• Басты
  • ҚР ДСМ клиникалық белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары туралы статистиканы жариялап отырмақ
6 Маусым, 2020 14:58

ҚР ДСМ клиникалық белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары туралы статистиканы жариялап отырмақ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар бойынша статистиканы жариялай бастайды. Бұл туралы министрлік Telegram парақшасында жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
ҚР ДСМ клиникалық белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары туралы статистиканы жариялап отырмақ
«Бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бойынша статистика жүргізіп келді. Аталған статистикада COVID-19 вирусын жұқтырған — ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ адамдар есепке алынды. Бүгіннен бастап барлық ресми дерек көздерінде коронавирус инфекциясы бойынша ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар бойынша статистика жеке-жеке жарияланады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар онда мұндай тәсілдің халықаралық тәжірибеде және көп елдерде қолданылып келетіні айтылған. Бұлай бөлудің мақсаты — симптоматикалық емдеуді қажет ететін науқастардың саны бойынша жағдайды көрсету.

«COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға елеулі эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60%-ға жуығы — бұл инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екенін атап өткен жөн. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушыларды бақылау жалғаса бермек», - деп жазды минстрлік.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды