• Басты
  • ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады

ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады

26 Сәуір, 2021 15:23

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров «Ұлттық Ұландағы» қызмет туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Жауынгерлік қызметтегі сарбаздар саны

Әскери кеңес хатшысының мәлімдеуінше, күн сайын 6 мыңнан аса әскери қызметші жауынгерлік қызметке шығады. Олар көшедегі тәртіпті қорғауға атсалысады. Аса маңызды мемлекеттік нысандар мен түзеу мекемелерін күзетеді. Күн сайын 6 мыңнан аса әскери қызметші полициямен бірге жауынгерлік қызметке шығады.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында Ұлттық ұлан сарбаздары дайындық жұмыстарын жүргізуде. Халқымыздың азаттық жылдарындағы басты байлығы – тұрақтылық, бейбітшілік және келісім. Бұл құндылықтарды және қоғамдық қауіпсіздікті таңдау үшін ел қорғаны – ұлттық ұлан тағайындалған. Олар қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін, азаматтарымыздың бостандығы мен құқығын, қылмыстық және басқа да заңға қайшы әрекеттерден қорғайды. Ұлттық ұланның қатарында қызмет ету ол үлкен абырой мен құрмет», - деді С.Имиров .

Әскер қатарына осылу талаптары

С. Имиров жас азаматтарды әскер қатарына қосылуға шақырды.

18-27 жас аралығындағы ҚР азаматтары жылына екі рет көктемде және күзде әскерге шақырылады. Дәл қазір шекара қызметі мен қорғаныс министрлігіне әскерге шақыру жүріп жатыр. Әскерге шақырылушыларды іріктеу және алдын ала зерделеу үшін ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің өкілдері тартылады. Жасақтау үшін іріктеу негізі орта білімнен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушылардың қатарынан жүзеге асырылады. Бұл ретте заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе ҚР қылмыстық процесстік кодексінің 35-бабының тармақтарына сәйкес жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ, әскерге шақырылушылардың әскерге шақыру сәтіне белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жақын туыстары бар адамдар әскерге шақырылмайды.

Ұлттық ұлан атқаратын қызмет

Спикердің айтуынша, Ұлттық Ұлан Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

«Заңмен бекітілген 9 міндетіміз бар. Қазіргі уаытта 12 стратегиялық және 3 аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету; қылмыстық-атқару жүйесінің 42 мекемесі; сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды темір жол және автомобиль көлігімен қарауылда жүзеге асырылуда; жоғарғы және әскери соттардың отырыстары қамтамасыз етіледі», - деді ол

Имиров хабарлағандай, әскерде қызмет етушілерге қолайлы жағдай жасалып отыр. Олар лайықты жалақы, түрлі әлеуметтік көмек пен баспанамен қамтамасыз етілген.

Сарбаздар көше тәртібін күзетеді

Ұлттық ұланның жеке құрамы Қазақстанның 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Осындай күзеттің нәтижесінде өткен жылы көше қылмысы 52,2% азайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ұландық әскери жасақтармен 3761 құқық бұзушы құрықталған. Оның ішінде 276 адам қылмыстық белгілерге қатысы бар дерекпен ұсталған.

«Сонымен бірге 25 дана суық және атыс қаруы тәркіленді. Мемлекет пайдасына 2 млн теңге мөлшерінде айыппұл өндіріп алынды», - деді ҚР Ұлттық ұлан Әскери кеңесінің хатшысы.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуынсыз бірде-бір ірі халықаралық, қоғамдық-саяси, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Бұл тізімде V Астана экономикалық форумы, Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері, 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммиті, 2011 жылғы Азия ойындары және т.б. бар.

Пандемия кезіндегі Ұлттық ұланның көмегі

2020 жылы түрлі ТЖ жоюға 5 мыңнан астам әскери қызметші мен 516 бірлік техника жұмылдырылды. Ұлттық ұланның жеке құрамы жыл сайын табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тікелей қатысады, сондай-ақ терроризм және ұйымдасқан қылмысқа қарсы топтармен бенсенді күрес жүргізеді. Өткен жылы түрлі ТЖ жоюға 5 мыңнан астам әскери қызметші мен 516 бірлік техника жұмылдырылды. Ұлттық ұланның жеке құрамы жыл сайын табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тікелей қатысады, сондай-ақ терроризм және ұйымдасқан қылмысқа қарсы топтармен бенсенді күрес жүргізеді.

«Апат немесе қандай да бір орын алған жағдайларда Ұлттық ұлан жауынгерлері бірінші болып көмекке келеді. Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарындағы су тасқыны кезінде, Арыс қаласында снарядтар жарылғанда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы орман өрттерінде ұландықтар алғаш болып көмекке аттанды. Биыл жауынгерлеріміз қар құрсауынан 326 адамды және 112 бірлік техника эвакуациялады», - деді ол.

Әскерлер коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Айтпақшы, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық ұлан сарбаздары вакцина алып жатыр. Қазіргі уақытта жеке құрамның 34 проценті екпе алды. Савердин Имиров айтқандай, әскери қызметшілерді вакцинациялау Ұлттық ұлан басшылардың ерекше бақылауына алынды.

«Бүгінде 10 608 адам вакцинаның 1-ші компонентін, 606 адам 2-ші компонентін алды. Вакцинациялау күнделікті міндеттерді атқару спецификасына қарай жүргізіледі және кесте бойынша өтіп жатыр», - деп есеп берді ол.

Барлық жаңалықтар