- Басты
- Жаңалықтар
- Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
ҚР Президентінің Ұлттық сенім кеңесі отырысында көтерген мәселелері мен ұсыныстары туралы сарапшылар Strategy2050.kz тілшісіне пікір білдірді.

Саясаттанушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалының пікірінше, Ұлттың сенім кеңесінің нақты реформалар жасап, мемлекеттік маңызы бар шешімдер шығаруда маңызы ерекше.
«Бүгінгі алқа мәжілісінде Президент Ұлттық сенім кеңесінің қызметіне жоғары баға берді. Кеңес құрылған 1,5 жыл ішінде 13 заң жобасы әзірленген. Бұл заң жобалары әлеуметтік, саяси реформаларды тереңдетуге бағытталған. Қазір тағы да 9 заң жобасы дайындалып жатыр», - деді.
Саясаттанушы Президенттің Ұлттық сенім кеңесі мүшелерінің атын атап, олар көтерген мәселелерге тоқталғанын атап өтті.
«Ұлттық сенім кеңесі консультациялық кеңес беруші топ болып құрылған еді. Бір жарым жылдың ішінде реформа жасайтын күшке айналды. Кеңес мүшелері көпшіліктің көкейіндегі мәселелерді көтеріп жүр. Айта кету керек, ағымдағы мәселелерді ғана емес болашақтың еншісіндегі мәселелердің де алдын ала шешу жолдарын қарастырып жүр», - деді Расул Жұмалы.
Президент бүгін көтерген мәселелерді бұған дейін Жолдауында да, басқа да жиындарда көтерген болатын. Расул Жұмалының пікірінше, қазір тек уәде емес, нақты шешімдер мен ұйымдастырушылық алғышарттары пайда болған.
«Президент халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ерекше назар аударды. Мәселен, пандемия кезінде азаматтарға жан-жақты көмек, ауыл тұрғындарының жағдайын жасау, ауыл жастарының білім алуына жағдай жасау, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру, студенттердің шәкіртақысын көбейту – мұның бәрі халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты шаралар. Бұл шаралардың сөз жүзінде айтылып қана қойғанын көрген жоқпыз, іс жүзінде жүзеге асқанының куәсі болдық», - деді ол.
Расул Жұмалының пікірінше, өркениетті мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін мүгедек жандар, кемтар балалар мен қарттарға көрсетілетін қамқорлық пен қолдаудан анық көрінеді.
«Тоқаев әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар мен инклюзивті білім алуды қажет ететін балалардың жағдайы мемлекет тарапынан жасалу тиіс екенін айтып жүр. «Барьерсіз кеңістік» деген тұжырымдама бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың дәрігерден алатын көмегі, құжат рәсімдеулері – бәрі қолжетімді болуы тиіс. Президенттің осындай жандарға мемлекеттік қолдау көрсетуі мемлекеттік саясаттың ұтымды тұсы деп білемін», - деді ол.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі

