- Басты
- ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі
ҚР Президенті БҰҰ – ның 75 жылдығында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында өткен Ұйымының 75 жылдығына арналған шарада сөз сөйледі. Ауқымды шара пандемияға байланысты онлайн форматты өтіп жатыр. Сондықтан Президент үндеуін видео байланыстың көмегімен жолдады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

БҰҰ бұрынғы Бас Хатшысы Даг Хаммаршельд бір кездері: «Біріккен Ұлттар Ұйымы бізді жұмаққа жеткізу үшін емес, тозақтан құтқару үшін құрылған» деген болады. Қазақстан басшысы Хаммаршельдтің осы сөзін еске алып, қайталады.
Оның айтуынша, әуелде Біріккен ұлттар ұйымы ұжымдық қауіпсіздікті сақтау үшін құрылған болатын. Бірақ іс жүзінде дүние жүзі халықтарын ортақ мақсаттар мен мүддеге біріктірді. Осының арқасында ауқымы кең халықаралық ынтымақтастық кезеңі қалыптасқаны бәрімізге белгілі.
Мемлекет басшысы қазір қалыптасқан жаһандық сын-қатерлеріне алаңдаушылық білдірді.
Өкінішке қарай, 75 жыл ішінде әлемді қайғы-қасіреттен арылтуға бағытталған ортақ мақсаттарымызды орындау үшін және құндылықтарымызды ілгерілету жолында мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Соған қарамастан, жеңістер мен жеңілістерден қатар сабақ алуымыз керек. COVID-19 індетін ауыздықтау аса қиын болып отыр. Әлемде жаппай қарулану үдерісі қайтадан белең алып келеді. Стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге асыру ісі тұралап қалды, - деді ол.
Сонымен қатар, ядролық қару таратпау, терроризмге қарсы күрес, теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің проблемаларын атады. Президент БҰҰ Жарғысында бекітілген мақсаттардың пайдасы жоқ деген пікірлерге өз көзқарасын білдірді.
Мен өз елімнің Президенті және БҰҰ-ның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы ретінде бұл көзқараспен мүлде келіспеймін. Бұған қарамастан, біз үміт отын өшірмей, қайта оны лаулатуымыз керек; ортақ мұрат-мақсаттан бас тартпай, оған қол жеткізу үшін күш-жігерімізге тың серпін беруіміз қажет; анархияға жол бермей, халықаралық құқыққа негізделген қоғамдастық құруды жалғастыруға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейiнгi мерзiмгe apнaлғaн opнықты дaмyдың Күн тәртiбiн жүзeгe aсыpy үшiн бiрге жұмылудың өте маңызды екенiн атап өттi.
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің көңілдерден шыққан көшбасшылық қызметіне разы екенін жеткізді, оның Біріккен Ұлттар Ұйымның пайдасын, ашықтығын және айқындығын арттыруға бағытталған іс-қимылдарын қолдады.
Қазақстан БҰҰ-ның миссиясы мен Жарғысын берік ұстанады. Сонымен қатар, еліміз тұрақты, әділетті және өркендеген әлем құру жолындағы ортақ міндетті жүзеге асыруға атсалысады, – деді ол.
Ойын қорыта келе, Президент Тоқаев БҰҰ-ның, шын мәнінде, бірден-бір, әмбебап әрі баламасы жоқ халықаралық өкілетті ұйым деп есептейтінін білдірді.
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті

