• Басты
  • ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды

ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды

8 Ақпан, 2021 13:03

Бүгiн елордадағы Орталық коммуникациялар қызметiнде Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен медицина мамандары ел астанасындағы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның қалай өтiп жатқанын және екпе туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Еске салайық, елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялау науқаны 2021 жылдың 1 ақпанынан бастау алды.

Елордада вакцинаның 1500-ден астам дозасы бар

Нұр-Сұлтан қаласы әкiмдiгiнiң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың мәліметінше, 1-8 ақпан аралығында елордада 916 медицина қызметкерi вакцинациядан өтуi тиiс болған, оның 719-ы вакцина салдырған. Бұл -78,5%. Оның сөзіне сенсек, алғаш болып қауiптi аймақта тұрған инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, МСАК, көп бейiндi стационарлардың қабылдау бөлмелерiндегi мамандар екпе салдырған.

«8 ақпандағы жағдай бойынша басқарма қоймасында КВИ вакцинасының 1 531 дозасы бар», - Тимур Мұратов.

Жалпы алғанда, оның дерегінше, елордадағы 36 МСАК ұйымында 36 егу кабинетi жұмыс iстейдi, онда COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргiзу жоспарлануда.

«Егу пункттерi қажеттi заттармен қамтамасыз етiлген және санитарлық талаптарға сәйкес келедi. 36 жылжымалы бригада, COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргiзуге және қалдықтарды кәдеге жаратуға жауапты адамдар анықталды», - деді басқарма басшысы.

МСАК ұйымдарында 80-нен астам фильтр кабинетi бар. Емханаға кiре берiсте мiндеттi түрде байланыссыз термометрия жүргiзiледi, пациенттерге санитайзермен қол сүрту және маска кию мiндеттелген, респираторлық инфекцияларға эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде COVID-19 ауруын симптомдарына сауалнама жүргiзiледi.

Сонымен қатар, басқарма қоймасындағы диапазоны - 18-25°С көлемi 360 литр 4 тоңазытқыш бар. МСАК ұйымдарында мұздатқыш камералары бар (-18°С) – 20 дана, 2021 жылғы 19 қаңтарда қосымша 22 мұздатқыш камерасы жеткiзiледi деп күтiлуде, сондай-ақ термоконтейнерлердiң 82 бiрлiгi бар.

Оның айтуынша, басқарма СЭБД-пен бiрлесiп егу кабинеттерiнiң вакцинацияға дайындығы мен екпенiң салыну барысын бақылайды және тоңазытқышта сақталуына мониторинг жүргiзедi.

"Вакцина салдырған азаматтар арасында вакцинаға ешқандай қауіпті реакциялар кездескен жоқ"

Бұдан бөлек, UMC клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшiсi, «АМУ» КЕАҚ нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсы iшкi аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель жақында шыққан материалда «Спутник V» вакцинасы Ұлыбританияда жаңа штамға протективтi әсер еткенi жарияланғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ұлыбританияда, Испанияда жүргiзiлген ғылыми зерттеулер вирустың әртүрлi штамы, соның iшiнде қарапайым суық короновирус арасында кросс-реактивтiлiктiң бар екенiн көрсеттi, олар зертханалық зерттеулер бойынша COVID-19 бар халықтың 20-50% және Т-жасушалық жадта 19% көрсеткен.

«Мұның бәрi адамның ауру көрiнiстерiнiң гетерогендiлiгiн түсiндiредi және «Спутник V» короновирус басқа штамдарынан қорғану қабiлетiн ғылыми дәлелдейдi», - деді ол.
Сонымен бірге, Елена Ковзельдің сөзінше, бүгінге дейін вакцина салдырған азаматтар арасында вакцинаға ешқандай қауіпті реакциялар кездеспеген.
«Тек жергілікті реакциялар ғана. Бұл нұсқаулыққа сәйкес келеді. Вакцина тауық эмбриондарында өсірілген жоқ, сондықтан ол ешқандай аллергиялық реакциялар бере алмайды», - деді ол.

Сондай-ақ, ол халықаралық мәліметтер бойынша барлық коронавирустың, соның ішінде қарапайым суықтың коронавирустары арасында қиылысу реакциялар бар. Оның айтуынша, вакцинаның басқа да коронавирустық штамдардан қорғай алатын мүмкіндігі бар. 

Отандық вакцинаның ерекшеліктері

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев отандық вакцинаны сынақтан өткізу, оған қанша адам қатысқаны, сонымен бірге жанама әсерлеріне тоқталып өтті.

«QazCovid-In вакцинасын зерттеу бір жылға жуық уақыт бойына жүргізілді. Клиникалық зерттеулер қыркүйек айында басталған болатын. Бастапқыда 44 ерікті қатысты. Бірінші кезең вакцинаның қауіпсіздігі зерттелді. Нәтижесінде 180 күн бойы бақылау кезінде жағымсыз әсерлер байқалмады. Осылайша, вакцина салыстырмалы түрде қауіпсіз екені анықталды», - деді ол.

Орталық сарапшысының амәліметінше, екінші кезеңде клиникалық тиімділікке зерттеу жүргізіліп, оған 200 адам қатысқан. Ал, үшінші кезеңде 3000 еріктіге вакцина егілген. Сонымен қоса, отандық вакцинаға қатысты толық мәлімет жақында шығады. Оның айтуынша, сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес 31 желтоқсанда QazCovid-In вакцинасы уақытша тіркеу куәлігін алған.

«QazCovid-In инактивацияланған вакцина болып табылады, және оны антиденелер түзетін ақуыздан тұратын суббірліктен тұрады. Ол осымен ресейлік вакцинадан ерекшеленеді. Бұл вакциналарды тікелей салыстыру дұрыс емес. Зерттеудің 3-кезеңіндегі барлық мәліметтер қолжетімді болған кезде салыстыруғаболады. Сонда артықшылықтары немесе кемшіліктері туралы айтуға болады», - деп атап өтті Александр Гуляев.

Сондай-ақ, профессор қазіргі жағдайға байланысты әлемдегі барлық вакцина бойынша зерттеулер толық жүргізілмегенін, алайда бұл мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтамады дегенді білдірмейтінін айтты. Оның пікірінше, кез келген вакцинаны бағалау көптеген елдерде дәл осылай жасалады, мәселен, Жапонияда, АҚШ-та, Еуропада және Қазақстанда қауіпсіздік пен тиімділікті бағалау бірдей.  

«Вакцинаны бағалау өте ұзақ процесс, оны жасауға арналған орынды ғана емес, сонымен қатар құжаттама мен зерттеу есептерін бағалау сияқты басқа да факторларды қамтиды», - деді ол.

Осылайша, Александр Гуляевтың айтуынша, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін біздің елдегі дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы және басқа елдердегі тиісті ұйымдар.

«Енді нәтижелерді бақылау кезеңі басталады. Ол әрдайым бар. Вакциналарды қолдану кезінде жағымсыз әсерлер қандай болады, содан кейін біз бұл туралы не білеміз, өйткені бұл ашық процесс. Бірақ бүгінгі күнге дейін Ұлттық сараптама орталығына вакцинациялауды бастағалы бері вакцинаның жағымсыз әсерлері жөнінде ешқандай хабар келген жоқ», - деп түйіндеді медицина ғылымының докторы. 

Мамандардың пайымынша, коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейiн иммунитеттiң қанша уақыт сақталатыны уақыт еншiсiнде. Ғылыми негiздегi зерттеулер оның тұмау вирусымен ұқсастығын көрсетедi. Әзiрге клиникалық зерттеулер аясында вакцинацияланған адамдардың иммунитетiн ғана мысал ретiнде қарауға болады. Аурудан кейiн антидене деңгейi бiртiндеп төмендейтiнiн және кейбiр жеңiл түрде ауырған науқастарда мүлдем анықталмайтындығын ескере отырып, вакцинацияны қайталау керек. Тиiсiнше, жазылып шыққандарға да екпе салу қажет.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцина пациент екпе туралы толық ақпарат алған соң, ерiктi түрде келiсiмiмен салынады.

Барлық жаңалықтар