• Басты
  • ҚР ДСМ: Ресурстар жеткілікті, біз жеңеміз
30 Маусым, 2020 13:10

ҚР ДСМ: Ресурстар жеткілікті, біз жеңеміз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күн сайын өсіп 30 маусымдағы жағдай бойынша 40 мыңға жуықтағанын жеткізді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте айтты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

ҚР ДСМ: Ресурстар жеткілікті, біз жеңеміз

Министр вирустың симптомды, симптомсыз тасымалдаушылары да бірдей қауіп төндіретінін, сондықтан жағдайды кешенді бағалап, жедел әрекет ету үшін жұқтырғандардың осы екі санатын ескерудің маңыздылығын атады. Сондай-ақ ол медицина қызметкерлері жұқтырылған пациенттермен тікелей байланыста болғандықтан өздері де ауру жұқтырып, кадр тапшылығын күшейтетінін алға тартты. Алайда, оның айтуынша ресурстар жеткілікті.

«Ресурстар жеткілікті, біз вирусты жеңеміз. Үкіметтік шаралардың жаңа пакеті жағдайды тұрақтандыратын боладыды», - деді министр А. Цой.

Дәрі-дәрмектердің алдын ала тапшылығы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты халық дәрі-дәрмектерді дәріханаларда жаппай сатып алып жатыр.

«Елімізде қажетті препараттардың жеткілікті саны өндіріледі. Дүрлігуді ескере келе, дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу ережелерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Қазақстандық өндірушілер ыстықты төмендететін препараттардың ірі партияларын жеткізді, «Ингавирин» (7 мың орам), «Тамифлю» (49 мың орам) препараттарын әкелді. Осы препараттар COVID-19 емдеуде амбулаторлық деңгейде қолданылмайтынын ескере отырып, COVID-19 емдеу хаттамасында нарықта қол жетімді дәрілік препараттарды таңдау кеңейтілді. Халыққа түсіндіру үшін амбулаториялық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым жаднамалар әзірленуде», - деді ҚР ДСМ.

Елімізде кедендік қоймаларда қажетті дәрі-дәрмектердің көтерме партиялары бойынша құжаттарды ресімдеу жүргізіліп жатқан көрінеді. Министр келесі аптада дәріханалардың сөрелеріне қажетті дәрілердің түсетінін айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды