• Басты
  • ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары

ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары

29 Қаңтар, 2021 16:45

Бәрімізге белгілі, 2021 жылдың ақпанынан бастап Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарланған. Оның басты мақсаты - эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын қамтамасыз етіп, пандемияға қарсы іс-қимыл жүргізу және республика тұрғындарын КВИ-ден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау. Осы орайда, отандық және ресейлік вакцинаның жанама әсерлері, вакцина салдырудың маңыздылығы жөнінде мамандардың пікірін білген едік. Денсаулық сақтау саласының сарапшылары вакцинадан кейін болуы мүмкін жанама әсерлер, вакцинаның әлемнің қай мемлекеттерінде қолданылғаны, сонымен бірге өз тәжірибелерімен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

ҚР ДСМ СЭБК вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаеваның айтуынша, вакцинациялауға қаржыландыру болжам бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен болмақ. Осылайша, халыққа арналған екпе тегін салынады. Бүгінде медицина мекемелерінде ақылы вакцина жоқ.

Вакцинация қайда жүргізіледі

Вакцинация қорғаныс министрлігінің қолданыстағы вакцинация бекеттерінде, арнайы контингентті вакцинациялау - тиісті департаменттің кезекші пунктінде жүргізіледі.

Басқарма басшысының айтуынша, вакцинаның сапасын сақтау мақсатында аймақтарда вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу шаралары жүргізілуде.

Вакциналар тізбегі 4 кезеңнен тұрады:

I кезең – өндірушіден Бiрыңғай дистрибьютор қоймаларына дейiн, мұнда «салқын тiзбек» принципiн сақтауға вакцинаны өндірушi/жеткізушi жауапты болады

II кезең – БД қоймаларынан денсаулық сақтау басқармаларының (ДСБ) дәрiхана қоймаларына дейін, мұнда «салқын тізбек» принципін сақтауға Бiрыңғай дистрибьютор жауапты болады

III кезең – өңiрлердің денсаулық сақтау басқармаларынан аудандар мен қалалардың медициналық ұйымдарына дейiн, мұнда «салқын тiзбек» принципiн сақтауға өңірлердiң денсаулық сақтау басқармалары жауапты болады

IV кезең – медициналық ұйымдарда сақтау

Қазақстанда қандай вакциналар қолданылады

- Н.А.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Вакцина «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V)» (Ресей) қолданылады. Бұл вакцинаның өндірісі Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде жүргізілмек (Қазақстан).

- QazCovid-in вакцинасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты әзірледі. Шамамен 2021 жылғы 2-тоқсанынан бастап қолжетімді болмақ. Вакцина клиникалық сынақтың 3-кезеңінде.

Вакцинаның қандай жанама әсерлері болуы мүмкін

Нұршай Әзімбаеваның дерегінше, вакцинациядан кейінгі алғашқы 3 күнде вакцина ағзада дамиды, және келесі 3 күн ішінде белгілі болады

Жалпы жанама әсерлер:

-        тұмауға ұқсас қысқа мерзімді синдром

-        қалтырау

-        қызу көтерілу

-        артралгия

-        миалгия

-        астения

-        жалпы әлсіздік

-        бас ауруы

-        шаршағыштық;

Сонымен қоса, басқарма басшысы тұрғылықты жеріне байланысты болуы мүмкін жанама әсерлерге тоқталды. Олардың қатарында ине салынған орынның ауруы, гиперемия, ісіну.

Сонымен қоса, жүрек айну, диспепсия, тәбеттің төмендеуі, кейде аймақтық лимфа түйіндерінің жоғарылауы да сирек байқалады. Бұдан бөлек, аллергиялық реакциялардың, невралгиялардың және жүйке ауруларының дамуы да кездесуі мүмкін. Бұл көріністердің барлығы организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты екенін баса айтты.

QazCovid-in вакцинасының жанама әсерлері

Бұдан бөлек, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья отандық QazCovid-in вакцинасын еккеннен кейінгі жанама әсерлеріне тоқталып өтті. Оның сөзінше, гиперемия белгiлерi, шамалы қан қысымның көтерiлуi, вакцина енгiзiлген жерде қышудың болуы ағзаның енгiзiлген препаратқа табиғи иммунологиялық реакциясы.

«Мұндай белгiлер клиникалық зерттеулер хаттамасында вакцинацияланған ағзаның иммундық жүйесi тарапынан енгiзiлген вакцинаға жауап ретiнде көрiнетiн және жағымсыз құбылыстар болып табылмайтын рұқсат етiлген құбылыстар ретiнде қарастырылған. Көрсетiлген жергiлiктi реакциялар егiлгендердiң 10-20% - ынан байқалуы мүмкiн. Вакцина белсендi емес вирус пен зиянсыз адъювантқа негiзделген, сондықтан вакцина препараттарының басқа түрлерiмен салыстырғанда препарат қауiпсiз болып табылады. Вакцинаны алған азаматтар өздерiн жақсы сезiнедi, бүгiнде жанама әсерлер байқалмады», - дедi ол.

Сонымен бiрге, Нұршай Әзiмбаева отандық вакцинаның қай кезеңде тұрғанын, бұған дейiн қанша ерiктi қатысқаны жөнiнде айтып бердi. Оның мәлiметiне сүйенсек, 18 жастан 50 жасқа дейiнгi 44 ерiктi клиникалық зерттеулердiң I кезеңi, сонымен бiрге, 18 жастан асқан 200 ерiктiге клиникалық зерттеулердiң II кезеңi жүзеге асырылған. 

«Қазiргi уақытта биологиялық қауiпсiздiк проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзiрлеген белсендiлiгi жойылған QazCovid-in COVID-19-ға қарсы клиникалық зерттеулердiң III кезеңiнен өтiп жатыр. Зерттеулерге 3000 адам қатысады», - дедi мекеме басшысы.  

Сондай-ақ, клиника базаларының аралық есептерiнен 18-ден 50 жасқа дейiнгi ерiктiлердi екi рет иммундау кезiнде отандық QazCovid-in вакцинасының коронавирусқа қарсы реактогендiгiн, қауiпсiздiгi мен иммуногендiгiн зерттеу вакцинаның төзiмдiлiгi, реактогендiгi мен қауiпсiздiгi, сондай-ақ SARS-CoV-2 вирусына қатысты вакцинаның жеткiлiктi иммуногендiк белсендiлiгi анықталған. 

«Деректердi талдамалық өңдеу QazCovid-in вакцинасы екi рет енгiзгеннен кейiн SARS-CoV-2 вирусына қарсы гуморальдi және жасушалық иммундық жауапты қалыптастыратынын көрсеттi. IgG коронавирус инфекциясына қарсы әсердi дамытады. Нәтижесiнде QazCovid-in-дi COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жасушалық иммунитет деңгейiнiң сенiмдi артуын қамтамасыз етедi және бейтараптандыратын антиденелердiң қалыптасуын қамтамасыз етедi», - дедi ол.

Сонымен қоса, Республикалық диагностика орталығының клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д. Елена Ковзель отандастырымыз вакцина алғаннан кейін еркін жүріп-тұра ала ма деген сауалға жауап берді. Оның айтуынша, еркін жүріп-тұра алады, алайда профилактикалық шараларды ұмытпауы тиіс.

«Жалпы вирусқа қарсы профилактикалық шараларды ұстанған жөн. Өйткенi, қазiр бiздi тек коронавирус қана емес, тұмау, парагрипп секiлдi вирустар да алаңдатады. Ал, COVID-19 туралы айтар болсақ, вирустың ағзаға қандай деңгейде тарағанына байланысты. Қазiргi вакцинаның антителасы 2 жылға дейiн сақталатын айтылған. Дегенмен, бiр рет вакцина салдырған адамның өмiр бойына вирустан қорғанып жүруi мүмкiн емес», - дедi бөлiм меңгерушiсi.

Бұдан бөлек, Нұршай Әзімбаева шет мемлекеттердің қандай вакциналарды қолданып жатқандығына тоқталды. 

Әлемде қай мемлекеттер қандай вакцина қолданады

-        Канадада, АҚШ-та, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда Moderna компаниясының (АҚШ) вакцинасы қолданылады.

-        Еуропалық Одақ елдері, Аргентина, Мексика, Сауд Арабиясы, Канада, Бахрейн, сондай-ақ АҚШ-та BioNTech / Pfizer қолданылады.

-        Ұлыбритания, Үндістан, Аргентина Oxford Biomedica-AstraZeneca вакцинасын қолданады

-        Беларуссия, Боливия, Аргентина, Алжир, Сербияда «Sputnik V» қолданады

-        Қытай мен БАӘ негізінен қытай вакциналарының 4 түрін қолданады

Оның мәліметінше, бүгінде ресейлік «Спутник В» вакцинасы 1 миллионға жуық адамға салынған.

2021 жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша КВИ-ге қарсы 46 миллион 890 мың доза вакцина қолданылды, оның ішінде:

АҚШ-та - 15,7 миллион доза

Қытайда - 15 миллионнан астам доза

Ұлыбританияда 5 миллион доза

Израильде - шамамен 3 миллион доза

БАӘ - 2,1 млн доза

Бүгінде осы 5 мемлекет енгізілген вакцина дозасы бойынша рейтингте көш бастап тұр.

«Германия, Италия, Түркия, Испания және Ресей - шамамен 1 миллион доза қолданылған. Жалпы алғанда, бүкіл әлемде COVID-19-ға қарсы вакцинация саясаты белгілі бір халықтың тобының пандемияға ұшырау қаупі деңгейіне негізделген», - деді Нұршай Әзімбаева.

Вакцинаның маңызы

Сонымен бірге, Нұршай Әзімбаева вакцинаның маңызына тоқталып өтті. Оның айтуынша, вакцинация - әлемдегі түрлі аурулардың таралуын алдын алудағы ең қуатты құралдардың бірі.

«Вакцинация сау адамдарға жасалатындықтан, тұрғындар енгізіліп жатқан дәрілердің қауіпсіздігіне алаңдайды. Бұл вакцинациямен алдын алуға болатын инфекциялардың апатты салдары қазіргі уақытта байқалмайтындығынан, тиісінше, қоғамның назары жанама әсерлерге бағытталған. Бұл факт қоғамның вакцинацияның қаупі мен пайдасын қалай байланыстыратынына тікелей әсер етеді», - деді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар