – ұлттық кодымызды сақтау

«Рухани жаңғыру» аясында өскелең ұрпақты қазақтың ұлттық кодын сақтауға бағыттайды. Бұл - қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, тілі мен музыкасы, әдебиетібен өнері, асхана және ұлттық ойындары.

1.jpeg

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «ұлттық бірегейлікті сақтау» және «білімнің салтанат құруы» қағидаларын насихаттау шеңберінде 2021 жылғы 12 мамырда «Павлодар қаласының № 23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Қазақ асхананасының ерекше тағамдары» онлайн іс-шарасы өтті.

Іс-шараның идеясының негізі – қазақ асханасының ұмыт болған тағамдарының жасалу жолдарын көпшілікке тарату. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жұмабаев Жасұлан Нұрланұлы іс-шара бастамашысы болып, ұлттық тағамдардың пайда болуы мен маңыздылығы туралы қызықты ақпараттармен өзінің презентациясында таныстырды. Аталмыш көрнекі демонстрациялық материал барлық қатысушылардың, мектеп оқушыларының, педагогтардың және шақырылған қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Іс-шара ұйымдастырушылары «Өрметас», «Үлпершек», «Қарын бөртпе», «Бұжы», «Жаужүрек», «Қарын көмбе» сынды ұмытылған тағамдарды дайындау технологиясына баса назар аударды. Олардың фотосуреттері көрсетіліп қана қоймай, мыңдаған жылдар бойы ауыздан-ауызға беріліп, ұмыт болып, халық жадында қайта пайда болған рецепттер де талқыланды. Барлық ақпараттың маңыздылығы мен ерекшелеліктері талқыланып, қатысушылар өздеріне ұнаған рецептерді таңдаған болатын.

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Уақпаева Құралай Мұхамедшайыққызы, Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы – Кубенова Нурия Қалымқызы, «Павлодар қаласы №23 жалпы орта білім беру мектебі» КММ директоры – Елшебаева Сандуғаш Мейрамқызы көтерілген тақырыпты талқылауға белсенді қатысқан болатын.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Айгазинованың айтуынша, мектепте түрлі ұлт өкілдері оқиды, әр отбасының өз дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар екеніне қарамастан, балалар нақ осы қазақтың дәстүрлі тағамдарына ерекше қызығушылық танытты.

Шара соңында Құралай Мұхамедшайыққызы балалар мен ересектердің шынайы қызығушылығын, олардың өз үйінде ұсынылған бірегей тағамдардың бірін дайындауға деген ынтасын атап өтіп, мұндай іс-шаралар қазақ халқының ежелгі тағамдарының насихатталуына өз үлесін қосатыны туралы пікір білдірді.

Барлық жаңалықтар