- Басты
- Жаңалықтар
- Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы жарияланған еді. Осыған орай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Роза Мұқанова пікір білдірді. Оның сөзінше, мемлекет басшысы әр жолдауында саяси жүйеге жаңа формулалар ұсынып жүр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
Роза Мұқанова өз сөзінде мемлекет басшысының Жолдауында жас кадрлар іріктеліп, мемлекеттік қызметкерлердің буын алмасу процесі жастармен, білікті мамандармен толықтырылып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол халықтың мемлекеттік басқару ісіне атсалысуы, халық үнінің тыңдалуы және ауыл әкімдерін тікелей халықтың сайлауы Жолдауда айтылған мақсаттардың орындалғанын анық көрсететінін тілге тиек етті.
«Халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы саяси реформалардың бір көрінісі былтырғы зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігін ұсынуы нақты нәтижеге қол жеткізді. Бұл халық жағдайының неғұрлым түзелуіне оң әсерін тигізді», - деді Роза Мұқанова.
Сондай-ақ, ол жердің шетелдіктерге сатылуына тыйым салынып, президенттің қол қоюы да халықтың көңіліндегі күдігін сейілткенін айтып өтті. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияға қатысты өз пікірін білдірді.
«Дегенмен, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың да төбе көрсетіп жатқаны жасырын емес. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидиянның талан-таражға түскенін айта келіп, бұдан былай субсидияны рәсімдеу ашық әрі қолжетімді болатынын ескертті», - деді ол.
Сонымен бірге, ол ғылымды дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, экология, ауыз су мәселелерінің шешімін табу мақсатында үкіметке арнайы тапсырмалар берілгенін атап өтті.
«Хан қасында ақылды би болса, қара жерден кеме жүргізеді. Ендігі кезекте Үкімет жүзеге асыратын қыруар мәселелер бар. Мемлекет басшысы әр Жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып отыр. Жаһандық кезеңде бас сауғалаудың мүмкін еместігіне көз жеткізіп отырмыз», - деді Роза Мұқанова.
Оның сөзінше, жоғары білікті ІТ-мамандардың тапшылығы қоғам дамуын тежейді. Осы орайда, жолдауда айтылған мақсат-мүдде үлкен бетбұрыс екенін атап өтті.
«Президент мемлекетті нығайту мақсатында билікте отырған кез-келген мемлекеттік қызметкер саяси реформаларға белсенді болуын, үн қосуын, өзгергісі келмегендерге орындарында отыруды жалғастырудың қажетсіз екенін де ескертті. Қоғам алға жылжу үшін де адам санасына өзгеріс керек», - деді Роза Мұқанова.
Венера Жоламанқызы
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет