• Басты
  • ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар

ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар

6 Мамыр, 2021 11:01

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және ОЭК цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жобалар туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі электронды аукцион

Отын-энергетика кешенін цифрландыру бойынша және электронды аукцион жобасы бойынша е-аукцион онлайн сервисі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды (WWW.GOSREESTR.KZ). Сонымен бірге, өткен жылдың 23 желтоқсанында барлау және өндіру құқығын беру бойынша алғашқы онлайн аукцион өткізілді. Іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін жалпы 2 аукцион өткізілген. Соңғысы 2021 жылдың 23 сәуірінде 8 учаске бойынша жүргізілді.

Вице-министрдің дерегінше, 2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші электронды аукционға бастапқы қол қою бонусы 713 млн теңге болатын 8 мұнай-газ учаскесі қойылған, ал қол қою бонусының жиынтық сомасы бастапқы қол қою бонусынан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін мемлекет ұсынатын 8 учаскенің жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асады.

«Осы жолы да аукциондық залдың онлайн-көрсетілімі ұйымдастырылды, бұл оның Қазақстаннан да, шетелден де өтуін бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, цифрлы форматта өткізілген аукциондардың тарихы сақталуда», - деп атап өтті вице-министр.

Аукциондарды өткізу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар

Сонымен қоса, Жанат Жахметова екі аукционды өткізу қорытындысына сәйкес, министрлік аукциондарды өткізу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлегенін айтты. Қазіргі уақытта заңнамаға келесідей түзетулер енгізу жоспарланған:

- бастапқы қол қою бонусы мөлшеріндегі кепілдік жарна;

- екінші қатысушыға сатып алу құқығын беру (жеңімпаз бас тартқан жағдайда);

- жылына 2 рет өткізуге шектеуді алып тастау;

«Бұл бізге бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өтті. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінде реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Бұдан әрі вице-министр «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде министрліктің цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Еске салайық, мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген.

Осы орайда, мемлекеттік бағдарлама аясында 5 бағыт қарастырылған.

«Министрлік «экономика салаларын цифрландыру» бірінші бағыты аясында 6 жоба бойынша жұмыс жүргізуде», - деді ол.

Министрліктің жобалары:

1) «жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша электронды аукцион құру»;

2) «мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу» жобасы.

Мұнай-газ кешенінің әртүрлі ұйымдарының 4 жобасы:

3 жоба бойынша жұмыстар аяқталды:

-«Зияткерлік кен орны» жобасын енгізу («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ»);

-«Цифрлық кеніш» жобасын енгізу («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ);

-ҚР МӨЗ-де кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу (оның ішінде ТОРО жүйесін автоматтандыру) («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ).

«Қазақстаннның Біріңғай электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқрауды автоматтандыру» («KEGOK» АҚ) жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда», - деді вице-министр.

Мұнай мен газд конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі

Вице-министрдің сөзінше, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген (2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сәйкес мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «Мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін» пилоттық пайдалануға беру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Бүгінгі таңда жоба пилоттық режимде іске қосылды. Есеп беру құралдарымен жабықтаудың бас схемасы бекітілді. Бүгінде пилоттық режимде 4 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған», - деді ол.

Биыл келесі іс-шаралар жоспарланған:

-        МОЕАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу

-        Мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өндеудің 60%-дан астамын жүзеге асыратын ұйымдарды қосу

Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі

«Келесі жоба жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (БМБЖ) болып табылады. Жүйе 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, жер қойнауын пайдаланушылар үшін есептілікті ұсыну құралы болып табылады. Сондай-ақ, бұл жүйеде лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторинг жүзеге асырылады және мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жиналады», - деді ол.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, БМБЖ-да 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. БМБЖ шеңберінде ЖАО-дан деректерді алу үшін жиынтық өтінімді электронды түрде алу, оны біріктіру және ТМД жеткізу жоспары қалыптастырылып, 3-бұйрыққа сәйкес есептерді электронды түрде тапсыру нысандары автоматтандырылған. Жер қойнауын пайдалануға рұқсатты (e-license), SDU, ЕРСОП қоса алғанда, интеграцияның 10 түрі іске асырылды.

Министрліктің 3 мемлекеттік қызметі автоматтандырылды:

1) жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы;

2) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою);

3) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасуды (қол қоюды) қамтиды.

«Осы жоба шеңберінде Министрліктің функцияларын автоматтандыру бойынша мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесін автоматтандыру, лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын одан әрі мониторингілеу үшін қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтыруларды цифрландыру және есептіліктің электронды форматқа толық көшіру жоспарланған», - деді вице-министр.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Сөз соңында ол аталған ведомствоның мемлекеттік қызметтері туралы айтып өтты. Оның мәліметінше, бүгінгі күні Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Министрлікпен 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«Бұдан бұрын айтылғандай, 2020 жылы 3 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшірілді. Осылайша, қазір мемлекеттік қызметтердің 96% электронды түрде көрсетіледі. Қағаз түрінде 2020 жылы 8% және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 6% көрсетілді», - деді ол.

Осылайша, ол министрліктің міндеті - мемлекеттік қызметтерді барынша автоматтандыру, сондай-ақ жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша жұмысты жалғастыру екенін еске салды.

Оның дерегінше, 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3409, оның ішінде электрондық форматта – 3143 (92%); қағаз форматта – 266 (8%). Ал, 2021 жылдың 1 тоқсанында Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 737, оның ішінде электрондық форматта – 691 (94%); қағаз форматта – 46 (6%) болған.

Барлық жаңалықтар