- Басты
- Республикалық бюджетке 5 трлн теңгеге жуық кіріс түсті
Республикалық бюджетке 5 трлн теңгеге жуық кіріс түсті
2019 жылдың тоғыз айында республикалық бюджетке 5 трлн теңгеге жуық кіріс түсті. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Республикалық бюджетке 4 трлн 817 млрд теңге кіріс түсті. Бұл жоспардан 61 млрд теңгеге көп. 2018 жылдың 1 қазандағы жағдайымен салыстырғанда, кірістердің өсу қарқыны 118,5 пайыз, яғни, 751 млрд теңгеге көп. Әкімшілендіру рәсімдерін цифрландыру нәтижесінде бюджетке 280 млрд теңге түсті. Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 120 млрд теңгеге артығымен орындалды немесе 1 трлн 845 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, олар 119 млрд теңгеге өсті. Бұл салықтар есебінен қамтамасыз етілді", - деді Әлихан Смайлов.
Оның айтуынша, кірістер бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан басқа барлық өңірлерде артығымен орындалған. Сондай-ақ, ол биылғы жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджет кірістерінің 15 пайызға өскенін атап өтті.
"Тоғыз айдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 15 пайызға өсті. Республикалық 19 пайызға, ал, жерглікті бюджет 7 пайызға өсті. Ұлттық қордың активтері өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 26 трлн 447 млрд теңгені құрады", - деді ол.
Сонымен қатар, Әлихан Смайлов шығыстар бюджеттің барлық деңгейлерінде жоғары пайызбен игерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет 99,6 пайызға, республикалық бюджет 99,8 пайызға және жергілікті бюджеттер 99,3 пайызға игерілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі республикалық бюджеттің шығыстарына тоқталып, қаржыны толықтай игермеген министрліктерді атап өтті.
"Республикалық бюджеттың шығыстары 8 трлн 541 млрд теңгені және 99, 8 пайызды құрады. Орындалмау сомасы 14,3 млрд теңге болды. Игерілмеу сомасы 8,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 есе аз. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі - 1,5 млрд теңге, Жоғары сот - 1,2 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі - 992 млн теңге, Сауда және интеграция министрлігі - 947 млн теңгені игермеген", - деді ол.
Әлихан Смайловтың сөзіне сүйенсек, бюджет игерілмеуінің негізгі себептеріне орындалған жұмыстардың актілерін уақытылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеу шарттары мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну секілді себептер кіреді.
Назерке Сүйіндік
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді
-
6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ
-
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
-
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды
-
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор
-
Astana Hub: Стартаптар сатылымын 73 млн теңгеге арттырып, жаңа жұмыс орындарын құрды
-
Карантин кезінде мемлекеттік бюджет қанша қаражаттан қағылды
-
2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды
-
Республикалық бюджет: Өңірлерге, әлеуметтік салаға қанша қаражат бөлінеді
-
Экономиканы дамыту: Ұлттық қордан бөлінетін қаржы қайда жұмсалмақ/Экспорт пен импорт болжамы
-
2,1 млн қазақстандықтың шотына 42 500 теңге түсті
-
42500 тг: 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың шотына түсті
-
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі: Облыс стационарларында дәрі тапшылығы жоқ
-
Анар Жаилғанова: Елордада 14 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде

