• Басты
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңінің жаңашылдықтары қандай
5 Ақпан, 2020 17:33

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңінің жаңашылдықтары қандай

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңінің басталуына қатысты баспасөз конференциясы өтті. Биыл аталған бағдарлама 3-ші жыл қатарынан жүзеге асырылуда, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңінің жаңашылдықтары қандай

ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов бағдарламаның қорытындысы туралы айтып өтті.

«Биыл Елбасымыз – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының іске асырылып жатқанына 3 жыл толады. Осы үш жыл ішінде өте көп жұмыстар атқарылды, нақты нақты жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жарық көрген «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы ұлы ойшылдың еңбектері арқылы таратқан рухани бағыттары біздің бағдарламамен сабақтасық тауып, өзара жалғасуда. Өздеріңізге мәлім, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлтты ұйыстыратын, қазақстандықтардың бірлігін арттыратын, ескіден арылып, жаһандық үдеріс кезінде ұлттың кескін-келбетін сақтайтын бірегей бағдарлама. Заманауи Қазақстанда білім мен ғылымның, ауыл мәселенсінің шешілуіне және басқа да түрлі бағыттың дамуына едәуір серпіліс берді. Қазіргі таңда бағдарлама аясында 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылуда. Жобалардың басым көпшілігі өте табысты жүруді. Қазақстандық бизнес өкілдерінің бағдарламаға қатысуы жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, меценаттық, демеушілік, тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесу, туған ауылдарына қарайласу сияқты жұмыстар кәсіпкерлеріміздің әлеуметтік жауапкершілігінің артқандығының бір куәсі деп білеміз», - деді А.Мұхимов.


Сондай-ақ, ол Ұлттық комиссияда Қырымбек Көшербаев бағдарламаны жаңа деңгейге көтеру және мазмұны мен сапасын арттыру жөнінде жаңа міндеттер қойғанын айтты.

«Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық прагматизм мәселесі өте өткір әрі жан-жақты атап көрсетіледі. Өкінішке қарай, бұл бағыттағы жұмыстар тереңінен қарау керек екеніне бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр. Үнемшілдік, жинақылық, қарапайымдылық, қайырымдылық – қазіргі адамзат өркениетінің басты құндылығы болса да, бізде ысырап, даңғойлық белгілері жиі көрініс береді. Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қымбат көлік, жиһаз сатып алу, түрлі форум өткізу шығыстарына ұзақмерзімді мараторий жариялауды ұсынғанын білесіздер. Сондай-ақ мемлекет басшысы ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселе екеніне басымдық беріп отыр. Осыған орай бүгінгі ұлттық комиссия отырысына қатысқан зиялы қауым өкілдері мемлекет басшысының осы бастамасын қолдап, прагматизм бағытындағы кешенді шараларды қабылдауды ұсынды. Яғни ұлттық прагматизмнің негіздеріне қаршы келетін ысырапшылдық сияқты әдеттерден арылу және халық арасындағы құқықтық, қаржылық, экологиялық т.б. мәдениеттерді барынша насихаттау және тарату туралы шешімдер қабылданды. Нақтырақ айтсақ, Ұлттық комиссия атынан орталық және жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді», - деді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов 2019 жылы өткізілген шаралармен 12 млн адам қамтылғанын айтты.

«30 мың әртүрлі шара өткізілді. Оның сараптамасын қарайтын болсақ, 209 тармақтан тұрады. Биылғы жылдың ерекшелігі ретінде атап өтсек, осы тармақтардың санын 120-ға қысқартық. Жүйелікке көшу мәселесі басты назарға алынды. Арнайы жобалар арасында бір реттік, ұзақмерзімді шаралар бар. Оны көпшіліктің арасында талқылау қажет. Мәселен, мектептерде өтетін жиналыстарда тұлғалық даму, адам капиталды дамыту қажеттіліктері айтылады. Елбасы мақаласында көтерілген қағидаларға сәйкес шараларды өткізу мақсаты қойылып отыр», - деді Ғ.Оспанқұлов.

Сондай-ақ, ол «Прагматизм біздің өмірімізде» деген акция туралы айтып берді.

«Қаражатты қалай үнемдеу қажеттілігі туралы, қандай қоғамда өмір сүргіміз келеді? Қоғамның негізгі құндылықтары қандай болуы керек? Өскелең ұрпақтың тәрбиесі қандай болуы керек? деген мәселелер жаңа жоспарға енді», - деді Ғ. Оспанқұлов.

Сонымен қатар, ол биыл өңірлерге көп көңіл бөлінетінін айтты.

«Биылғы жылдың ерекшелігі өңірлерге көбірек басымдық береміз. Оның ішінде, ауыл, аудан, облыс деңгейінде жобаларымыз бар. Олар арқылы биылғы жоспарды қалай жүзеге асыралытыны келісілді. Үшінші, тұлғалық даму, ұлттық бірегейлігімізді сақтау және халықаралық деңгейде көрсету, қоғамның дамуы. Әр заманда қоғамда әртүрлі қандай тәртіп болуы керектігі туралы,қандай жағдайды сақтау арқылы біз ең жоғарғы деңгейге жететініміз сарапталады»,- деді ол.

Сонымен қатар, ол мемлекет қай кезде дамиды деген мәселелерге көңіл бөлінетінін айтты.

« «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір мәселені түсініп алуымыз керек. Келер жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелейтін боламыз. Осы жылдар ішінде құқықтық, саяси, конституциялық, реформалар жүргізілді. Алайда, сананы жаңғырту бөлек даму, ол үнемі жүргізілуі керек. Осы тұста біз жас өскелең ұрпаққа қандай қалдыратын мұраларымыз бар. Әл-Фараби айтқан ілім мен Абай айтып кеткен «толық адамның» пайда болуы туралы түсіндіретін боламыз. Бұл биылғы жылға жоспарланған ерекше бастамалар», - деді ол.


Өз кезегінде «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев 2019 жылы жүргізілген барлық деңгейдегі шаралардың сараптамасы жүргізілгенін айтты.

« Проблемалық мәселелерді де айқындап шығардық. Олар 2020 жылдың жоспарларына енді. Бағдарламаны жүзеге асыру   барысында көрген проблемалардың бірі – халықтыңң төмен белсенділігі. Өкінішке қарай, республиканың барлық аймақтары қатыспай отыр. Сондай-ақ, осы күнге дейін бағдарламаны жүзеге асыруға тек 3 министрлік қана қатысқан. Олар, Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Осы сынды түйіндерден шыға келе, барлығын қамту бойынша ұсыныстар береміз. Себебі, бұл қазақстандықтардың санасын жаңғырту, салалық тұрғыда ғана емес, барша республика бойынша жүзеге асырылуы тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар, ол шараларды   «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытына негіздеп өткізу бойынша ұсыныстар әзірленгенін айтты.

«Сананы жаңғырту бойынша шетелдік тәжірибе де ескерілді. 10-нан астам елдің тәжірибесі зерттелді. Оның ішінде Жапония, Швейцария, Германия,Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сынды елдер бар. Мәселен, Сингпар бар халқының санасын жаңғырта алды. Оларда азаматтық кеңес құрылған. Оның аясында халықтың медисауатталығына арттырылды. Сондай-ақ, киберсауаттылық та назардан тыс қалмады. Адамдар тинтернетті дұрыс қолдана білулері керек. Осы мәселелерді Сингапур белсенді жүзеге асруда. Ал Швеция тәжірибесі ағылшын тілін үйрету бойынша экожүйе құрды. Бізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру мәселесі тұр, олардың тәжірибесін қолдануға болады. Швед қоғамы халықаралық рейтинг бойынша ағылшын тілінде сөйлейтіндердің басында тұр. Ал Қазақстан, өкінішке қарай, бұл рейтингтің соңында жүр.Шетелдік тәжірибені қодану бізге де бұл бағытты дамытуға өз септігін тигізеді деген ойдамын», - деді ол.

Сонымен қатар, К.Ойшыбеков Ақпарат министрлігімен бірлесіп «Азаматтық алаңды» құрылып отырғанын айтты.

«Бастапқыда аптасына 2 рет жүргізілетін болады. Ол жерде кез келген ұсыныс, жоба, сын қабылданатын болады. «Өзгерістердің саруарлары» әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған жоба. 2020 жылы тағы бір шара әр шараны әдістемелік сүйемелдеуді жүргізу. Себебі, бізге шаралардың тиімді әрі дұрыс өткені маңызды», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
78.46.62.238, 192.168.88.100