• Басты
  • ҚР Тұңғыш Президенті: 4-бөлім. Көшбасшы жолы
28 Қараша, 2019 10:00

ҚР Тұңғыш Президенті: 4-бөлім. Көшбасшы жолы


ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың төртінші бөлімі Елбасының көшбасшылығына арналады.
ҚР Тұңғыш Президенті: 4-бөлім. Көшбасшы жолы

Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.

Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаң­ғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады.

Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалып­тастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыс­тығын дәлелдеді.

Оның шынайы егемендіктің негізін қа­лауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдық­та­рын анықтауға бағытталған көпқырлы қыз­метінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мем­ле­кет­тігі­міздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көш­басшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел болады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи фено­мені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленеді.

Нақты істерді атқаруды, барлық жүйеде орнықтылықты сақтауды, стратегиялық жос­парлау мен кезең-кезеңмен дамуды көз­д­еген Ұлт көшбасшысының мұндай праг­матикалық ұстанымы отыз жылға жуық уақыт ішінде еліміздің мемлекет құрып, таң­ғаларлық нәтижеге қол жеткізуіне мүм­кіндік берді. Қоғамның барлық саласындағы үздіксіз трансформация үдерісі мен маңыз­ды әрі жүйелі реформалардың арқасында дүниежүзі «Қазақстанның кереметі» жөнін­де айта бастады. Әрине, мұны жасаған да, авторы да – Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы ойластырған саясат пен оның көшбасшылық сипаты Қазақстан экономикасын әлем бойынша экономикасы ең тез дамыған елдердің бірінің дәрежесіне жеткізді. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі және халықтың қуатты қолдауының арқасында әлемдік қауымдастықта «Қазақстандық даму моделі» кеңінен таралды. Бұл модель терең ойластырылған бағыт бойынша біртіндеп және сенімді дамуға негізделеді.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан

Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік Кеңесін Төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі. 

Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті шешімдер мен ұсынымдарды әзірлейді және қабылдайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

Партия төрағасы

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Nur Otan». Оның Төрағасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия еліміздің негізгі саяси күші саналады. 2012 жылдың 15 қаңтарында болып өткен ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысында «Nur Otan». партиясы сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысына ие болды.

Партия өз қызметін бастаған жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды. «Nur Otan» – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. Қазақстанда қолдаушыларының саны көп саяси партия ретінде, «Нұр Отан» дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенді, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отырды. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айналды.

Қазақстанның қазіргі заманғы барлық табыстары мен жетістіктері елдің басты партиясы мен оның көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін зор сеніммен айта беруге болады.

ҚХА басшысы

Жүз отыздан астам этнос өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін маңызды міндет этносаралық және конфессияаралық диалог пен өзара іс-қимылды сақтау және нығайту болып табылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті төрағасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – біздің елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдаудың тиімді тетігіне айналды. Тәуелсіздік таңында құрылған Ассамблея өзінің маңыздылығы мен тарихи қажеттілігін көрсету ісінде Қазақстанның жаңа бірегей қоғамдық және мемлекеттік институтына айналып отыр.

Ел Президенті жүргізіп отырған саясаттың арқасында барша азаматтардың толеранттылығы мен құқығының теңдігі және бостандығы, Қазақстан халқының бірлігі нығая түсуде. Бүгінде біздің республикамыз түрлі этностар мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруінің үлгісін көрсетіп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілін және дәстүрін дамытуға ұдайы зор көңіл бөліп келеді. Елбасының мұндай саясаты қазақстандық қоғамның тұрақтылығының іргетасы болып табылады.

ҚХА-ның беделі мен маңызы арта түсуіне бір дәлел ­­– Мәжілістің 9 депутаты енді ұйымнан сайланатындығы. Ассамблея –  Қазақстанның бірегей қоғамдық-саяси жаңашылдығының нәтижесі және қоғамды біріктірудің пәрменді құралы.

Ұлттық қор басшысы

Ұлттық қордың негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинақтау болып табылады.

Тиісінше, Ұлттық қордың функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып табылады.

Жинақтау функциясын орындау үшін Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгіленген, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшері шектелмейді.

Тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуді, сондай-ақ экономикалық құлдырау немесе экономиканың өсу қарқынының төмендеуі кезеңдерінде экономикалық өсуді ынталандыруға және ұлттық ауқымдағы әлеуметтік мәні бар, өзін-өзі ақтамайтын жобаларды, стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қаржыландыру үшін нысаналы трансферттерді пайдалануды болжайды.

Ұлттық қордың негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинақтау болып табылады.

Тиісінше, Ұлттық қордың функциялары жинақтау және тұрақтандыру болып табылады.

Жинақтау функциясын орындау үшін Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгіленген, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшері шектелмейді.

Тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуді, сондай-ақ экономикалық құлдырау немесе экономиканың өсу қарқынының төмендеуі кезеңдерінде экономикалық өсуді ынталандыруға және ұлттық ауқымдағы әлеуметтік мәні бар, өзін-өзі ақтамайтын жобаларды, стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қаржыландыру үшін нысаналы трансферттерді пайдалануды болжайды.

Назарбаев университеті және мектептер, қордың төрағасы

Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылады, оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады.

Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың даму стратегиясын, жарғыларын; мүлікке билік ету тәртібін бекіту; Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру; Университетті, Зияткерлік мектептері мен Қорды қайта құру немесе тарату жатады.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қаласында өткен, Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайының шешімі бойынша 1992 жылы 28 қыркүйекте құрылған. Осы құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.

Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. 

Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайының шешімімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы етіп қайтадан сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды