• Басты
  • Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
19 Мамыр, 2020 09:00

Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ТЖ салдарын жою жұмыстарымен танысып, Төлеби ауданының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зардап шеккен елді мекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы су басқан аумақтарды аралап шықты.

Сапар барысында Мырзакент кентіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысын салуға бөлінген 70 га жер учаскесіндегі жаңа шағын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тексерілді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығыстарды қамтамасыз ету, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат көзделген.

Жаңа шағын ауданның құрылысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде.

Роман Скляр зақымдалған үйлерді, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды