• Басты
  • Р.Дәленов: Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
9 Маусым, 2020 10:14

Р.Дәленов: Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

Экономикалық белсенділікті одан әрі қалпына келтіру мақсатында 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар бойынша өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Бұл туралы 2020 жылдың қаңтар-мамырдың қортындысы бойынша еллдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Р.Дәленов: Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
"Жалпы ішкі өнім 1,7 пайызға төмендеді. Тауарлар өндірісі 4,8 пайызға өсті, ал көрстетілетін қызметтер 6,2 пайызға қасықарды. Жылдық инфляция 6,7 пайызды құрады, бұл өткен айдың деңгейінен төмен. Өндірістік секторда өсу жалғасын тауып отыр. Қызмет көрсету секторы мамыр айынан бастап қалпына келуде. Сауда бағасының сальдосы жоғары өсімді көрсетті. Өндірістік сектор бойынша құрылыста 5,9 пайызға, кен ндіруде 5,2 пайызға, өңдеу өеркәсібінде 4,9 пайызға және ауыл шаруашылығында 2,2 пайызға өсу байқалады. Сонымен қатар қызмет көрсету секторында көлік қызметінің көлемінде - 14,1 пайыз, саудада - 12,3 пайыз, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 4,8 пайыз және әкімшілік қызметтерді көрсетуде 3,8 пайыздық төмендеу байқалып отыр. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-мамырда 9,2 пайызға артты", - деді министр үкімет отырысында. 

Сонымен қоса Руслан Дәленов шектеулік карантин шаралараының жеңілдеуі аясында мамырдан бастап қызмет көрсету секторы жекелеген салалардың қалпына келуі байқалатынын атап өтті.

"Атап айтқанда, сауда 28,3 пайызға, оның ішінде бөлшек сауда – 34,2 пайызға, көтерме сауда – 26,1 пайызға өсті. Көлік қызметтері – 20,7 пайызға, оның ішінде жолаушылар айналымы – 41,5 пайызға, жүк айналымы – 5,7 пайызға артты. Ал тамақтану бойынша қызметтер 10,8 пайызға өсті. Осылайша, мамырда қызметтер саласында өсімнің серпінді қалпына келуі тіркелді", - деді министр.

Бұдан бөлек Ұлттық экономика министрі экономикалық белсенділікті одан әрі қалпына келтіру мақсатында 20 мамырда 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданғанын айтып өтті.

 "Кешенді жоспар қолданбалы сипаттағы нақты шараларды қамтиды. Бұл - өнеркәсіпті дамыту қорын құру, өңдеуші кәсіпорындарға 3 пайыз жеңілдетілген мөлшермен несие беру көзделіп отыр. Ұлттық банк бағдарламасы мен Бизнестің жол картасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қызмет түрлері кеңейтілуде. Несие алу рәсімдері жеңілдетіледі, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасында бизнес үшін микрокредиттерді субсидиялауды қарастыратын жаңа микрокредиттеу бағыты іске қосылады", - деді ол.


Министрдің айтуынша, бұл шаралардың барлығы сыртқы сын-қатерлердің теріс салдарын азайтуға бағытталған.

"Кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді. Осылайша, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал ететін болады. Жалпы, кешенді жоспарды жүзеге асыруға бүгінгі күні 49 заңнамалық актіге түзетулер енгізу жоспарлануда. Бұл 11 кодекс пен 38 Заң", - деді министр.


Сонымен бірге министр қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 28,2 млрд долларды құрағанын атап өтті. 

"Экспорт 18,4 млрд долларды, импорт 9,8 млрд долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,0 пайызға ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісі 4,8%-ке ұлғайды. Өсу өңірлердің көбінде байқалады. Ең жоғары өсуді Атырау (14,1%-ке) және Қостанай (11,2%-ке) облыстары көрсетті. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-11,1%), Ақтөбе (-1,7%), Маңғыстау (-1,6%) облыстары және Шымкент қаласы (-3,9%)", - деді Руслан Дәленов.


Ал оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсуде. 

"Өсу 4,9%-ті құрады. Фармацевтика (21,2%-ке), машина жасау (өсу 18,5%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (12,3%-ке) және жеңіл өнеркәсіп (10,8%-ке) өсудің жоғары қарқынын көрсетті. Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай (21,1%-ке), Түркістан (16,3%-ке), Қызылорда (13,4%-ке) және Атырау (12,1%-ке) облыстарында байқалады. Инвестициялар бойынша 15 өңір өсу көрсетті. Түркістан облысында инвестиция 2 есеге жуық, Ақмола облысында – үштен бірге өсті. Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 0,1%-ті құрады", - деді министр.


Бұдан бөлек Руслан Дәленов құрылыс жұмыстарының көрсеткіші артқан өңірлерді атады. 

"Құрылыс 5,9%-ке ұлғайды. 15 өңірде өсу байқалады. Құрылыс жұмыстарының ең жоғары өсуі Түркістан (31,2%-ке) және Қарағанды облыстарында (24,9%-ке) тіркелді. Құрылыстағы өсу отандық құрылыс материалдары өндірісіне оң әсер етті. Оларды өндіру 12,3%-ке ұлғайды", - деді министр.


Сонымен қоса министр қаржыландыру мен кредиттеу жөніндегі жаңа шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қандай аспектілерге назар аударуы қажеттігін айтып өтті. 

"2020 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды уақытылы және тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру, "Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» және Шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, жаңа экономикалық жағдай кезінде инвестициялық жобалардың өзектендірілген пулы шеңберінде инвестициялар тартуға жаңа тәсілдерді қолдану, көрсетілетін қызметтер саласындағы серпінді өсуді қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау", - деп түйіндеді министр.

Барлық жаңалықтар