Экономика

Проблемалық кредиттермен күресу қалай жүзеге асырылады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ны қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Астана қаласы06 Желтоксан , 11:52

Ведомство хабарлағандай, ОАБК 1998 жылы Қазақстанның банк жүйесін нығайту үшін Дүниежүзілік Банктің қаржы секторының бағдарламасы шеңберінде ҚР Мемлекеттік Оңалту банкінің базасында құрылған және республикалық бюджет есебінен бөлінген кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

Шешім біртекті активтерді біріктіру, қайталанатын функцияларды болдырмау, шығындарды азайту және ресурстарды шоғырландыру есебінен қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

Жалпы, қайта ұйымдастыру шаралары 2020 жылға дейін ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне ЖІӨ – нің 15% - ына дейін төмендету жөніндегі Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, ірілендірілген Қор өзінің негізгі миссиясын - банктердің проблемалық активтерін сатып алу арқылы ұлттық экономиканы сауықтыруға жәрдемдесу, кредиттер бойынша берешекті өндіріп алу және активтерді басқаруға кешенді көзқарасын сақтап қалады. Қазіргі уақытта Қор: банк секторын сауықтыру және сатып алынған жұмыс істемейтін қарыздарды экономикалық айналымға тарту сияқты екі стратегиялық бағытта жұмыс істейді.

Бірінші бағыт шеңберінде Қор банк жүйесінде несие қоржынының сапасын жақсарту мақсатында бірқатар ірі мәмілелерді жүзеге асырды.

Атап айтқанда, елдің қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қор 2017 жылғы шілдеде сатып алу бағасы 2,6 трлн теңгеге БТА активтерін сатып алуды жүзеге асырды. Бұл мәміле жұмыс орындарын, халықтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттік компаниялардың депозиттерін сақтауға, кредит берудің төмендеуінің алдын алуға, еурооблигациялар бойынша төлемдер бойынша міндеттемелерді қолдауға мүмкіндік берді.

2018 жылғы тамызда Қор «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT» жобасын одан әрі іске асыру үшін «Астана LRT» ЖШС алдындағы банктің қарызын өтеу мақсатында Астана Банкінің қарыз алушыларына талап ету құқығын Қорға беру бойынша мәмілені жүзеге асырды».

Сондай-ақ, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін сауықтыру үшін ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚазАгро, Қор, Цеснабанк және өзге де тұлғалар арасында негіздемелік келісімге қол қойылды. Негіздемелік келісімді іске асыру Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін сауықтыру мақсатында жүзеге асырылуда. 2018 жылғы 25 қыркүйекте Қор мен «Цеснабанк» АҚ арасында 450 млрд.теңге сомаға Активтерді сатып алу-сату шартына қол қойылды. Осы келісімнің нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын сақтауға қол жеткізілді.

Екінші бағыт шеңберінде Қор активтерді экономикалық айналымға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Сатып алынған активтердің сапасын жақсарту мақсатында қарыз алушыларды сауықтыру және олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады, ал сатып алынған активтер мен жер учаскелерінің нарықтық құнын ұлғайту үшін инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жобалар жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қор активтерін басқару және сату процестерін реттейтін Қор активтерін басқару жөніндегі қағидалар пысықталды, олардың шеңберінде Қор мүлкін сатудың ашықтығы көзделген.

 




Яндекс.Метрика