- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы
Бүгін ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру кездесуінде энергетика салаларын дамытудың 2020 жылғы қорытындылары, 2021 жылға арналған бірлескен жоспарлар мен міндеттері туралы баян етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министрдiң сөзiнше, Энергетика министрлiгiнiң қазiргi қызметiне мұнай-газ және мұнай-газ-химия салаларын дамыту, электр энергетикасын, атом энергиясын және жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану саласын дамыту, газ инфрақұрылымын iске асыру, сонымен қатар, электрмен жабдықтау және мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бөлiгiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу кiредi.
Оның сөзiне сүйенсек, Коронавирустың бүкiл әлемде таралуы энергия ресурстарына айтарлықтай әсер еттi. Осыған байланысты, министрлiктiң өткен жылдың өндiрiстiк көрсеткiштерiне түзетулер енгiзуге мәжбүр болғанын атап өттi.
«Қазiргi уақытта мұнай бағасының құбылмалылығы және әлемдiк экономиканың тұрақсыз дамуы жағдайында Министрлiктiң мiндетi пайдалы қазбаларды өндiрудiң қол жеткiзiлген деңгейiн және өндiрiстегi жұмыс орындарын сақтау, бәсекеге қабiлеттiлiктiң, ұлттық және энергетикалық қауiпсiздiктiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету арқылы ел экономикасын энергетикалық ресурстармен үздiксiз қамтамасыз етуге, ел азаматтарының өмiр сүру деңгейiн жақсартуға барынша күш салуға бағытталады», - дедi министр.
Сонымен қоса, ол коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты өткен жылдың ақпан айынан бастап Министрлiкте мүдделi компаниялардың қатысуымен Сovid-19 жағдайын бақылау жөнiндегi жедел штаб жұмыс iстейтiнiн атап өттi. Жобалардағы жағдай туралы жедел мәлiмет штабқа күнделiктi негiзде түседi.
Қазiргi уақытта, оның сөзiнше, барлық мұнай-газ компаниялары коронавирустық инфекция таралуының алдын алу және эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде дайындықты қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiткен.
«Сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы компаниялардың коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске белсендi қатысқанын атап өткiм келедi, мәселен, 2020 жылы олар әлеуметтiк көмекке шамамен 16 млрд.теңге бөлдi. Атап айтқанда, Атырау және Ақтау қалаларында модульдiк үлгiдегi инфекциялық ауруханалар, Құлсары қаласында көп бейiндi аурухана кешенi салынды, медициналық жабдықтар, көлiк пен материалдар сатып алынды», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Мұнай саласы
Министрдiң айтуынша, пандемия кезеңiнде мұнайға сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмi бұзылғандықтан, министрлiк жоспарды қысқартуға мәжбүр болған, нәтижесiнде 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндiру көлемi 85,7 млн. тоннаны құраған.
Қолданыстағы шектеулердi ескерiп, өндiру бойынша 2021 жылға арналған болжам 85,3 млн.тонна көлемiнде жасалған. Бұл ретте жоғарыда көрсетiлген шектеулер бағаны қалыптастыруға оң әсерiн тигiздi, бұл өз кезегiнде ел экономикасының дамуына да ықпал етуде.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 68,6 млн.тонна, 2021 жылға жоспар 67,5 млн тоннаны құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемi 15,8 млн тонна, ал 2021 жылға жоспар 17 млн.тонна», - дедi министр.
2020 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай өнiмдерiн өндiру көлемi 11,5 млн.тонна. Ал, 2021 жылға жоспар 12,4 млн.тоннаны құраған.
Үш iрi жобалар: Теңiз, Қашаған, Карашығанақ
Сонымен қатар, министр елiмiздiң үш iрi мұнай-газ жобасы – Теңiз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай өндiру саласындағы көшбасшы екенiн еске салып өттi. Олар орта мерзiмдi кезеңде елдiң экономикалық өсуiне елеулi үлес қосуға мүмкiндiк берiп отыр.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша үш жобалардың жалпы мұнай өндiру көлемi 53,8 млн.тоннаны, газ өндiру көлемi 44 млрд.м3 құрады. Мұнай өндiру бойынша жобалардың 2021 жылға арналған жоспары – 53,5 млн. тонна және газ бойынша – 44 млрд.м3. Казiргi таңда барлық үш кен орнында өндiрiстi одан әрi кеңейту және ұзарту жобалары iске асырылуда», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Теңiз кенi
Министрлiктiң дерегiнше, Теңiз кен орнында құны 45,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын Келешекте кеңейту жобасы iске асырылуда. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарлануда, бұл өндiрiстi жылына 12 млн.тоннаға арттыруға мүмкiндiк бередi. Жобадағы қазақстандық қамту – 36% және оны 52%-ға дейiн арттыру қарастырылуда.
«01.05.2021 жағдай бойынша жобадағы жұмыстардың жалпы iлгерiлуi 82,3% құрайды. Ал жоспар бойынша осы жылдың соңына дейiн – 87%», - дедi ол.
Мемлекет басшысының Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң Қашаған жобасын iске асыруға мемлекеттiң тиiмдi қатысуы туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес биыл Қашаған кен орнының шикiзаты негiзiнде құны $860 млн., қуаты 1 млрд. м3 шикi газ шығаратын Газ өңдеу зауытының құрылысы басталды.
«Осы жобаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже –келiсiмшарттық кезең уақытында мұнай өндiрудi 8 млн. тоннадан 10 млн. тоннаға дейiн ұлғайту. Оператормен бiрге бiз ағымдағы жылдың соңына қарай Кашаған жобасының одан әрi кеңейту тұжырымдамасын пысықтауға тиiспiз», - дедi министр.
Қарашығанақ
Ал, Қарашығанақ жобасы бойынша, 2020 жылдың желтоқсаныңда ПРК-1А кеңейту жөнiндегi iрi инвестициялық жобаны iске асыру бойынша түпкiлiктi инвестициялық шешiм қабылданған, ол шикi газды керi айдаудың қосымша 5-компрессорын енгiзудi ескере отырып, сұйық көмiрсутектердi өндiру деңгейiн жылына 10-11 млн.тонна шегiнде одан әрi қолдауға бағытталған. Жобаның бюджетi 970 млн. долларды құрайды. Аяқталу мерзiмi – 2025 жыл.
«Қарашығанақ бойынша көпжылдық келiссөздер аяқталғанын атап өткiм келедi, нәтижесiнде 2020 жылы Халықаралық консорциум мемлекетiмiзге 1,3 млрд. АҚШ долларын төлеп, өндiрiлетiн өнiмдi бөлу әдiстемесiне өзгерiстер енгiздi, бұл келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң соңына дейiн шамамен 600 млн. АҚШ долларын әкеледi. Аталған жобаларды бұдан әрi жүзеге асыру министрлiктiң тұрақты бақылауында», - дедi ол.
Мұнай өнiмдерi
Министрдiң сөзiнше, пандемия мұнай өнiмдерi нарығын қатты әлсiреткен. М»селен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнiмдерiн өндiру көлемi 11,5 млн.тоннаны құраған. Бұл жағдай iшкi нарықта ашық түстi мұнай өнiмдерiне деген сұраныстың төмендеуiне және 2020 жылғы карантиндiк шараларға байланысты болды.
«Сонымен қатар Министрлiк мұнай өнiмдерi нарығын қолдауға ықпал ететiн бiрқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда, мұнай өнiмдерiн автомобиль көлiгiмен елiмiзден және Кеден Одағынан тыс жерлерге әкетуге салынған тыйымды алып тастау, мемлекетке темiржол, автомобиль және құбыр көлiгiмен бензин, дизель және әуе отынын жеткiзуге тыйым салу, мұнай өнiмдерiне, оның iшiнде бензинге, дизель отыны мен мазутқа кедендiк әкету баждарының мөлшерлемелерiн алып тастау сияқты шаралар орындалды», - дедi ол.
Бұдан басқа, ол халықтың бензин бағасын көтерiлуi туралы жиi қоятын сұрағына да тоқталып өттi. Мұнай өнiмдерiнiң нарығы өте құбылмалы екенiн, ол Қазақстанның iшкi нарығында да, көршiлес елдерде де салық салу, баға белгiлеу жүйесi және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етiлуi, сұраныстың маусымдылығы, мұнай өңдеу зауыттарындағы технологиялық iркiлiстер немесе күрделi жөндеулер сияқты көптеген факторларға байланысты екенiн еске салды.
"Бiздiң отандық бензин ТМД елдерiмен салыстырғанда, арзан бағалардың бiрiне ие екендiгiн атап айтқым келедi. Iшкi нарықта баға төмен болған кезде отандық өнiмнiң көршiлес елдердiң нарықтарына кетуiне байланысты тапшылық қаупi туындайды, ал баға жоғары болған кезде – импорттық бензиннiң профицитi және соның салдарынан Қазақстан Республикасының Мұнай Өндiру Зауыттарында өңдеу көлемiнiң төмендеуi арқылы қазақстандық қоймаларда отандық отынның толып кетуi қаупi бар», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Салдарды азайту үшiн келесi шаралар қабылданды:
- 2021 жылдың қаңтарынан бастап жанар-жағар май материалдар экспорты тоқтатылды;
- Жанар-жағар майды автокөлiкпен, сондай-ақ стандартты емес автобактармен және 20 литрден астам канистрлермен әкетуге тыйым салынды;
- «ПКОП» ЖШС жөндеу сәуiр айынан мамыр айына ауыстырылды.
Сонымен қатар, шикiзатты өңдеу үшiн жер қойнауын пайдаланушылардың iшкi нарыққа мұнай жеткiзу бағасы эскпорттық бағадан әлдеқайда. Сол себептен де, оның сөзiнше, жер қойнауын пайдаланушылар едәуiр пайдасын жоғалтады және мұнай өнiмдерi нарығына айтарлықтай қолдау көрсетедi.
Мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесi
Министрдiң айтуынша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесiн құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, «Мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесiн» пилоттық пайдалануға беру туралы бiрлескен бұйрыққа қол қойылған. Бүгiнгi таңда жобаға пилоттық режимде 7 мұнай өндiрушi ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған.
Тұтастай алғанда, биылғы жылы төмендегiдей iс-шаралар жоспарланған:
1. Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесiн өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзу.
2. Мұнай мен газ конденсатын жалпы өндiру мен өңдеудiң 60%-дан астамын жүзеге асыратын ұйымдарды осы жүйеге қосу.
Газ саласы
Министрлiк қызметiнiң басым бағыттарының бiрi-газ саласын дамыту және газдандыру. Мәлiметке сүйенсек, 2020 жылы 55,1 млрд.м3 газ өндiрiлген. 2021 жылға жоспар – 54,4 млрд. м3 газ өндiру.
«Қабылданған мiндеметтемелердi ескере отырып, мұнай өндiру кезiндегi газ iлеспе газ болып табылатындықтан, газ өндiру жоспары қайта қаралды. Яғни, мұнай өндiрудiң төмендеуi газға да әсер еттi. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ өндiрiсi 30,5 млрд.м3 құрады. 2021 жылға арналған тауарлық газдың жоспары 30 млрд.м3 құрайды», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Оның сөзiнше, 2020 жылы газ экспортының көлемi 10,7 млрд.м3 құраған. 2021 жылға арналған жоспар да сол көлемде, яғни 10,7 млрд. м3 құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, 3,2 млн.тонна сұйытылған газ өндiрiлген. 2021 жылға арналған жоспар да сол көлемде – 3,2 млн.тонна.
«Сондай-ақ Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы шеңберiнде 2021 жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газы электрондық сауда алаңдары арқылы өткiзуге толық көшiрiледi, бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ бизнес үшiн әкiмшiлiк кедергiлердi азайту мақсатында «Газ желiсi ұйымдарын» аккредиттеу институты жойылатын болады», - дедi министр.
Газдандыру
Министрлiктiң мәлiметiнше, 2020 жылы 51 газдандыру жобасын iске асыру үшiн 38,5 млрд.теңге бөлiнген.13,8 млрд. теңге сомасына 19 жобаны аяқтау нәтижесiнде елдi газдандыру деңгейi 53,07%-ын құрап, 9,84 млн.адам газға қол жеткiздi.
«Газдандыруға бөлiнетiн қаражат жыл сайын ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес талдау жүргiзiлiп, құны 302 млрд. теңгеден асатын, пайдаланушы ұйымдардың теңгерiмiне берiлмеген 1 227 нысан анықталды. Бүгiнгi таңда жалпы сомасы 91,8 млрд.теңгеге 427 нысан берiлдi. Қосымша, жалпы сомасы 15 млрд.теңгеге 57 нысанды өткiзу туралы қаулы жобасы әзiрлендi», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Халықты газдандыру үлесi 2021 жылдың соңына қарай 53,8% деңгейiнде болжануда немесе 140 мың адам газға қол жеткiзетiнiн атап өттi. Сондай-ақ, оның сөзiнше, 2021 жылы газ саласын дамытудың Кешендi жоспарын бекiту және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын жаңарту жоспарлануда, бұл елдiң энергия ресурстарын тиiмдi пайдалануға және газ тарату желiлерiн салу кезiнде бюджет қаражатын ұтымды бөлуге мүмкiндiк бередi.
Мұнай-газ-химияны дамыту
Қазiргi уақытта республикада хош иiстi көмiрсутектер өндiрiсi, полипропилен және бензинге арналған октанды жоғарылататын қоспалар шығаратын зауыт, сондай-ақ майлау майларын шығаратын зауыттар жұмыс iстейтiнiн атап өттi. Жаңа кәсiпорындар iске қосылып, жұмыс iстеп тұрған зауыттардың өнiм шығару көлемiнiң ұлғаюына байланысты жыл сайын мұнай-газ-химия өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалады. Осылайша, 2020 жылы 360 мың тонна өнiм шығарылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6 есе көп.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi 2019 жылмен салыстырғанда 155%-ға артты, оның iшiнде өнiмнiң 80%-ы экспортталды. Ағымдағы жылдың сәуiр айында Air Liquide Eastern S. A. француз компаниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен бiрлесiп, Атырау облысында құны 16 миллион долларға техникалық газ өндiру зауытын iске қосты», - дедi министр.
Бүгiнгi таңда оның мәлiметiнше, Атырау облысында полипропилен шығаратын және Шымкент қаласында метил-трет-бутил эфир және ұнтақ полипропилен шығаратын екi зауыт салынып жатыр, жобалардың жалпы iлгерiлеуi тиiсiнше 87% және 99%-ды құрайды. Полипропилен өндiру зауыты iске қосылғаннан кейiн бiрiншi кезекте 11 түрлi өнiм шығарылып, кейiннен оның саны 64 түрлi өнiмге дейiн кеңейтiлетiн болады.
Жер қойнауын пайдалану
Бүгiнгi таңда жер қойнауын пайдалануға арналған 273 келiсiмшарт, оның iшiнде көмiрсутектер бойынша 251 келiсiмшарт және уран бойынша 22 келiсiмшарт жасалған. 2020 жылы 11 келiсiмшарт жасалды. Геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция көлемi 99,6 млрд.теңгенi құраған.
«2020 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған электрондық аукциондар ұйымдастырылған. Бүгiнгi таңда 2 электрондық аукцион өткiзiлдi, онда 15 учаске өткiзiлiп, қол қою бонусының жиынтық сомасы 10,8 млрд. теңгенi құрады. Қазiргi уақытта Министрлiк жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауы бойынша жұмыс жүргiзуде», - дедi ол.
Оның сөзiнше, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша мiндеттемелерi жер қойнауын пайдалануға арналған 175 келiсiмшартта көзделген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар 17,1 млрд. теңгеге ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырды.
«Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ғылым мен технологияларды қаржыландыру процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету, жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды ескере отырып, бюджет арқылы өндiру шығындарының 1% мөлшерiнде Ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстары жобаларын қаржыландыру жөнiндегi келiсiмшарттық мiндеттемелер шеңберiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын жинау мен бөлудi орталықтандыру тапсырылды», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Сонымен қатар, 2024 жылы – 100%, 2022 жылы - 50%, 2023 жылы – 75% жер қойнауын пайдаланушылардың республикалық бюджет арқылы ғылымға өндiруге арналған шығындардың 1% мөлшерiнде аударымдарын орталықтандыруға кезең-кезеңмен көшу жолымен ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстар жобаларын қаржыландыру тетiгi әзiрленгенiн атап өттi.
«Әзiрленген тетiк мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы мiндеттi түрде жүргiзе отырып және ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыс жобаларын қаржыландыру туралы шешiм қабылдау үшiн тиiстi ұлттық ғылыми кеңестiң қарауына шығара отырып, конкурстық негiзде ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыс жобаларын iрiктеудi көздейдi», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Бұл ретте Ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыс жобалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекiткен жалпыұлттық ғылыми басымдықтарға сәйкес iрiктелетiн болады.
Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi
Келесi жоба - Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi. 2014 жылдан бастап жұмыс iстейтiн осы Жүйе жер қойнауын пайдаланушылар үшiн есептiлiктi ұсыну құралы. Сондай-ақ, бұл жүйеде лицензиялық-келiсiмшарттық шарттардың орындалуына мониторинг жүзеге асырылып, мұнай өндiру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жиналады.
«Бүгiнгi таңда бiрыңғай мемлекеттiк басқару жүйесiнде 147 жер қойнауын пайдаланушы тiркелген. Министрлiктiң 3 мемлекеттiк қызметi автоматтандырылған», - дедi министр.
Осы жоба шеңберiнде Министрлiктiң функцияларын автоматтандыру бойынша:
- Мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзу жоспары мен кестесiн автоматтандыру;
-Лицензиялық-келiсiмшарттық шарттар мiндеттемелерiнiң орындалуын одан әрi мониторингiлеу үшiн қолданыстағы келiсiмшарттар мен оларға толықтыруларды (2018 жылға дейiн жасалған) цифрландыру;
- есептiлiктi электрондық форматқа толық көшiру бойынша жұмыс жоспарланған.
Жергiлiктi қамту
Қазiргi уақытта ол Министрлiк жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн сатып алудағы жергiлiктi қамтуды дамытуға көп көңiл бөлiп отырғанын атап өттi. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн сатып алудың жалпы көлемi – шамамен 5,4 трлн. теңге. Бұл ретте осы сатып алулардағы жергiлiктi қамтудың үлесi 46% - ды құраған.
«Жергiлiктi кәсiпкерлердi мемлекеттiк қолдау шеңберiнде пандемия кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердiгерлерiнiң көмiрсутектердi барлау немесе өндiру және уран өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуi кезiнде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларына өзгерiстер енгiзiлдi, бұл жер қойнауын пайдаланушыларға конкурстық рәсiмдердi өткiзбей, қазақстандық тауарларды бiр көзден сатып алуға мүмкiндiк бердi», - дедi министр.
Мұнай-газ саласындағы жарқын бастама ретiнде халықаралық мұнай компаниялары жасаған екi жобаны атап өттi. Халықаралық мұнай-газ машинасын дамыту орталығы және жергiлiктi қамтуды дамытудың Тiкелей инвестициялар қоры. Машина жасау орталығы техникалық талаптарға сәйкес келмеу мәселелерiн шешу және iрi мұнай-газ кәсiпорындары үшiн қажеттi жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнеркәсiптiк құзыретiн арттыру үшiн құрылған. Сонымен қатар, Шеврон компаниясы қазақстандық кәсiпорындарға инвестициялау мақсатында жергiлiктi қамтуды дамытудың Тiкелей инвестициялар қорын құрағанын атап өттi.
Электр энергетикасы
Қазақстанда электр энергиясын өндiрудi әртүрлi меншiк нысанындағы 181 электр станциясы жұмыс iстейдi. 2020 жылы қуат нарығы шеңберiнде электр энергиясын өндiру секторына тартылған инвестициялар көлемi 82 млрд.теңгеден асты. Бүгiнде Қазақстан Республикасының Бiртұтас электр энергетикалық жүйесi штаттық режимде жұмыс iстейдi.
«2020 жылы электр энергиясын өндiру көлемi 108 млрд. кВтсағ құрады.. Бұл ретте, 107,3 млрд.кВтсағ электр энергиясы тұтынылды, бұл елдiң электр энергиясына деген қажеттiлiгiн толық жабылғанын көрсетiп отыр. Республикалық бюджеттiң есебiнен 31,4 млрд. теңге сомасына 24 жоба жүзеге асырылуда, оның iшiнде 6 жоба аяқталды. 6 жобаның iске асырылуы шамамен 120 мың адамды сенiмдi және үздiксiз электрмен жабдықтауға; 18,1 мың адамды және 10 әлеуметтiк нысанды жылумен жабдықтауға мүмкiндiк бердi», - дедi Нұрлан Ноғаев.
Оның айтуынша, құрылыс кезеңiнде 902 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде уақытша - 718, тұрақты – 184 жұмыс орны құрылған. Салаға инвестициялар ағынын ұлғайту мақсатында Министрлiк электр станцияларын жаңарту, реконструкциялау және жаңарту үшiн шектi жол берiлетiн лимиттi жылына 10-нан 30 млрд.теңгеге дейiн ұлғайту жөнiнде шаралар қабылдаған. Сонымен қатар, маневрлiк қуаттар құрылысын ынталандыру үшiн қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамаға түзетулер енгiзiлген.
«Саладағы маңызды сәттердiң бiрi – нарықта ашықтықты жүзеге асыру үшiн Электр энергиясының орталықтандырылған сауда жүйесiн (КОРЭМ сауда алаңы) реформалауды атап өтуге болады. 2021 жылы 109 млрд кВтсағ электр энергиясын өндiру жоспарланған. Ағымдағы жылы «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес маневрлiк қуаттар салуды ынталандыру және гидроэнергетиканы дамыту жоспарын iске асыру жұмыстары жалғасатын болады», - дедi министр.
Сонымен қатар бүгiнгi таңда Министрлiк электр станциясының аймағын, түрiн, Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi аймағындағы маневрлiк қуаттардың қажеттi көлемiн айқындай отырып, генерациялаудың маневрлiк режимi бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзiрлеп, бекiткенiн еске салып өттi.
«Генерациялаудың маневрлiк режимi бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарында маневрлiк қуаттар салу үшiн перспективалы алаңдар айқындалған. Сондай-ақ 2021 жылдың соңында инвестициялық жобаларды iрiктеудiң аукциондық сауда-саттығын өткiзу жоспарлануда. Маневрлiк қуаттарды дамыту – электр энергиясын тұтынудың өсуiн және энергия теңгерiмiндегi баламалы және жаңартылатын энергия түрлерiнiң үлесiн ескере отырып, елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi шарт болып табылады», - дедi министр.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Smart Grid тұжырымдамасын әзiрлеу жоспарлануда, ол генерациялау, тасымалдау және тұтыну бөлiгiнде нақты уақыт режимiнде деректердi автоматтандыруды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өттi.
Қазақстанның энергетикалық жүйесiнiң желiлерiн күшейту
Энергетика жүйесiнiң тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырманы орындау үшiн мамандандырылған ұйымды тарта отырып, Батыс аймақтың электр желiлерiн Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiмен бiрiктiру жөнiндегi неғұрлым оңтайлы шешiмдi айқындау мақсатында алдын ала техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу жүзеге асырылып жатқанын да еске салды.
Осы бiрiктiрудi үш ықтимал бағыт бойынша 500 кВ желiсiн салу арқылы iске асыруға болады:
- Ақтөбе қаласынан Атырау қаласына дейiн;
- Жезқазған қаласынан Атырау қаласына дейiн;
-Шымкент қаласынан Маңғыстау облысының Бейнеу ауылына дейiн.
«Осы iс-шараны iске асыру батыс өңiрлердiң тұтынушыларын сенiмдi электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және елдiң энергия жүйесiндегi теңгерiмсiздiктердi реттеу үшiн маневрлiк қуат ретiнде өңiрдiң газ генерациясының әлеуетiн iске қосуға мүмкiндiк бередi», - дедi министр.
Қазақстанның бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң Батыс аймағының электр желiсiн күшейту жөнiндегi Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшiн Орал – Оң жағалау – Индер – Атырау – Құлсары – Теңiз бағытында 220 кВ қолданыстағы транзитiнiң екiншi тiзбегiнiң электр желiлiк нысандарын салу жөнiндегi жоба басталған. Елiмiздiң оңтүстiк өңiрлерiнде апатты ажыратуларды болдырмау мақсатында Оңтүстiк Қазақстан Гидроциркуляциялық электр станциясы-Жамбыл-Шымкент бағыты бойынша 500 кВ электр беру желiсiн салу, сондай-ақ бұрыннан бар электр желiлерiн жаңғырту арқылы ұлттық электр желiлерiн күшейту бойынша жұмыс жүргiзу қажеттiлiгi туындап отыр.
Жаңартылатын энергия көздерi
Оның сөзiнше, дамудың ұзақ мерзiмдi трендтерiне жүргiзiлген талдау көмiртексiз энергия көздерi барған сайын сұранысқа ие болып келе жатқанын көрсетедi.Соңғы жылдары жаңартылатын энергия көздерi Қазақстанның энергетикалық кешенiн дамыту векторларының бiрiне айналды.
«Өз кезегiнде, 2020 жылы бiз «Жасыл экономика» тұжырымдамасы шеңберiнде өзiмiзге алған мiндеттемелердi орындап, елдiң жалпы энергия теңгерiмiндегi жаңартылатын энергия көздерiнiң үлесiн 3% - ға дейiн жеткiздiк. Соңғы 5 жылда жаңартылатын энергия көздерi нысандарының белгiленген қуаты 7 есеге жуық – 2015 жылғы 240 МВт-тан 2020 жылы 1635 МВт – қа дейiн өстi. 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 115 нысан жұмыс iстейдi. Жаңартылатын энергетика нысандары өндiретiн электр энергиясының көлемi 3,2 млрд. кВтсағ құрады», - дедi Нұрлан Ноағаев.
Айта кету керек, секторға шамамен $1,5 млрд. инвестиция тартылып, 1310 тұрақты жұмыс орны құрылды, сондай-ақ ел өңiрлерiнде жыл сайын шамамен 3000 уақытша жұмыс орны құрылған. Ендi, 2021 жылы жалпы қуаты 381,1 МВт болатын 23 жобаны iске асырып, шамамен $370 млн. инвестиция тарту күтiлуде. Осылайша, құрылыс кезеңiнде 2500 жұмыс орны және 80 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
Оның сөзiнше, ағымдағы жылға арналған жоспар – шамамен 3,5 млрд.кВт.сағ. жаңартылатын энергия көздерiн өндiру.
Атом саласы
Министрлiктiң мәлiметiнше, Қазақстан табиғи уранның әлемдiк нарығында көшбасшылық позицияны сақтап, әлемдiк уранның 42% - ын өндiредi. 2020 жылдың қорытындысы бойынша уран өндiру көлемi 19 586 тоннаны құрады. «Цифрлық кенiш» жобасын енгiзу бойынша жұмыстар аяқталған.
«ҚР мен РФ Үкiметтерi арасындағы Ядролық оқ-дәрiлердi кәдеге жарату кезiндегi өзара есеп айырысулар туралы келiсiм шеңберiндегi мәселе реттелдi. Атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осылайша, елде ядролық залал үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Вена Конвенциясы шеңберiнде халықаралық мiндеттемелер iске асырылатын болады», - дедi министр.
Сондай-ақ, 2021 жылы жалпы ауданы 18 311 шаршы км (100%) бұрынғы Семей сынақ полигонын кешендi экологиялық тексерудi аяқтау жоспарланған. Зерттеу нәтижесiнде бұрынғы сынақ алаңының бүкiл аумағының радиоэкологиялық жағдайы анықталмақ.
Сонымен бiрге, ол Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай полигонның ластанған жерлерiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн «Семей ядролық қауiпсiздiк аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарланғанын атап өттi.
Бүгiнгi таңда Қазақстан табиғи уранды өндiруге және жеткiзуге ғана емес, сондай-ақ қосылған құны жоғары, қайта өңделетiн уран өнiмiн өндiруге және өткiзуге де мүдделi екенiн еске салды. Мәселен, оның сөзiнше, уранды қайта өңдеу бойынша «Үлбi металлургия зауыты» АҚ базасында уран диоксидiнiң ұнтақтары өнiмi, отын таблеткалары шығарылады және аршылуы қиын уран бар материалдар өңделедi.
«Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсiп «ҰАК» АҚ компаниясы «Үлбi металлургия зауыты» АҚ базасында дайын ядролық отын шығаратын зауыт салу жобасын iске асыруда», - дедi министр.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер
Нұрлан Ноғаевтың мәлiметiнше, 2020 жылы Министрлiк 3 409 мемлекеттiк қызмет көрсеткен. Оның iшiнде электрондық форматта 3 143 мемлекеттiк қызмет, бұл 92,2%-ды құрайды.
«Жалпы, Министрлiкпен 24 түрлi мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде 23 мемлекеттiк қызмет электронды форматта көрсетiледi, бұл автоматтандырудың 96%-ын құрайды, қағаз түрiнде 1 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оны ағымдағы жылы Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiнен алып тастау жоспарлануда», - дедi министр.
Осылайша, ағымдағы жылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi 100%-ға дейiн автоматтандыруға қол жеткiзу жоспарланған.
Мемлекеттiк бақылау
«Көмiрсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану, мұнай өнiмдерiн өндiру, газ және газбен жабдықтау салаларында 2020 жылы 169 бақылау iс-шарасы жүргiзiлдi. Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн 2020 жылы 654 млн.теңге сомасында залал өндiрiлдi», - дедi министр.
Сонымен қоса, ол электр энергетикасы мен атом энергиясы саласында мемлекеттiк бақылау шеңберiнде 1276 бақылау iс-шарасы, оның iшiнде 332 жоспардан тыс тексеру жүргiзiлгенiн атап өттi. Бұл ретте нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзушылықтарды жоюға 318 ұйғарым, сондай-ақ атом энергиясы саласында 1152 лицензия берiлген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл
Бұдан бөлек, ол Энергетика министрлiгi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерiне ерекше назар аударатынын тiлге тиек еттi. Мәселен, 2020 жылы Министрлiктiң бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдау жүргiзiлдi, оның қорытындысы бойынша 131 iс-шара әзiрленген. Бүгiнгi таңда iс-шаралардың 123-i немесе 94%-ы орындалды, бұл Министрлiктiң салалық бөлiмшелерiнiң қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетуге әсер еттi.
Жүргiзiлген жұмыс қорытындысы бойынша Министрлiк алдын алу шараларын қабылдады, атап айтқанда:
− басшылық құрамның лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерiстер енгiзiлдi (қарамағындағы қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiк бөлiгiнде);
− сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандарттар бекiтiлдi;
− Министрлiкте мүдделер қақтығысын басқару жөнiндегi ереже;
− Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарды әзiрлеу жөнiндегi қағидалар бекiтiлдi.
«Бұған қоса, 2020 жылғы қыркүйекте Министрлiкте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы бекiтiлдi. Жұмыс процестерiн оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету мақсатында Министрлiк салаларды цифрландыру бойынша жұмыс жүргiзуде», - дедi ол.
Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесi мемлекеттiк сатып алу саласында ұсынымдар әзiрленiп, мүдделi жеке және заңды тұлғалар үшiн жедел желi телефоны, Telegram чат ұйымдастырылған.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар

