• Басты
  • Резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингі жүзеге асырылады-Е.Әбіл
25 Желтоқсан, 2019 11:47

Резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингі жүзеге асырылады-Е.Әбіл

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингін жүзеге асырады.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингінде айтты.

Резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингі жүзеге асырылады-Е.Әбіл
"Резервшілердің бір бөлігі қысқа мерзімді курстардан немесе қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін, оның ішінде Мемлекеттік басқару академиясының базасында ұзақ мерзімді оқудан өтеді.2020 жылдың бірінші тоқсаны ішінде Агенттік әрбір резервші үшін құзыреттерді дамытудың жеке жоспарын жасайды",-деді Е.Әбіл.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына резервшілерді тағайындау дәйекті мансаптық өсу жолымен жоспарланатынын айтты.

"Агенттік резервшілерді одан әрі мансаптық ілгерілету мониторингін жүзеге асырады",-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды.Іріктеу нәтижелері бойынша пулға жаңа формацияның басқарушылары болуға қабілетті талантты және креативті жас қазақстандықтар іріктелді.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды