• Басты
  • ҚР Вице-премьері қарағандылық педагогтарға алғыс хат тапсырды
4 Қазан, 2019 18:10

ҚР Вице-премьері қарағандылық педагогтарға алғыс хат тапсырды

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев, Білім министрі Асхат Аймағамбетов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақтың педагогикалық қоғамдастығымен кездесті. Кездесу Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде өтті. Оған педагогикалық еңбек ардагерлері, жас мұғалімдер, ЖОО ректорлары және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
ҚР Вице-премьері қарағандылық педагогтарға алғыс хат тапсырды | Strategy2050.kz

ҚР Премьер-министрдің орынбасары педагогтарды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол оқытушылардың біліктілігі мен күнделікті еңбегі үшін алғысын білдірді. Және де ардагер ұстаздарға ерекше құрметін білдірді. Бердібек Сапарбаев 8 қарағандылық мұғалімдерге Премьер-Министрдің атынан алғыс хат тапсырды.

Вице-премьер педагогтарды қолдау үшін мемлекет қандай шаралар қолданатыны туралы айтты. 

«Бүгінде еліміздің мектептерінде материалдық-техникалық база жақсарды. Тәуелсіздік жылдарында 1000-нан астам мектеп салдық. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Елімізде білім сапасы жақсаруда. Біздің жастарымыз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Қазір біздің міндетіміз – балаларды қосымша біліммен қамту және олардың рухани дамуын ұмытпау. Бұл ретте мұғалімнің рөлі өте маңызды.Біз, өкінішке орай, адамгершілік тәрбиеде жағынан қалып барамыз, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс әлсіреп кетті», - деді Бердібек Сапарбаев.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң жобасы туралы айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында педагог мәртебесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл заң жобасы көптеген өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ол мектеп және мектепке дейінгі білім беруде күтілетін жаңалықтар, сондай-ақ колледждердің дамуы туралы айтты. 

«Бірінші міндет - үш тілді білім беру. Мектептердің дайындығына қарай 4 пән ағылшын тілінде оқытылады. Ағылшын тілін оқушылар 2 немесе 3 сыныптан бастап немесе ата-анасының қалауы бойынша 5 сыныптан бастап оқитын болады. 12 жылдық білімге көшудің үш нұсқасы қарастырылады. Сондай-ақ Президент балаларды мектепке жеткізу мәселесін шешуді тапсырды. Қазір біз осы сұрақтың шешу жолдарын іздеудеміз. Колледждерге келетін болсақ, онда оқу бағдарламаларын өзгерту және WorldSkills элементтерін енгізу қажет. Бұл колледждердің дамуына қуатты серпін береді», - деп атап өтті Білім министрі.

f0fad917-ae0e-4578-85f1-f9114adbb85f.jpg

Кездесу диалог форматында өтті. Оқытушылар министрге сұрақтарын қойды. Оларды негізінен педагогтарды аттестаттау, білім беру саласын қаржыландыру, жеке меншік мектептерді салу және пайдалану мәселелері мен біліктілікті арттыру курстарын төлеу қызықтырды.

Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ ауыл шаруашылығы кешендері бойынша «АgroSkills» бірінші облыстық чемпионатын өткізу алаңына барды. Бұл сайыста 9-10 сынып оқушылары «Zhasagroskills» кәсіби шеберлік байқауында өздерінің дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.

Чемпионат үш бағытты қамтыды - сандық егіншілік, робототехника және фермерлік шаруашылықтарды жобалау.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды