• Басты
  • Әрбір азамат бұл заңның болашақта орындалу міндетін дұрыс түсінуі керек – Ж.Ибрагимов
14 Мамыр, 2020 14:28

Әрбір азамат бұл заңның болашақта орындалу міндетін дұрыс түсінуі керек – Ж.Ибрагимов

Сенат депутаттары «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын қайта қарап, ұсынылған толықтырулар мен түзетулерді енгізу үшін Мәжіліске қайтарып берді. Осы орайда Заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимов заң жобасына дер кезінде өзгерістер енгізу қарастырылып жатқанын жеткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Әрбір азамат бұл заңның болашақта орындалу міндетін дұрыс түсінуі керек – Ж.Ибрагимов
«Қазіргі таңда бейбіт шеруге шығу туралы заңнаманың жобасына қатысты қоғамда сарапшылар мен заңгерлер тарапынан қызу талқылау жүріп жатыр. Парламент қабырғасында жоғарғы палата өз ұсыныстарын Мәжіліске жолдады. Бейбіт жиындарға шығу заң жобасы мемлекет үшін жаһандық талаптарды ескере отырып, халықаралық аренадағы Қазақстанның орнын ескере отырып, дер кезінде қабылданып отырған заң. Себебі, ҚР Конституциясында әрбір азаматтың бейбіт мақсатта шеруге шығу құқығы белгіленген. Осы орайда заң жобасына дер кезінде ұсыныс жасалып отыр деп ойлаймын», - деді Ж.Ибрагимов.

 Сондай-ақ, профессордың айтуынша, шетелдік тәжірибеге назар аударатын болсақ, кейбір мемлекеттерде экологиялық, ұлттық қауіпсіздікке жаһандық деңгейде нұқсан келтірілмейтін кезде ғана бейбіт шеруге шығуға рұқсат етіледі.

 «Әрбір азамат бұл заңның болашақта орындалу міндетін дұрыс түсінуі керек. Бұл заңға қатысты кейбір сарапшылардың адамдардың құқығын шектеуге байланысты көзқарастарына айтатын пікірім. ҚР Конституциясының 39-бабында нақты көрсетілген, адамның құқықтары мен бостандығы біздің мемлекетте толыққанды қорғалады. Бірақ, мемлекетімізде Конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, шекараны, адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекет заң көлемінде әр азаматтың құқығын шектей алады. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Заңға енгізілген өзгертулер оларды жетілдіруге бағытталған. Сондықтан да бұл заң уақытында қаралып жатыр», - деді ол.

 Айта кетейік, Сенат депутаттары Мәжіліске "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын, сондай-ақ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заң жобасын қайтарып берді.

Фото: ашық дереккөз 
Барлық жаңалықтар
34.200.252.156, 192.168.88.100