- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды
2021 жылдың 5 қаңтарында өткен «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа берілді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2011 жылы құрылған қоғамдық бірлестіктің номинациялары мемлекет қайраткерлері мен шығармашылық интеллигенция өкілдерінің елдің мәдени және әлеуметтік-саяси өміріндегі елеулі жетістіктері үшін беріледі.
Қоғамдық бірлестіктің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелдің ақпаратына сәйкес, А.Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қала, аудан, ауылдық әкімдіктерді сервистік үлгіге толығымен көшірудегі қомақты үлесі, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға белсене қатысу, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Адалдық алаңы» жобасын насихаттау, қоғам пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналған «Antikor Ortalygyn» ашу, сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамаларды іске асыру және т.б. бірқатар бастамалары үшін марапатталған.
Осыған дейін бұл номинацияға Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және т.б танымал ақын-жазушылар ие болған.
Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастарды патриоттық тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде
-
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары
-
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары
-
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші
-
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар
-
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды
-
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет
-
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау
-
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты

