• Басты
  • Республика бойынша 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді – Б.Атамқұлов
14 Сәуір, 2020 10:14

Республика бойынша 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді – Б.Атамқұлов

Республика бойынша 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Республика бойынша 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді – Б.Атамқұлов
«Қара металлургияда өндіріс көлемі 101,5% құрады. Оң өсімге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ -да болаттың 26%, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС арматура прокаты 45 %, «Кастинг» ЖШС үздіксіз құйылған шаршы дайындамалары 8,7%, «АРАЗ» ЖШС рельстер 24% сияқты кәсіпорындардың өндіріс көлемінің артуы арқылы қол жеткізілді», - деді Б.Атамқұлов.

Сонымен қатар, министр түсті металлургияда өндіріс көлемі 8,1% өскенін атап өтті.

«Өндіріс көлемі келесі кәсіпорындар арқылы артты: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-да: тазартылған мыс 19% , мыс катанкасы 101%, құймадағы алтын 14%, түйіршіктелген күміс 29%; «Қазмырыш» ЖШС-да: металл мырыш 3%; «Кастинг» ЖШС-да: мыс сымы 92%, жез қорытпасы 46% ; «Қазақстан Алюминий» АҚ-да: глинозем 1%; «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да тазартылған алтын 33%, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да бастапқы алюминий 2%, «Қостанай минералдары» АҚ–да хризотил 7%, «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС –да катодтық мыс 17 % артты», - деді ол.

 Сонымен қатар, машина жасау саласында өндіріс көлемі мына көлемдердің ұлғаюы есебінен 30,4% өсті: автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 69,5% басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 20,7%, электр жабдықтары 17,8%, өзге де көлік құралдарын жасау 53,6%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және  орнату 6,2%, компьютерлер жасау 9,6% өсті. 

«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 32,2% өсті. Өсім «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-де шығаратын өнім көлемінің 6 есеге артуымен байланысты болды. Бұдан басқа, «СК-Фармация» дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді», - деді ол.

Б.Атамқұловтың айтуынша, жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс 14,2% өсті.

«Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 12,3%, былғары және оған жататын өнімдердің 18,9%, киім өндірісінің 14,7% ұлғаюына байланысты.  Қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде саланың дамуы бойынша бірқатар нормативтік актілер мен жүйелі шаралар қабылдануда», - деді ол.

Оған қоса, тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісінің көлемі 8,1% ұлғайды.

   «Бұл өсімге негізінен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (+6%), «RG Gold» ЖШС (+59%), «Майнқайналтын» АҚ (+55%), «Қазхром» ЖШС (+33%) кәсіпорындарының есебінен қол жеткізілді», - деді ол.

 Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,7% құрады.

« 16 өңірде оң динамика байқалады. Олардың ішінде Қарағанды (150,8%), Батыс Қазақстан (122,9%), Атырау (119,3%), Түркістан (118,5%) және Ақмола (117%) облыстары көш басында келеді. Тек Қызылорда облысында көрсеткіштің төмендеуі байқалады», - деді ол.

Министр тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсан қорытындысында 2 млн. 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.

  «Ол 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,4 құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 18,7% құрады (жоспар 14,1 млн. шаршы метр).Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы - жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 12 өңірде байқалады. Көшбасшы өңірлер: Алматы (120,9%), Жамбыл (120,6%), Қарағанды (107%), Павлодар (105,8%) және Қостанай (105,4%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (108,8%)», - деді ол.

Министр жыл қорытындысы бойынша министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда нақты көлем индексінің жоспарлы көрстекіштеріне қол жеткізетінін атап өтті.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды