• Басты
  • "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы
6 Ақпан, 2020 17:57

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы

Елордада мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төағалығымен "Руханини Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиында бағдарламаның 2020 жылға арналған іс-шараларының жоспары жасалып, болашақта іске асырудың басым бағыттары қаралды. Осыған орай, "Рухани жаңғыруға" қатысты саясаттанушы Талғат Қалиевтің пікірін сұраған едік. Оның айтуынша, аталмыш бағдарламаға деген халықтың қызығушылығы артып келеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы

"Кешегі өткен жиында бірқатар маңызды мәселе қозғалды, түрлі пікірлер айтылды. Менің ойымша, қолға алған жобаларды іске асырудың сапасы да өсіп келеді. Биыл аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін кететін шығын да бірнеше пайызға азайып отыр. Міне, мұның бәрі сапаға жұмыс істеудің көрсеткіші деп білем. Бізге қоғамдық сананы модернизациялауды жүзеге асыру үшін уақыт керектігін түсінуіміз қает. Бір күнде болатын нәрсе емес. Мәселен, халықтың прагматизм деңгейін қалай өлшеуге болады? Я болмаса,  өзін-өзі тану деңгейін ше? Меніңше бұл уақытты қажет етеді", - Талғат Қалиев. 

Дегенмен, оның сөзіне сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде бірқатар түсінбеушілік болған. 

"Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде біраз мәселе туындады. мәселен, қазақтың жаңа жылы "Наурыз" мейрамын "Рухани жаңғыру"  бағдарамасы аясында өтті деп есеп бергендер де боды. Осылайша, бірқатар түсінбеушілік болды. Біз "наурыз" секілді мерекені ешқандай бағдарламасыз атап өтуіміз керек", - деді саясаттанушы. 

Оның айтуынша, биыл бағдарламаға деген халықтың қызығушылығы жоғары. Оның сәтті жүзеге асуы үшін тек мемлекет қана емес, халық болып жұмыла крісу керек. Дегенмен, оның сөзіне сүйенсек, жағымды жаңалықтар да аз емес.

"Модернизация құндылықтары адам өмірінің бір бөлігіне айналып қоймай, күнделікті өмірімізден көрініп табуы керек. Жалпы, мен үшін модернизация процесі өте қызықты процесс.  Қазіргі таңда бағдарламаға халықтың қызығушылығы артып келеді. Мәселен, жыл сайын студенттер бітіру кешін ұйымдастырудан бас тартып, оған кететін қаражатты қайырымдылыққа жұмсауда. Ондай жаңалықтар көбейіп келеді. Сондай-ақ жас жұбайлар үлкен тойдан бас тартып, балалар үйіне көмек беруде", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Қазақстанның қасиетті географиясы" жобасы ішкі туризмнің дамуына ықпал етті. Жобаның арқасында көпшілік еліміздегі түрлі мәдени және тарихи ескерткіштердің көп екендігіне және оларды тамашалауға мүмкіндік бар екеніне көз жеткізді деді ол.

Еске салайық, кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ұлттық комиссия отырысы өткен еді. Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бағдарламаның 2020 жылға арналған жаңа жоспарын таныстырды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды