- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды
Бүгін, 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен бірінші вице-министр Марат Шоранов КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.
Бұдан әрі министр журналистке берген сұхбатында Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың доза көлемінде шығарылғанын және қазірдің өзінде өңірлер бойынша таратылып жатқанын хабарлады.
«Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін - әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл - үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алексей Цой вакцинациядан кейін.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандықтың вакцинацияланғанын, сондықтан қарқын жақсы жүріп жатқанын, біздің міндетіміз - мүмкіндік беру, одан әрі біздің азаматтар вакцинацияның оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін өздері түсінетінін атап өтті.
Вакцинациядан кейін Бірінші Денсаулық сақтау вице-министрі медициналық бақылауда 30 минут өткізді.
«Бүгіннен бастап қазақстандық вакцина біздің азаматтар үшін қолжетімді. 50 мың дозадан тұратын бірінші партиясы өңірлерге жөнелтілді. Өздеріңіз білетіндей, бұрын менің әріптестерім Ажар Гиният пен Ерлан Қиясов Спутник V вакцинасымен бірінші болып егілді, бүгін біз денсаулық сақтау министрі Алексей Владимировичпен бірге азаматтарға препараттың қауіпсіз екенін көрсету үшін отандық өндірістің вакцинасын алдық», - деп атап өтті М.Шоранов.
Бірінші вице-министр сонымен қатар жанама әсерлерді сезінбейтініне, өзін жақсы сезінетініне сендірді.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.
Министрдің вакцинациялау рәсімі тікелей эфирде ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған