• Басты
  • Р.Биғари: Мемлекет қаржысына алынған компьютерлерге білім басқармалары басымен жауап береді
9 Қараша, 2020 17:24

Р.Биғари: Мемлекет қаржысына алынған компьютерлерге білім басқармалары басымен жауап береді

Мектептерді компьютермен қамтамасыз ету тақырыбында ҚР білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари өңірлердегі білім басқармаларымен онлайн мәжіліс өткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Р.Биғари: Мемлекет қаржысына алынған компьютерлерге білім басқармалары басымен жауап береді

Пандемия мектеп оқушыларын үйден компьютермен оқытуға бейімдеді. Әр оқушыны компьютермен қамтамасыз ету білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің, білім басқармаларының міндеті болып отыр.

Рүстем Биғаридің айтуынша, пандемия басталғаннан бері білім және ғылым министрлігі жедел түрде компьютер алуға қаражат бөлген.

Біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және бірнеше компаниялармен білім беру саласында онлайн оқытуды жүйелендіру үшін бірқатар шаралар қабылдады. Министрлік тамыз айында барлық өңірдегі білім беру басқармаларына техника алу туралы арнайы комиссия құру керектігі туралы хат жолдаған болатын. 1 қыркүйекке дейін республика бойынша мектептерге барлығы 500 мың компьютер жеткізілді. Қазір тек Қазақстан емес, бүкіл әлем техника тапшылығын сезініп жатыр. Мемлекеттік сатып алудан ұтқан тауар жеткізушілер компьютердің сапасына, сервистік қолдауына, кепілдік мерзіміне және жеткізу мерзіміне асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс , - деді вице-министр.

Рүстем Биғаридің дерегінше ҚР Үкіметінің қолдау көрсетуімен, қазақстандық 4 компания мектептерге техника әзірлеуге тапсырыс алады. Вице-министр өңірлердегі білім басқармаларының компьютерлер туралы есебін тыңдап, бағасын берді.

Алматы облысы

Алғаш болып Алматы облысының білім басқармасы есеп берді. Алматы облысында 400 мыңнан аса оқушы бар. Облыстық білім басқармасы өкілінің дерегінше, компьютер шығаратын зауыттар мен жеткізушілерден лицензиялық алым сұратылды. Әр тасымалдаушының Талдықорған қаласында өз сервис орталықтары бар. Осы жолы келген компьютерлердің 50-інде түрлі ақау табылды. Олар тасымалдаушылар арқылы заводтың өзіне қайтарылды. Компьютерлер оқушыларға үлестірілгеннен кейін ір оқушыға жеке номер беріліп, компьютерге номер байланады.

 Ақтөбе облысы

Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысына 2999 планшет 3314 компьютер келген. Ноутбуктері 20 қарашаға дейін жеткізеді екен. Компьютерлерге қатысты барлық құжат мен лицензиялар конвертке салынып, бірге келген. Бірнеше планшетте ақаулар болған, алайда оны тексеріп ауыстырып алды. Кез келген жаңа техниа IT мамандардың тексеруінен өтеді. Әр компьютердің кепілдік мерзімі 36 ай.

Қостанай облысы

Облысқа жалпы саны 15222 компьютер бөлінді. 8334 осы күнге дейін жеткізілді. Бұл 55 пайызды құрайды. 2000 нан аса планшет жеткізілді. Осы аптада 6000-нан аса ноутбук келеді. Тұрғындар тарапынан шағым жоқ, өйткені техника әлі таратылған жоқ. Қостанай облысы білім департаменті басшысының айтуынша, тексерілген техникадан ақау табылса, жедел түрде зауытқа қайтарылады. Осы жолы Қостанайға келген компьютерлердің . 3-і сабақ оқуға жарамсыз болып шыққан. Олар кейін қайтарылды. Әр техниканың кепілдік мерзімі года гарантия. Атек компаниясы . 4 отандық жыл.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысына 22 789 техника жеткізілген. Компьютермен қамтамасыз ету жұмысы 100 пайыз орындалған. 10 000 компьютерді IT мамандар тексеріп жатыр. 2 тоқсанда 9300 бала алады компьютермен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп Қызылорда облысының мектеп оқушылары техникамен толық қамтылады.

Маңғыстау облысы

Логиком компаниясы жеткізген 7000 ноутбукте Microsoft Office бағдарламалары жоқ болып шыққан. Облыстық білім беру басқармасы бұл 7000 ноутбукті кейін қайтарып, бағдарламаларды орнатуға жіберген.

Онлайн мәжіліс соңында Рүстем Биғари білім басқармалары басшыларына әр компьютердің сапасына, санына баспен жауап беру керектігін айтты.

Барлық жаңалықтар
18.232.146.10, 192.168.88.100