• Басты
  • ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі

ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі

14 Маусым, 2021 13:01

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде атмосфералық ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар, геология саласы, экологиялық туризм, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасы мен су саласының негізгі мәселелерін баяндап берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Атмосфералық ауаның ластануы

Министр Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, негізгі өзекті экологиялық проблемалар қатарына атмосфералық ауаның сапасы, жер үсті суларының ластануы және қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмегені кіреді. Оның мәліметінше, экологиялық мониторинг қорытындысы бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалалары атмосфералық ауаның ластануының жоғары аймақтар қатарына кіргені белгілі болды.

«Бүгінде елімізде 125 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. Оларды қайта өңдеу үлесі өткен жылы 18,3% пайызға дейін ұлғайды. Өңдеудің көрсеткіші аз, оның үстіне қатты қалдықтар полигондарының нормаларға және стихиялық қоқыстарға сәйкес келмеуі өзекті мәселе болып қала береді», - деді министр.

Оның сөзінше, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тұрғындармен және экобелсенділермен экологиялық проблемаларды талқылау негізінде 17 жол картасы бекітілген. Карталарда одан әрі газдандыру, қоғамдық көлікті газ отынына ауыстыру, қалаларды көгалдандыру сияқты тағы да басқа іс-шаралар қарастырылған.

Оларды іске асыру қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 18% - дан 30% - ға дейін жеткізуге, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 24 жаңа полигон салуға, тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға, 12 кәріздік тазарту кешенін қайта жаңартуды жүргізуге мүмкіндік береді.

«Елде 485 шараның жүзеге асыру қарастырылуда. 1-тоқсанның қорытындысы бойынша біз жол карталарын жүзеге асыру барысы туралы халықпен кездесулер өткіздік. Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 70 іс-шара қарастырылған, оның 42-сі орындалды. Қалған іс-шаралар бойынша жұмыс жүргізілуде, мәселе үнемі бақылауда болады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қалаларда атмосфералық ауаның жоғары ластануы мәселелерін шешу үшін бірқатар компаниялардың ластаушы заттар шығарындыларын азайту туралы келісімдерге қол жеткізген.

«Қарағанды ​​облысында қол қойылған меморандумға сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2025 жылға дейін ауаға шығарындыларды 30%-ға төмендетуге міндеттеліп, сондай-ақ Теміртау қаласының айналасында 500 мың ағаш отырғызылады», - дедi министp.

Оның айтуыша, Атырау облысында мұнай өңдеу зауыты «Тухлая Балка» булану кен орындарын қалпына келтіруге кіріскен. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауыты цехтарды жаңарту және қайта құру жобасын іске қосылған. Нәтижесінде, шығарындылар 2020 жылдың аяғында 30% -ға азаяды деп жоспарлануда.

Министрдің пайымынша, шығарындылар мен төгінділердің сапалық және сандық құрамы туралы уақтылы және дұрыс ақпарат алу мақсатында жаңа Экокодексте бірінші санаттағы объектілер үшін деректерді уәкілетті органға бере отырып, өндірістік экологиялық мониторингті міндетті автоматтандыру көзделген.

Қоқыс жағатын зауыттар

Министрдің айтуынша, түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту мақсатында «Waste to Energy» қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізу жөніндегі заң қабылданған.

«Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін 6 қала анықталды. Осылайша, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен. Әкімдіктер зауыттар салу үшін жер учаскелерін бөлді», - дедi министp.

Оның сөзінше, энергия беруші ұйымнан электр желісіне қосудың таяу нүктелерін анықталған. Сондай-ақ, энергоөндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін аукционды өткізуге құжаттарды қабылдау басталған. Ғарыштық мониторинг аясында жыл сайын 8 мыңға жуық қоқыс үйінділері анықталып, әкімдіктер олардың көбеюі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте, заңсыз қоқыс үйінділері мәселесін жүйелі шешу үшін жаңа Экология кодексінде қоқыс шығаратын көліктеріне GPS-датчиктерін міндетті түрде орнату мәселесі көзделген. Қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпорындар үшін лицензиялау және қоқыс шығаратын ұйымдар үшін хабарлама жасау тәртібі енгізілген.

Геология саласын дамыту

Министрдің айтуынша, геология саласының алдында тұрған негізгі мәселе -қор толықтырылуының төмен болуы.

«Бүгінгі күні пайдалы қазбалардың өсімі оларды өндірудің көлеміне қатынасы қатты пайдалы қазбалар үшін орта есеппен - 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша – 0,9 құрайды», - дедi министp.

Оның сөзінше, соңғы онжылдықта полиметалл кендерінің көптеген ірі кен орындары жөндеуден өткен. Кейбір облыстарда мұнай өндіру көлемінің жыл сайын төмендеуі байқалады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық саланы дамытудың ұлттық жобасы әзірленуде. Нашар зерттелген шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін анықтау және пайдалы қазбалар алқаптары шегінде «терең горизонттарды» зерттеу қарастырылған.

«Бұл геологиялық барлау жұмыстарында халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға, инвестицияларды тартуға және тау-кен байыту фабрикаларын салу мен пайдалануда жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Мұндай нәтижелер аймақтардағы әлеуметтік мәселелерді шешуге оң әсер ететіні сөзсіз», - дедi ол.

Су ресурстары

Министрдің мәліметінше, Қазақстанның қолда бар су ресурстары жер асты сулары мен өзен ағысының қорларынан тұрады. Өзен ағыны ресурстарының соңғы жылдардағы нақты көрсеткіштері 90-100 текше километрді құрайды. Оның 55%-ға жуығы – жергілікті ағын болса, ал 45%-ы Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келіп түседі. Бұдан бөлек, 3,5 мыңнан астам су кен орындарында жылына 15,5 куб.километр көлемінде жерасты суларының расталған қорлары бар.

«Қолданысқа түсетін судың жалпы көлемі 25 куб.километрді құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығына – 15 куб.километр 65%, өнеркәсіпке – 6 куб.километр 30% және коммуналдық шаруашылыққа – 1 куб.километр 5% тиесілі. Тасымалдау кезіндегі шығындар үш 3 куб.километр құрайды», - дедi ол

Оның айтуынша, қазіргі таңда елдегі сумен қамтамасыз ету жағдайы экономика салалары мен халықтың талаптарын әзірше қанағаттандырып отыр. Алайда, су саласының 3 негізгі проблемасы бар:

1.    Өзен ағысының төмендеуі және су тұтынудың өсуі салдарынан орта және ұзақ мерзімді кезеңде елді сумен қамтамасыз етудің болжамды азаюы.

2.    Арналар мен ирригациялық жүйелердің қатты тозуы себебінен тасымалдау кезінде судың жоғары шығыны. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында шығындар 44% дейін жетеді. Оларды қысқарту үшін арналарды жөндеу және автоматтандырылған басқаруды енгізу талап етіледі. Келесі – тарифтің төмен болуы, инфрақұрылымға инвестициялардың және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

3.    Тариф белгілеудің әлсіз тетігі, инфрақұрылымға инвестициялардың жетіспеушілігі және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Министр өз сөзінде су балансын сақтау, суармалы жерлерді бір миллион алты жүз мың гектардан үш миллион гектарға дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және реконструкциялау, цифрландыру, су үнемдеу, кадрлармен қамтамасыз ету және тағы басқа да міндеттер тұрғанын жеткізді.

«Қазір судың аз циклына тап болдық. Осыған байланысты, вегетациялық кезеңді өткізу мақсатында көршілерімізбен нақты жұмыс жүргізудеміз. Осылайша, қырғыз елімен қосымша су алу туралы келістік. Вегетация шыңында маусым-тамыз айларында Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша 330 млн. куб.метр су ағызылады», - дедi ол.

Cонымен қатар министрдің айтуынша, су көлемін Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы да уағдаластықтарға қол жеткізілген. Сондай-ақ, тәжік және өзбек тараптарымен бірлесіп «Бахри Точик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімдер жүргізілуде.

«Осыны ескере отырып, ақпан-наурыз айларында біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен өңірлерге барып кеңестер өткіздік. Қалыптасып отырған су шаруашылығы жағдайы туралы хабардар еттік. Суды көп қажет ететін дақылдардың егістігін азайтуды ұсынып, су аз болған жағдайда вегетацияға дайындалдық», - дедi министр.

Экологиялық туризм

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыс атқаруда. Осыған байланысты, жұртшылықтың пікірін ескере отырып, мастер-жоспарлар әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, ұлттық парктер жанынан қоғамдық кеңестер құрылған. Соның ішінде, Алматы облысының 4 ірі ұлттық паркі бойынша инвесторлар анықталған.

- "Көлсай көлдері" МҰТП бойынша-"Атырау-Рент" ЖШС»;

- "Шарын" МҰТП бойынша - "QazaqGeography" РҚБ»;

- "Алтын Емел" МҰТП бойынша - "QazaqGeografy" РҚБ.

- "Іле-Алатау" МҰТП бойынша - "Туранга Групп"ЖШС.

Алматы өңірінің ұлттық парктері бойынша

-        11 заманауи визит-орталық

-        5 эко-қонақ үй,

-        28 глэмпинг,

-        8 кэмпинг

-        4 этно-ауылдар салу жоспарлануда. Бұл жалпы алғанда 31,5 млрд. теңге жеке инвестицияларды тартады.

Министрдің айтуынша, ұлттық саябақтардың демалу жүктемесінің нормаларын ескере отырып, күтілетін туристер ағыны 2 миллионнан астам адамды құрайды.

«Жануарларды қорғау туралы» заң жобасы

Министрдің айтуынша, браконьерлік фактілер тоқтамай тұр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті бірлесіп "киік" табиғатты қорғау акциясын іске қосқан. Оның шеңберінде алдын алу іс-шаралары жандандырылып, киіктер мен басқа да жабайы жануарларды браконьерлікпен айналысатын бірқатар қылмыстық топтардың қызметінің жолы кесілген.

«Біз Қазақстанның барлық аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға тыйым салуды 2023 жылға дейін ұзарттық. ҰҰА, бейнетіркегіштер мен бейнежетондарды ауыстыра отырып, Smart патрульдеу пилоттық жобасы іске қосылды» », - дедi министр.

Оның сөзінше, жануарларға деген варварлық қатынастың жиі кездесетін фактілерін жою мақсатында депутаттардың, жануарлар құқығын қорғаушылардың қолдауымен «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасында жануарларға деген жауапкершіліктің негізгі нормалары келтірілген. Сонымен бірге, жануарларға қатыгездік көрсеткені немесе қандай-да бір бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік ілеспе заңда көзделеді.

Балық шаруашылығын дамыту

Министр балақ шаруашылығы саласында да бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Үкімет деңгейінде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілген.

Оның айтуынша, стратегиялық сипаттағы жұмыстармен қатар, балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау бойынша жедел жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілген.

«Каспий итбалығының негізгі мекендеу ортасы Қазақстан мен Ресейдің аумақтық сулары аймағында орналасқанын ескере отырып, біздің ғалымдар өткен жылдан бастап бірлескен бес жылдық зерттеулерді бастады», - деп қоpытындылады министр.

Барлық жаңалықтар