• Басты
  • ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі
26 Қыркүйек, 2019 09:52

ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі

Ресей төрағалығының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ҰҚШҰ, ШЫҰ және ТМД сияқты өңірлік ұйымдармен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дебаттар өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.

ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді пікірталасқа қатысып, мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, ол біздің республикамыз БҰҰ-да мүшелігі мен төрағалығы кезеңінде лаңкестікке қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексі әзірленді. Бұл құжатқа БҰҰ-ға 84 мүше мемлекет қосылды.

 Сол күні Министр М. Тілеуберді БҰҰ алаңындағы басқа да іс-шараларға қатысты:

«Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі конференцияда М. Тілеуберді ЯСЖТШ құруға негіз болған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы шешімінің тарихи рөлін атап өтті.

Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің жоғары деңгейдегі 18-ші кездесуінде сөйлеген сөзінде біздің Министр Қазақстанның осындай елдердің алдында тұрған экономикалық даму жолындағы қауіп-қатерлер мен кедергілерді еңсерудегі белсенді рөлін атап өтті. Аталған кездесуде Қазақстан 2020-2021 жылдарға осы елдер тобының келесі жаһандық төрағасы болып сайланды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды