• Басты
  • Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті
7 Қыркүйек, 2020 17:39

Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мемлекет басшысының жолдауында ел индустриясын дамытуға және экономиканы әртараптандыруға ерекше назар аударғанын атап өтті. Оның сөзінше, өнеркәсіп кешені - еліміздің даму деңгейін анықтайтын, бюджетін толықтыруына кепілдік беретін және мемлекетке азаматтар алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін экономиканың негізі. Сондықтан, индустрияландыру бағдарламасы бойынша өндірістік секторға баса назар аударған дұрыс екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Р.Скляр: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті

Әлемдегі және еліміздегі пандемия жағдайында 2020 жылдың 7 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8 пайызға өсті. Ал фармацевтика 23,2 пайызға, машина жасау 13,9 пайызға және жеңіл өнеркәсіп 7,3 пайызға артқан», - деді Роман Скляр.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың жоғары қарқынын белгілеген болатын. Өңдеу өнеркәсібінде  өндіріс көлемін 1,5 есеге ұлғайту  бойынша ауқымды жұмыс жүргізу қажет. Осы мақсатқа жету үшін  артықшылықтар мен нарықтағы экспорттық мүмкіндіктердің біртіндеп артуымен өңдеу өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін дамыту бойынша шаралар қабыланады.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін металдар өндірісі бойынша отандық кәсіпорындар мен қосымша құны жоғары өнімдер шығару бойынша оларды қайта өңдеушілер арасында өзара тиімді ынтымақтастық механизмі жасалады.  

«Институционалдық негізді сақтай отырып, жұмыстарға жүйелілік беру үшін «индустриялық саясат туралы» заң жобасымен жұмыс басталды. Қазіргі таңда заң жобасы әзірленді және бизнес қауымдастық пен салалық қауымдастықтар, сонымен қоса өнеркәсіптік кәсіпорындармен талқылануда», - деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары.

Роман Склярдың сөзіне сүенсек, заң жобасында қолдау шаралары құралдарын кеңейту, мемлекеттен, квазимемлекеттік сектордан және жер қойнауын пайдаланушылардан кепілдендірілген сатып алуды жүзеге асыру шаралары ескерілген. Транзиттік трафиктік депозицияларды ұстап қалу үшін қызмет көрсету, тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмысты жүргізіледі. Осы мақсатта Қазақстанның көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жалғасады. 2020 жылы республикалық автомобиль жолдары желісінің 4 мың шақырымы ашық болады. Қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90 пайызды құрайды. 2025 жылға дейін республикалық автомобиль жолының 100 пайызы қалпына келтіріліп, қайта жаңартылады, сонымен қатар сервистік инфрақұрылымды құру аяқталмақ.

Сонымен қоса Роман Скляр Ресейден сатып алынатын коронавирусқа қарсы егілетін вакцинаға қатысты пікір білдірді. Ол бұл вакцинаны бірінші болып тіркеген Гамалея атындағы Ресейдің вирусология институты екенін атап өтті.

«Ресей Федерациясында вирусологияның ғылым ретінде деңгейінің жоғары мойындаймыз. Сондықтан, ағымдағы жылдың 24 тамызында біз үкіметтік делегация құрамында алдын ала келісімге қол қойдық. Осыған сәйкес Ресей Федерациясы вакцинаны Қазақстанға алғашқылардың бірі болып сатуға міндетті, бірақ сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін. Вакцина тестілеудің екі кезеңінен өтті», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Роман Склярдың айтуы бойынша, тестілеудің үшінші кезеңі желтоқсан айына дейін болжамды түрде аяқталады. Барлық тиісті сынақтардан өткеннен кейін оны сатып алу туралы шешім қабылданбақ.

Барлық жаңалықтар