• Басты
  • ҚР Тұңғыш Президенті күні: 2-бөлім. Металлургтер қаласындағы тұлғаның қалыптасуы
26 Қараша, 2019 09:23

ҚР Тұңғыш Президенті күні: 2-бөлім. Металлургтер қаласындағы тұлғаның қалыптасуы

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың екінші бөлімі Елбасының кәсіби қызметіне арналады.
ҚР Тұңғыш Президенті күні: 2-бөлім. Металлургтер қаласындағы тұлғаның қалыптасуы

Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді қызықтыруға және соңына ерте білуге қабілеттілігі байқалып, бағаланды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.

Басында ол бұл ұсынысқа онша ықылас танытқан жоқ – жалақының едәуір бөлігінен айрылуы мен «жалынды жылдарының» жалғаспай қалатыны қынжылтты. Бірақ қатаң партиялық тәртіп осыған міндеттеді. Оған қоса металлург достары да мұның басшылық жұмысқа барғанын құптады.

Біраз уақыт өткен соң ол бұл маңызды іске қызу араласып кетті. Қалың көптің ортасында солардың мүддесі және арман-тілектерін сезіне отырып тіршілік ету, оларды басқару мен ұйымдастыру Назарбаевтың қанында бар қасиет болып шықты.

Бірге жұмыс істеген жандардың көбі кейіннен оның адамды және оған қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны туралы айтып жүрді.

b76f6934950630438b9931155f1d54b5.jpg

«Алғашқы шойынды көп күттік. Барлық қала зауытқа жиналған еді. Жол 2-3 шақырымды құрайтын. Тікелей жол да жоқ, тек жұмыскерлер мен құрылысшылар салған тротуар. Осы жолмен тізбектеліп бірнеше мың адам келді. Алғашқы шойын түскен кезде барлығы жан-жағынан тұрып алған еді, бұл қауіпсіздік ережесінің бұзылуы,әрине. Шойыны бар шөміш құюға жеткізілгенше дейін ешкім тарамады. Басшылық қанша сөйлесе де, ешкім тарамай қойды. Барлығы өз қалауымен келген адамдар еді», - дейді бір сұхбатында Назарбаевтың әріптесі әрі замандасы К.Сарекенов.

Сондай-ақ, ол ең беделді пікірді Н.Назарбаев айтатынын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев кез келген тапсырмаға аса үлкен жауапкершілікпен келетін. Қарапайым әрі маңызды тапсырма деп бөлмейтін еді. Осы қасиетіне қарай ерекшеленетін. 1961 жылы Назарбаевты Хельсинкиге Әлемдік жастар фестиваліне жіберу шешімі қабылданды. Ол 4 жылда бір өтетін шара еді. 

«Біз Днепродержавинскте достасқан едік. Мен Батыс Қазақстаннан бардым, ол Алматы облысынан келді. Танысып, тіл табысып кеттік. Теміртауға келгенде де , бірге жүрдік. Н.Назарбаевпен жатақхананың бір бөлмесінде тұрдық. Бірде жұмысқа кешігіп қалдық. Ол бір жерден түнге қарай шай немесе айран ішсең, ұйқың қанады дегенді оқып алыпты. Шынымен де, ұйқымыз қанды, алайда жұмысқа кешігіп қалдық. Көзімізді ашсақ, 8 болып қалыпты. Ол кезде біз зауытта болуымыз керек. Оған жететін 4 шақырым жол жатыр. Біз киіне салып, жүгіре шықтық. Бір тоқтамай, жұмысқа жеттік. Басшылық бізді жазаламайтын болды. Көп жұмыс істедік, көп үйрендік», - деді ол. 

Н.Назарбаев 9 жыл Қаршойынкомбинатындағы домна пешінде 9 жыл жұмыс істеді. Одан кейін оның саяси мансабы басталды. Алдымен ол Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. Кейін Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы болды.

9c67ea31420f63cf0227d648e12b8290.jpg

   «Теміртау мен үшін  - алтын бесік. Магнитканың тарихы, Теміртаудың тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырыммен ажыратылмас. Егер менің өмірімде Магнитка  мен Теміртау болмаса, мен ешқашан Президент болмас едім. Көп уақыт өтті, алайда Украинада металлургия мамандығын Қазақстан Магниткасында жұмыс істеу үшін меңгеріп жүрген бір топ жас жерлестерімді қуанышпен еске аламын. Бұл жастық шақ үшін ғана емес, Днепрдегі демалыстарымыз бен Днепродержавинскідегі жұмыс күндеріміз, алғашқы қорқынышымыз бен ұстаздарымыз – барлығы есімізде қалды. Біздің мінезімізді қайрап, металлург қылғандар жадымызда», - деген еді Елбасының өзі.

  

Аягөз Құрмаш

Фото: ашық дереккөз 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды