• Басты
  • ҚР ИИДМ: Көмір бағасын тұрақты ұстап тұрмыз
18 Қыркүйек, 2019 18:44

ҚР ИИДМ: Көмір бағасын тұрақты ұстап тұрмыз

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019-2020 жылдары қазақстандықтарға көмір өнімінің қажеттілігі 10,4 миллион тоннаны құрап отыр. Қазірдің өзінде 4,9 миллион тонна көмір дайын. Бұл көрсеткіш пайызға шаққанда – 47%. Жалпы қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін 11,6 миллиард теңге қарыз.  Көмір бағасын тұрақты ұстап тұру шараларын жүзеге асырып жатқандықтарын айтқан вице-министр Шұбаркөл көмірінің құны тоннасына 11,4 мың, Екібастұз көмірі 9,5 мың Қаражыра көмірінің бағасы 11 мың – 13 мың теңгеден аспайтынын мәлімдеді.


ҚР ИИДМ: Көмір бағасын тұрақты ұстап тұрмыз

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша жылы жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері, 1 мамырдан 16 қыркүйекке дейін теміржол көлігімен 23,5 миллион тонна көмір тасымалданған. Айтуынша бұл көсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға артық.

«Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қостанай облысстары мен Алматы қаласы бойынша көмір тиеу жоспарының орындалуы 100% -дан асты. Ал ШҚО, Қарағанды, Астана қалаларында 90% -дан асты. Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында көрсеткіштер 80% -дан асты. Көмір бағасына келсек, барлық облыстар бойынша бақылауда ұстап отырмыз. Жиынтық ақпарат Министрге және Үкіметке апта сайын беріледі. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына көмір төрт разрезден әкелінеді. Көмірлер бағасы ел бойынша мынадай соманы құрайды: Шұбаркөл көмірінің құны тоннасына 11,4 мың, Екібастұз көмірі 9,5 мың теңгеден. Ал Қаражыра көмірінің бағасы 11 мың – 13 мың теңге, Майкөбе көмірі 12,5 мың теңге аралығында өзгеруі мүмкін»,-деді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев өткен жылдан бастап көмір бағасы өзгермегенін жеткізді. Ол көмірдің құны мен сапасы жерілікті атқарушы орган, әкімдік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің тұрақты бақылауында тұрғанын айтты.

«Егер көмір жеткізушілер тарапынан тәртіп бұзғандар болған жағдайда, сатушының көлік нөмірін жазып алуды сұраймыз. Біздің құқық бұзушылықтар орын алатын тізбекті тез бақылайтын мүмкіндіктеріміз бар. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда жедел шаралар қабылдау үшін әкімшілік ресурстар да бар. Жергілікті облыс, қала әкімдіктері шілде айынан бастап көмір дайындауды бастап, тұрақты негізде көмір жеткізу мониторингін жүргізген. Халыққа көмірдің сату нүктелері және көмірдің бар екендігін түсіндіру үшін жедел желі де құрылған»,-деді Қайырбек Өскенбаев. 

Сонымен қатар Вице-министр қазақстандық операторлардың теңгерімінде 58 319 бірлік жартылай вагон барын, олардың ең көп үлесі «Қазтеміртранс» АҚ-на - 49,8% (29 050 бірлік), «ТрансКом» ЖШС-на - 12,3% (7 178 бірлік) тиесілі екендігін де хабарлады. Дегенмен коммуналдық қызметтерге Алматы қаласы тұтынушылары – 2,7 млрд.теңге, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 1,7 млрд. теңге, Маңғыстау облысы - 1,5 млрд. теңге, Шымкент қаласы тұрғындары мен заңды тұлғалары -1,3 млрд. теңге қарыз.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы жылыту маусымына дайындық барысында елде көмірге байланысты бірқатар дау туындаған болатын. Осы орайда министрлік 2019-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекітккен. Болашақта облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері биылғы жылдың 15 қазанына дейін барлық объектілерді, оның ішінде инженерлік желілерді, дербес қазандықтарды дайындауды толық аяқтауы, сондай-ақ халықты және коммуналдық-тұрмыстық ұйымдарды отын қорымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 37,9 млрд. теңге сомасына жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша 18 жобаның құрылысы салынып және қайта жаңартылған. Осы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша білім беру объектілерінің жылыту маусымына дайындығы – 99,6%, денсаулық сақтау объектілерінің дайындығы – 98,6%, тұрғын үйлердің дайындығы – 94,9%.

 

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды