• Басты
  • ҚР Тұңғыш Президент Қоры мұғалімдер үшін дамытушы пікірталас алаңын іске қосты
2 Сәуір, 2020 15:22

ҚР Тұңғыш Президент Қоры мұғалімдер үшін дамытушы пікірталас алаңын іске қосты

Бүгінгі күні Қазақстанның білім беру жүйесінде мектептерді, колледж бен университеттерді онлайн білім алу форматына көшіру бойынша қызу жұмыс атқарылуда. Коронавирус карантиніне байланысты білім беру сапасын жоғалтпай қашықтан білім беру форматына  қысқа уақытта көшу қажеттілігі туындады.
ҚР Тұңғыш Президент Қоры мұғалімдер   үшін дамытушы пікірталас алаңын іске қосты

Орын алған жағдайды ескеріп, Қазақстан Республикасы Түңғыш Президенті Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративті қоры www.fpp.kz сайтында «Birge oqý» дамытушы пікірталас алаңын іске қосуда. 

Қазақстандықтардың қашықтан білім алу форматына көшу барысы нәтижелі және ыңғайлы болуы үшін «Birge oqý» жобасы мұғалімдерге онлайн білім берудің қыр-сырын таныстырып, жаңа технологияларды меңгеруге көмектесу, сондай-ақ ата-аналардың қорқынышын сейілтіп, дақпыртты болдырмау, жаңа мүмкіндіктермен таныстыру, балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру мақсатын қойып отыр. 

«Birge oqý» мұғалімдерге онлайн оқытудың жаңа технологиялары мен ресурстарын, ата-аналарға жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп, туындап отырған уайымдарын алдын алуға, ал балалар үшін сапалы онлайн-білім алу жолдарын кеңейтуге бағытталған жоба.

«Birge oqý» жобасының негізгі бағыттары: 


  1. Мектеп мұғалімдеріне, қосымша және арнайы білім беру ұстаздарына, сондай-ақ ата-аналарға арналған пікірталас алаңының негізінде берілетін оқыту курсы. Ақысыз негізде жүргізіледі.

  2. Қазақстанда және әлемдегі онлайн білімді енгізу туралы жаңалықтармен бөлісу.

  3. Онлайн білім алудағы ең үздік ресурстардың тізімін ұсыну, шолулар, авторлық бағаналар.

Платформа мұғалімдерге қашықтан білім беруді қалай және неден бастау керектігін түсіндіретін көмекші және серіктес бола алады. Онлайн білім берудің негізгі құралдарын, нұсқаулық пен техникасын көрсетіп, түсінікті айтып береді. Курс барысындағы барлық процестер мессенджерлер, www.fpp.kz сайтының пікірталас алаңындағы топтары мен call-орталық арқылы кері байланысты ескере ұйымдастырылады.

Алаңды құру барысында көптеген жылдар бойы онлайн-білім беру саласында жұмыс істейтін, бұл оқытудың ерекшеліктері мен қағидаларын білетін озық отандық мұғалімдердің тәжірибесі ескерілді. Ауылдық жерлерде онлайн оқытуды ұйымдастыру құралдарын зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. 

Қолданушылар үшін видео және аудио сабақтар, конспектілер мен жаттығулар ұсынылатын болады. Материалдар кері байланыс арқылы алынған ұсыныстарды қоса алғанда күнделікті жаңаланып, толықтырылады. Бұдан бөлек платформа негізінде қолданушылардың жеке контентін жариялау, арнайы кеңестермен бөлісу, түрлі байқаулар мен сауалнамаларға қатысу мүмкіндігі көзделген.

Платформаның әлеуметтік желі форматында ұйымдастырылуы ең үздік тәжірибелермен тез арада бөлісуге, онлайн білім алудың өзекті мәселелерін талқылауда, мәселелердің шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. 

Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін Youtube, What’s App, Facebook, Instagram, Odnoklassniki, Telegram желілерінде «Birge oqý» жобасының парақшалары іске қосылған.  Сондай ақ 7170 нөмірі арқылы сall-орталыққа (қоңырау шалу тегін) хабарласуға болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды