• Басты
  • Республикалық маңызға ие жолдардың 400-ден астам учаскесі ерекше бақылауға алынды
3 Наурыз, 2020 12:04

Республикалық маңызға ие жолдардың 400-ден астам учаскесі ерекше бақылауға алынды

Су басу қаупін уақытылы алдын алу және жою мақсатында ҚР ИИДМ автомобиль жолдарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда Автомобиль жолдары комитетінің бақылауына су басу қаупі төніп тұрған 464 жол учаскесі, 66 көпір мен 852 су өткізгіш құбыр алынған, деп хабарлады Strategy2050.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Республикалық маңызға ие жолдардың 400-ден астам учаскесі ерекше бақылауға алынды

Жол қызметтері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, автожолдар мен жол құрылыстарына күн сайын патрульдеу жүргізеді. Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін жанар-жағар майдың 644 тоннасы, құмның 8,1 мың, тастың 6,8 мың, қиыршық тастың 17,2 мың текше метрі, 45,5 мың дана қап, 25 дана темір-бетонды құбыр дайындалды. Жалпы дайындық 90% құрайды. 

Су өткізгіш құбырларды және көпір арналарын қардан тазалау жұмыстары басталып кетті. Су басу қаупі төніп тұрған нысандарда жол-пайдалану техникасының 883 бірлігі бекітілген.

Еске салайық, өткен жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қозғалыс бөлігі су астында қалуының 38 оқиғасы тіркелген болатын. Мұндай оқиғалардың саны бойынша Қарағанды облысы көш бастады. 

Өңірдегі жолдардың су астында қалуы бойынша 26 оқиға тіркелген-ді. Ақмола облысында жол учаскелерін су басудың 7, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 оқиғасы орын алған. Осының салдарынан жол жиектері, жасанды құрылыстар шамалы бұзылған болатын. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 90,3 млн теңгені құрайды. Су тасқыны салдарынан болған олқылықтарды жол қызметтері дер кезінде жойды. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды