- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
Республикадағы барлық 9994 сайлау учаскесі және шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы 17 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
«Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың өтініштері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін 10599 есептен шығару куәлігін берді. Осы есептен шығару куәліктері бойынша азаматтар бүгін келген жеріндегі кез келген учаскеде дауыс бере алады», - делінген ОСК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін 11 612 есептен шығару куәлігі берілді.

Шетелдегі 49 сайлау учаскесі уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып, дауыс беруге кіріседі.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Бангкок, Ұлан-Батыр қалаларында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

Сонымен бірге, Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды. Сондай-ақ, Нью-Дели мен Исламабадтағы сайлау учаскелері жұмысын бастады

Бұдан бөлек, Баку, Ереван және Тбилисиде сайлау учаскелері ашылды.

Айта өтейік, сайлаушылар тізіміне 11 млн 915 мың 903 сайлаушы енгізілген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды