• Басты
  • ҚР ҰЭМ: Қазақстанда ТЖ кезінде жаңа салық жеңілдіктері енгізілді
22 Сәуір, 2020 11:51

ҚР ҰЭМ: Қазақстанда ТЖ кезінде жаңа салық жеңілдіктері енгізілді

«Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыздағы Жарлығын іске асыру бойынша одан арғы шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 20 сәуірдегі қаулысы арқылы кезекті салықтық ынталандырулар топтамасы көзделуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ҰЭМ: Қазақстанда ТЖ кезінде жаңа салық жеңілдіктері енгізілді
"Біріншіден, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесінде айтылған тапсырмаларды орындау үшін ағымдағы жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін экономиканың көп зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілері салықтан және еңбекақы төлеу қорынан алынатын әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) босатылды", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар сауда, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй нысандары, көлік және консультациялық қызмет көрсету және ІТ саласын қосқандағы қызмет түрлерінің толық тізімі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, бекітілген.

Бұдан басқа, 2 қосымшаға сәйкес, ағымдағы жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін жекелеген ірі кәсіпкерлік субъектілері жеңілдіктерді қолдану үшін зардап шеккен салалар бойынша қызмет түрлерінің тізбесі анықталды.

"Екіншіден, әуе қатынасы саласында инфрақұрылымды қолдау және жұмыс орнын сақтау мақсатында ұшулар тоқтатылған кезеңде ынталандыру шаралары қабылданды: барлық әуежайлар ағымдағы жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін мүлік салығынан босатылып, жыл соңына дейін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және лизингтік мәмілелерді заңдық сүйемелдеу бойынша бейрезиденттер үшін қосылған құн салығын төлеу ұзартылды", - делінген.

Үшіншіден, ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылар, медиаторлар) мүлік салығынан босатылды. Бұдан бұрын, ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, спорттық нысандар, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, туристік қызмет нысандары жылдың соңына дейін мүлік салығынан босатылған болатын.  

"Төртіншіден, індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылған жұмыскерлер барлық салық түрлерінен және еңбекақы төлеу қорының әлеуметтік төлемдерінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бесіншіден, салық төлеушілерге қолайлы болу үшін 2019 жылғы салықтық міндеттемелер есебі нысанын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды